Мотивациялық - қозғаушылық | Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күніміз сәтті болсын! І. Сәлемдесу (оқу сағатына дайындық) Сәлем 3 ! Жарқырасын әлем! Сәлем 3 ! Берем иіліп сәлем. ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1) Үшке дейін санау (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) 2) «Текшелер адасып кетті» ойыны (сандарды ретімен қою) 3) Сұрақ-жауап «Чего бывает ...?» | Балалар «Сәлем» сергіту сәтін педагогпен бірге орындайды. Балалар үшке дейін санауды хормен қайталайды. Балалар адасып кеткен текшелерді ретімен қояды. Сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | ІІІ. (Есікті біреу қағады) Полиция қызметкері кіріп, балалармен амандасады. Полиция қызметкері: - Естідім, бағдаршамның түстерін біледі екенсіңдер. Педагог: - Бағдаршамның әр көзі не білдіретінін де білеміз. Балалар: - красный стоять Педагог: - қызыл тоқта! Полиция қызметкері: - Сары түс не білдіреді? Балалар: - приготовиться! Педагог: - дұрыс дайындал (балалар қайталайды) Полиция қызметкері: - Ал, жасыл түс не білдіреді? Балалар: - иди! Педагог: - дұрыс, жүр (балалар қайталайды) Педагог: - көрдің бе, біздің балалар қаншалықты көп нәрсе біледі. Қолыңдағы не? Полиция қызметкері: - Білмеймін. Келе жатып, балабақшаның жанынан тауып алдым. Ішін ашып қараған жоқпын. Педагог: - Қане, көрейік. Балалар, конвертті ашып көрейік пе? - Балалар, қараңдаршы! Қандай керемет! Кім біледі, мынау қандай сан? Неге ұқсайды? Сұрақ-жауап «Чего бывает ...?» - Жарайсыңдар, балалар! «4» соңынан оқушылардың жақсы көретін бағасы... Қандай деп ойлайсыңдар? «5» - Ал енді, балалар, санайық. Бір екі, үш, төрт, бес. Полиция қызметкері: - Жарайсыңдар, балалар! Ал мен жұмысымнан қалмайын. Сау болыңдар! Педагог: - Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар. Шаршасаңдар, мынадай қызық ойын ойнайық «Ойланып сана» Педагог: - жарайсыңдар, балалар! | Балалар амандасады. Балалар бағдаршамның түстері не білдіретінін айтады. Балалар «Иә» деп жауап береді. Балалар «орындықтың 4 аяғы, аңның 4 аяғы, мәшинаның 4 доңғалағы...» - деп жауап береді. Балалар «5» - деп жауап береді. Балалар хормен санайды. Балалар полиция қызметкерімен қоштасады. (педагог балаларды екі топқа бөліп, ойынды ойнатқызады) |
Рефлексивті - коррекциялаушы | ІV. Қорытынды Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Үйге тапсырма: ата-аналарынан «Чего бывает 4 и 5» дегенді сұрау. | Балалар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды. |