Мотивациялық қозғаушылық | Тәрбиеші балаларға ойын бөлмесіне, ойын бұрышына саяхат жасатады. - Балалар, мына көріп тұрғандарың- «Шаштараз бұрышы», ал мына ақ халат, жедел жәрдем, дәрі- дәрмек, ине, барометр, кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады? - Иә, дұрыс айтасыңдар. - Ал ыдыстар, жапқыштар түрған бұрыш қалай аталады? -Көліктер, жол белгілері, бағдаршам түрған бұрыш қалай аталады? - Міне, сендер ойын бұрышындағы түрлі ойыншықтармен таныстыңдар. | Балалар саяхат жасап, орындарына отырады. - Дәрігер бұрышы. - Асхана бұрышы. - Көліктер бұрышы. Балалар орындарына келіп отырады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | - Балалар, сендер ойын бөлмесінен қандай ойыншықтарды көресіңдер? - Ойыншықтар неден жасалған екен? - Ойыншықтардың түстері қандай? - Ойын бұрышында көрген доп «д» дыбысынан басталады. Ал шаштараз бұрышындағы тарақтар «т» дыбысынан басталып тұр. -«Д» және «т» дыбыстары- бір-біріне ұқсас дыбыстар. Тәрбиеші осы дыбыстарды айнаға қарап айтқызады.(Үш дауыста айтқызады). - Екі дыбыс та- дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляциясын түсіндіреді. -«Д» дыбысын айтқанда тіліміз алдыңғы, астыңғы тістерге қатар тиеді. «Т» дыбысын айтқанда тіліміз үстіңгі тістің түбіне тиеді. Тәрбиеші «д» және «т» дыбыстарын буын ішінде айтқызады. Да-да- дала. До-до- доп. Та-та- тарақ. То-то- топ. - Енді ойыншықтар арасынан ұнаған ойыншықтарды алып, сол туралы әңгіме құрап, суреттеп беріңдер - Тағы да кім қандай ойыншықты ұнатады. - Иә, дұрыс, өте жақсы суреттеп әңгіме құрадыңдар. Тәрбиеші 4-5 балаға суреттеп әңгіме құрастырады. Сергіту сәті: (Сергіту жаттығуларынА. Меңжанованың «Сылдырмақпен би» өлеңімен жасатуға болады). Қолымызда сылдырмақ, Сылдыр, сылдыр етеді. Аяғымыз тыпырлап, Өзі билеп кетеді. Тып,тып,тып,тып. Тыпылдатып биге шық. Қолымызда сылдырмақ, Сыңғырлата қағамыз. Сол аяқ пен оң аяқ Басуын тез табамыз. Тып,тып,тып,тып. «Жасырынған ойыншықты тап!» дидиактикалық ойыны: Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынын, түсін айтып береді. Билингивальды компонент: ойыншық- игрушка, тарақ- расческа, доп- мяч, ұжым- коллектив. Жаңылтпаш қайталату. Топ бала, топ бала, Ойнап жүр, топтала. Зымырап допты ала, Қуады көп бала. (Е. Өтемілеуұлы) Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №4 ұнатқан ойыншығын қалаған түсімен бояу тапсырмасы орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | - Ойын бөлмесінен әртүрлі ойыншықтар көрдік. - Ойыншықтар рези надан, қатты, және жұмсақ заттардан жасалған. - Түстері әртүрлі. Балалар дыбыстарды айнаға қарап қайтаалйды.(Үш дауыста айтады). Балалар қайталайды. - Мынау – қуршақ, аты – Айгүл. Оның шашы қара әрі ұзын. Көйлегі қызыл,аяқкиімі сары. - Мынау-жүк көлігі. Дөңгелектері үлкен домалақ, түсі қара. Онымен құм, тас тасиды. Құрылыста көп қолданылатын көлік түрі. Өлең мазмұнына сәйкес жасайды. Кезекпен ойынды ойнайды. Қайталайды. Жаңылтпашты қайталайды. Тапсырманы орындайды. |