Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Торғай мен қарлығаш» А.Байтұрсынов
Мақсаты:
- Табиғатта көктем мезгілінің әсемдігін сезіндіру,көтем мезгіліндегі құстардың тіршілігі жайында әңгімелеу.
- Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөз қорын байыту.
- Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көктем суреттері, торғай мен қарлығаштың суреті
кезең
Тәрбиеші әрекеті
Балалар әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық
Жұмбақ жасыру:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Бұл- көктем мезгілі
Ұйымдастыру-іздестіру
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Көктемде біз қалай киінеміз
Торғай мен қарлығаш
Ахмет Байтұрсынов
Торғай жыланның жұмыртқасын тауып алып, ұясына салып басып жүріпті. Бұлай icтеп жүргенін Қарлығаш көріп, Торғайға айтыпты: -Мұның не бейшара? Ақылың алмасқан ба? Мұнан не қайыр, не жақсылық күтіп жүрсің? Өскен соң жамандығы ең әуелі өзіңе тиeдi. Айтпады деме! Басыңа тигенде білерсің. Торғай Қарлығаш сөзің тыңдамай, жылан жұмыртқасын баса бepiптi. Күнi толған соң жұмыртқадан жылан баласы шығыпты. Өсіп үлкейіп, жылан болып алып, әуел бастан Торғайдың өзің шағып өлтіріпті. Сонда Қарлығаш көріп айтыпты: - Айтқаным келмей қалмас, кербаққан тілімді алмас.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Саусақ тетры«Торғай мен қарлығаш» ұйымдастыру.
Торғай жыланға қандай жақсылық жасады?
Қарлығаш торғайға қандай ақыл айтты?
Жылан өскесін не істеді?
Жыланның жұмыртқасын басып шығарды, өсірді.
Басыңа пәле болады, жыланды өсірме деген.
Торғайды шағып өлтірді.
Рефлексивті-түзетушілік
Венн диограммасы «Не жақсы»
Торғай мен қарлығашты салыстырады
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
Табиғатты қорғау керек екенін түсінеді
Нені игереді:
Жыл мезгілдерін ерекшеліктерін игереді
Нені біледі:
Жақсы, жаманды ажырата біледі
Қорытынды: