Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 15.02. 2017
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Торғайлар» (мазмұнды мүсіндеу)
Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту, торғайды таныстыру;
Торғайдың екі бөлшекті бір-бірімен біріктіру, шымшу, созу, жалпақтау әдістерін пайдалану;
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Құстарға қамқорлық сезімін ояту.
Билингвалды компонент: торғай – воробей - sparrow.
Сөздік жұмыс: қамқорлық.
Технологиялық қамтамасыз ету:ермексаз,тақтайшалар,торғайлардың суреті,үлгі, жемсауыт, сүрткіш, проектор.
Қызмет
кезендері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң апайым!
Балалар шеңбер
бойына тұрып,
қозғалысын жасайды
Ұйымдастыру-
шылық ізденістік
Проектормен көрсету.
Суретпен жұмыс.
Мүсінші Санжар Досмағамбетовпен таныстырып, оның жасаған мүсіндерін көрсеттім.
-Балалар сендер мүсінші болғыларын келеме?
-Мына суреттен не көріп отырсыңдар?
-Ал енді, балалар, торғайдың дене мүшелерін атап көрейік?
Олай болса бүгінгі оқу қызметімізде торғайды мүсіндейміз.
-Балалар, торғай туралы кім тақпақ біледі?
Билингвальды компонент:
торғай – воробей- sparrow.
Сөздік жұмыс: қамқорлық.
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық.
Торғай боп желмен ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық,
Ұямызға қонайық.
Балалар, біз торғайды мүсіндеу
алдымен мына үлгіге қараймыз.
1.Алдымен ермексазды екі бөлшеке бөліп. Үлкені – денесі, кішірегі – басы болады.
2.Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен артқы жағынан шымшу арқылы құйрығын шығарып,құйрығының ұшын жалпақтаймыз.
3.Екі жағынан бірдей шымшу арқылы қанатарын шығарамыз. 4.Кішкентай домалақ бөлшек торғайдцң басы тұмсығын созу арқылы шығарамыз.
5.Екі көзін сызамыз.
6.Торғайдың аяғын жасаймыз
7. Торғайдың екі бөлшекті бір-бірімен біріктіреміз.
Торғайымыз дайын болды.
Дайын торғайды жемсауытқа орналастырамыз.
Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көмектесемін.
Балалар мұхият тындайды
-Басы,көзі,тұмсығы, денесі, аяғы, қанаты, құйрығы
Балалар сөздерді үш
тілде қайталайды.
Балалар қолдарын жазып, торғай болып ұшады.
Балалар мұхият тындайды.
Үлгі. бойынша жұмысқа кіріседі Жұмыстың орындату кезеңдерімен танысады.
Балалар түсіндіруі бойынша үлестірмелі материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, мүсіндеу жұмысын жасайды. Мүсінделген торғайды жемсауытқа орналастырады.
Рефлексивтік-түзетушілік
Корытындылау.
-Енді мүсіндеген торғайларға жем шашайық.
Кәнеки,торғайларды жемге әкеліңдер.Қандай керемет!
Әдемі торғайлар мүсіндедіңдер,
Жарайсыңдар,балалар!
Балалар Торғайдың екі бөлшекті бір-бірімен біріктіру, шымшу, созу, жалпақтау әдістерін пайдалануды дамыту. көрме ұйымдастырады
Балаларды мақтау.
Балалар жасаған торғайларға жем шашады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құстар туралы білу;
Игереді: Торғайдың екі бөлшекті бір-бірімен біріктіру, шымшу, созу, жалпақтау әдістерін пайдалануды игереді;
Меңгереді: оқу қызметі барысында алынған дағдыларды.
Технологиялық қартаны толтырған тәрбиеші: Г.Мулкаманова