Ұйымдастыру бөлімі Қазір қай мезгіл? Қыс мезгілінің қай айы? Балалар өткен оқу іс-әрекетімізде қандай ертегімен таныстық? Ертегіде жануарлар неге таласады? Қайысы жыл басы болады? Ертегіде қандай жануарлар суреттелген ата? Биыл қай жануардың жыл атауы? Былтыр қой жылы болды. Сендер қай жылға жатасыңдар? Балалар сендер ертегілер білесіңдерме? Олаи болса, қазір балалар «Ғажайып текше» ойынын ойнайық. Ойын: «Ғажайып текше» деп аталады. Мен текшені қазір лақтырамын. Қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қандай ертегіде кездесетінін айтуымыз керек. Әр жануарға тоқталу Балалар бұл жануарлар қандай жануарға жатады? Олай болса үй жануары мен жабайы жануарларды шатыстырмай тақтаға тек жабайы жануарларды жапсырайық. Жаңа сабақ Жабайы жануарлар Балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша түсінік беру. -Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды? Жабайы аң –қолға үйренбеген тұз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді Барлық жыртқыштар жемтігін тауып жеуге бейімделген.Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген Жабайы аңдардың да балалары болады. Қасқырдың баласы –бөлтірік. Қоянның баласы –көжек. Түлкінің баласы –түлкішек Аюдың баласы- қонжық. Жолбарыстың баласы-шөнжік. Арыстаннның баласы-абдан. Біз орманға барамыз, Жан-жағымызға қараймыз . Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балала, Өз орныңды табыңдар. Дидактикалық ойын «Қорегін тап» мозаика Негізгі бөлім. А) Балалар мен сендерге осы жабайы жануарлар туралы ертегі айтып берейін. Ертегінің аты «Тапқыр қоян» деп аталады. 1.Ендеше ертегіні мұқият тыңдаңдар а) ертегіні манерлеп оқу. б)ертегі мазмұнымымен таныстыру. в) сұрақ-жауап. Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып: — Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да: — Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды. — Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып. Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп: — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады. Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп: — Міне, нағыз ер! – деп мақтапты. -Балалар аң патшасы кім екен? -Ол аңдарға қандай тапсырма берді? -Қоян не ойлады? Жабайы, аңдар деген сөздердің сөздерді буынға бөлдіру. Жа-ба-йы, аң-дар ,түлкі,тыш-қан,а-рыс-тан,жол-ба-рыс,кір-пі,қас-қыр, Тіл жаттықтыру Я-ян-ян секеңдеген ақ қоян Ю-ю-ю қорбаңдаған аю Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі Р-р-р-ырылдайды қасқыр Ертегінің мәтінін сұрау |