1-кезең Мотивациялық қозғаушы | Балалар, біз бүгін сендермен Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.Саяхатқа әуе көлігімен ұшамыз, ол не деп ойлайсыңдар? Картаға назар аударамыз, мына қай қала? | Балалар қызығушылық білдіреді. Өзіміздің туған туған қаламыз - ҚОСТАНАЙ |
2 кезең Ұйымдастырушылық- ізденушілік | 8 дегеніміз, ол 7 қосамыз 1-ді. Ал 8-ге қоссақ 1-ді, қанша болады? Тоғыз саны алты сияқты білмегенге, Құйрығы бірақ қарап қалаған төменге Рет- ретімен санасақ, Тоғыз саны домалап, Сегізден кейін келеді. Жіңішке таяқ тірегі. Мәңділеу менің тұрағым, Үш “үшті” алып жығамын. Басымды төмен қаратсам, “Алтылық” болып шығамын. Екінші қаламыз шыңбұлақ орналасқан қала қалай аталады? Дұрыс айтасыңдар. Енді осы қаланың тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Қызықты сұрақтар: Түлкі мен тырна достасып, аюдың туған күніне келеді. Олар 3 бөліктен дәмді бәліш жейді. Туған күнде қанша бөлік бәліш желінді? Табыңдаршы қиналмай, Акробат цифр бұл қандай? Үшке кеміп қалады, Төбесінен тұрғанда. Сергіту сәті. Келесі соңғы қаламыз қалай аталады екен? -Дұрыс айтасыңдар! Ал, енді Астана қаласының тапсырмаларын орындап көрейік. Біз мына игровизормен 9 санына байланысты тапсырмаларды орындауымыз қажет. | Балалар санайды, өз ой – пікірлерін айтып жеткізеді. Ауада салады, кейін дәптерде тоғыз санын жазып үйренеді. Балалар сан құрамымен танысады. АЛМАТЫ Иә, дайынбыз. Балалар – 9 рет секіру, 9 – рет шапалақ соғу, 9 – рет аяқпен соғу, 9 – рет қасында жолдасынмен шапалақ соғу. Балалар үлестірмелі материалдармен санап, жұмыс істейді. Бізідің бас қаламыз - АСТАНА Балалар суретке қарап, нүктелерді байланыстырады. Артылып қалған сызықты үстінен бастырып, суретті бояйды. |
3кезең Рефлексивті түзетуші | Сандарды есте сақтау үшін сандарды ретімен және керісінше санату. «Алдындағы сан», «артындағы», «керінше», «арасында». Мақтап – мадақтау. | Балалар сандарды ретімен 1 – ден 9 – ға дейін санайды. Керінше санайды. - Алдында, артында, ортасында, т.б. тапсырмаларды орындайды. Риза болады. |