Іздену-ұйымдастырушылық Қорытынды коррекциялаушы | Шаттық шеңбері Бір дегенім – бесік, Екі дегенім – етік Үш дегенім – үміт, Төрт дегенім – төзім. — Қазір жылдың қай мезгілі? — Қыста ауа райы қандай болады? — Қыс айларын атаңдаршы. Тақтаға үш күлтелі гүл ілінеді. Балалар күлтелерді дұрыс күтпеген екен кәне әдемі етіп құрастырып көрейік. Күлтелерді бірлесіп санап көрейік. Соңғысы жаңа сан екеніне назар аударып, таңбамен таныстыру. Ол қалай пайда болды? Жұмбақ жасыру «Аяғы жоқ төртеу жүре алмайды, не жатып бір дем алмайды» Ол не? (орындық) Енді осы орындықты төңкеріп қояйық неге ұқсайды? Тақтаға 4 ке бөлінген төртбұрыш ілінеді. Дидақтикалық ойын: «Қай мезгіл?» Мақсаты: бала суреттен қай мезгіл екенін анықтап, оны сәйкес төртбұрышқа қою керек. Дәптермен жұмыс 4 санын үзік сызықтармен қолдарын жаттықтырып жазып шығу. 1 тапсырма: дөңгелектердің арасын әдемі моншақтар шығу ішін сызықшалармен қосу. Моншақтарды түсіне сай бояу. 2 тапсырма: Парта үстінде жатқан пішіндерді аударыңдар. Осы сандарды төртке дейін өсу ретімен жазып шығыңыздар. 3 тапсырма: Бір ағаштың артында екі түлкі, екі қоянның аяғы көрінді. Айтыңдаршы балалар неше аң бар? Ағаш басында бір торғай отыр еді, оған тағы үш торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды?Төрт мысықта неше құйрық болады? – Балалар мына суреттегілерді атайықшы. - Бұл суреттерде не артық? — Балалар біз бүгін неше санымен таныстық? — Жарайсыңдар балалар барлық тапсырмаларды дұрыс тауып, дұрыс орындадыңдар. Соңында жақсы қатысқан балаларды марапаттау. | Балалар шеңберге тұрып, санамақты қайталайды. Жыл мезгілдері туралы білгендерін айтады, қыс айларын атайды. Тақтаға ілінген күлтелерді әдемілейді, түртінші күлтені көреді. Жұмбақты ойланып, орындық деп шешеді. Орындықты төңкеріп, төрт санына ұқсайтынын айтады. Қай жыл мезгілі екенін анықтап, сәйкес төртбұрыштарды орналастырады. Үзік сызықтар жүргізу арқылы төрт санын жазады. Моншақьтарды әдемілеп бояйды. Тапсырманы орындау үшін пішіндерді аударып, сандарды рет – ретімен орналастырады. Логикалық сұрақтарға ойланып, жауап береді. Балалар артық затты табады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Жақсы қатысқан балалар марапатталады. |