Мотивациялық қозғаушылық | Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. -Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. -Армысың асыл күн, армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым. -Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер? -Жылылық, қуаныш т.б. | Күн | Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады. |
Ұйымдастыру, іздену кезеңі Сергіту сәті. Жұмбақ шешу. Дидактикалық ойын. Жаңылтпаш жаттау. | -Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме? -Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды? -Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады? -Балалар қалай киінген? Қолдарына не ұстаған? -Жылдың қай мезгілінде оқиды? -Балаларды мектепте кім қарсы алады? Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту. Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш. Орнымыздан тұрайық, (Аяқтың ұшымен тұру). Сағаттың жүрісін көрсетейік. (Сағаттың жүрісін жасау: «тик-так, тик-так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру). Тыныс аламыз. (Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару). Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы: Сабақ басталды. Үзіліс болды. Қоңырау соғылды. Жұмбақ шешу. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (КІТАП). Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру. «Ұйқасын тап» дидактикалық ойын. Шарты: тәрбиеші дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді тауып айтады. Жаңылтпашты жатқа айтқызу: Айша жазу жазды, Қайша сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма? Кітап туралы мәтінді оқу. | «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті сурет, оқу құралдары. Мектеп суреті сызғыш, қоңырау. Кітаптар Әліппе дәптер | Сұрақтарға жауап береді. Суретпен жұмыс жүргізеді. Қимылмен көрсетеді. Сөйлем, әңгіме құрайды. Жұмбақ шешеді. Ойын ойнайды. Жаңылтпашжаттайды. |