Триз технологиясын пайдалана отырып балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиеші: Рысбаева Фариза Аманкосовна Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта» Білім беру бөлімі: Айнала қоршаған орта Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Сабақтың мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптасыру. Қысқы табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету. 2.Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамытып байланыстырып сөйлеуге үйрету. 3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелеген суреттер, жасыл шырша, ойыншық қоңжық, аудио-жазба (боранның дыбысы) Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. А. Сәлемдесу Ә. Жылы лебіздер білдіру: - Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы! - Балалар, менің қолымдағы ойыншық қалай аталады (жүрек)? Әрқайсымыздың осындай жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамың жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейекші. Балалар, алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады. - Балалар, осы жүректі бір-бірімізге сыйлай отырып тілек айтайық. - Мен саған жақсылық тілеймін. - Мен саған қуаныш тілеймін. - Әдемі қыз бол - Достарың көп болсын - Батыр бол - Әрқашанда күліп жүр Ғажайып сәт. Енді балалар барлығымыз бір сәт көзімізді жұмайықшы (Боранның дыбысы естіледі) - Ненің дыбысын естіп тұрсыңдар? - Боран, жел, суық - Бұл қай кезде болады? - Қыста - Енді міне қар жауып тұр жапалақтап, айнала аппақ қар 2.Негізгі кезең. (Шырша әуені шығады,шеңбердің шетінде шырша тұрады) -Балалар, мынау не? - Шырша
Ой балалар қарандар шыршаның астында қоңжық жатыр, үсті су болып жаурап қалыпты.
Қоңжыққа көмек береміз ба?
Қалай көмектесеміз? (ыстық шай берейік, үстін сүртейік, орамалмен орайық)
Қоңжықты сүртіп, орап отырғызу - Балалар шыршаны қай кезде әсемдейміз?(сурет арқылы сұрақ-жауап) - Жаңа жыл. -Жаңа жыл қай кезде болады? -Қыста. -Қыста қандай өзгерістер болады, сендер не істейсіңдер? - Күн суық болады, су қатып мұз болады, айнала аппақ қар, ойнаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз, Аяз атаны күтеміз
- Шыршамыз неге көңілсіз, оған не жетіспейді? - Оны әсемдеу керек. Ал шыршаны немен әсемдейміз?(балалардың пікірлерін тыңдау)
Осы кезде қоңжық оянады.
Ой балалар көп рахмет сендерге! Сендердің арқаларында үстімді кептіріп, жылынып, демалып алдым.
Меніңде сендерге арналған сыйлығым бар. Қабыл алындар! (Қораптын ішінде шырша сәндейтің ойыншықтар мен жылтырақтар)
Рахмет саған қоңжыық! Сен бізге өте қатты көмектестің! Енді осы ойыншықтармен шыршамызды әшекейлейік.
Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Шыршамыздай жайқалып. Табиғатты сүйеміз, Денемізді тік ұстап Билеп, билеп аламыз. 3. Қорытынды:
Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Ал сабағымыз несімен ұнады сендерге?
Ал қыс мезгілі жақсы мекен?
Қыс қандай болады екен?
Балалар, енді барлығымыз әсемделген, әдемі шыршамызға шеңберге тұрып «Шырша» әнін айтайық. Рахмет сендерге, балалар.