Іздену – ұйымдастырушы Рефлексті коррекция лаушы | Дымбілмес келіп балалармен сәлемдеседі. -Сәлеметсіңдерме балалар? Мен қайда тап болдым?Сендер кімсіңдер? Тәрбиеші: Сен өзің кімсің? -Мен Дымбілмеспін.Суреттер тауып алған едім.Бірақ ол ненің суреті екенін білмеймін.Маған көмектесіңдерші? Тәрбиеші:Балалар,Дымбілмеске көмектесейік пе?Ендеше кім көмектескісі келеді? -Балалар сендер Дымбілмес тауып алған суреттер туралы айтып бердіңдер.Осы төрт түлік малдың төлдерін білесіңдер ме? -Дымбілмес: Рахмет балалар, маған көп нәрсені үйреттіңдер. Тәрбиеші: Балалар сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді?Балалар,малдар да өз төлдерін еркелетеді екен. Қане, кім ол жайында тақпақ біледі? Сергіту сәті: Солға,солға түзу тұр, Оңға,оңға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. -Балалар төрт түлік мал туралы жұмбақ білесіңдер ме? Дидактикалық ойын: «Малдың төлін тап». Тәрбиеші: Балалар енді «Төлдер айтысы» ертегісін тыңдайық. Бір жерге жиналған лақ,құлын,бұзау, қошақан,бота біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді деп бір-бірінен сұрасты. Бірінші лақ бастап: -Мә-ә-ә! Әрине иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп,түбітімізді киімге пайдаланады,-депті. Қошақан тұрып: -Ме-ме! Ал біз ше!? Адаиға біздің етіміз өте ұнайды!Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер,бас киім,қолғап,шұлық тоқып,көрпе жасайды.Иеміз бізді жақсы көреді,бізден пайдалысы жоқ!-дейді. Осы кезде бұзау: -Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар,адам тіршілігіне ең қолайлысы сиыр малы.Бізден шелек-шелек сүт,қарын-қарын май,ірімшік алады, етімізді жейді.Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ!-депті. Сонда құлын бір кісінеп алады да: -Орынсыз мақтанбаңдар!Иеміз біздің етімізден қазы-қарта,шұжық жасайды, қымыз алады.Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді. Үндемей монтиып тұрған бота: -Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді!Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған ешнәрсе жетпейді,-дейді. Осы кезде адам: - Төлдерім, босқа таласпаңдар!Сендердің әрқайсыларыңның өз орындарың бар!Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар,керексіңдер! – деді. Тәрбиеші: Ертегі сендерге ұнады ма? -Төлдер бір-бірімен неге айтысты? -Малдардың адамдарға пайдасы көп пе? «Төлдер» әні. Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан және сұрақтарға толық жауап берген балаларды мақтап, марапаттайды. | Балалар таң қалып қарайды. -Сәлеметсің бе? Балалар суреттегі қой,ешкі,сиыр,жылқы, түйені көрсетіп,олардың ерекшелігі мен пайдасы жайында айтады. Сәтқали: Мәә-мәә деген әні бар, Жібек тоны сәні бар. Қошақаным момақан, Сүйкімді бір жануар. Мадина: Бө-бө деген әні бар, Енесін тез сағынар. Жібек жүнді ботақан, Мөлдір көзді жануар. Анелия: Мө-мө деген әні бар, Үй маңынан табылар. Мөңірегіш бұзауым, Маған үйір жануар. -Қошақаным, ботақаным,құлыншағым деп еркелетеді. Айгерім: Қой сүйеді баласын қоңырым деп, Ештеңені білмейтін момыным деп. Нұрлыбек:Сиыр сүйеді баласын торпағым деп, Қараңғыға баспаған қорқағым деп. Нұртас:Түйе сүйеді баласын тайлағым деп, Жабу жапса жарасқан жайлағым деп. Ерасыл:Ешкі сүйеді баласын лағым деп, Тастан тасқа секірген шұнағым деп. Аяулым:Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп, Жүгіруден тарасын құмарың деп. Балалар қимыл-қозғалыстар арқылы тақпақты айтты. Нұрсұлу: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Айдана:Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар.(Түйе) Жарас:Төрт бұлағы сүт, Баққанға ол құт. (Сиыр) Омар:Өзі сұлу, өзі жүйрік, Жарысады желменен.(Жылқы) Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар ертегіні тыңдайды. - Иә. -Өздерінің адамдарға тигізер пайдалары көп екенін айтты. -Олардың сүттерін ішеміз. Етін жейміз. Олардың бізге пайдасы көп. Балалар ән айтады. Балалар сабақтың қызықты өткенін айтады. Өз ойларын бөліседі. |