kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 20.09.2019 ж  

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация »

Пәні: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру

Оқыту: Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.

Педагогикалық технология:Түсіндіру, көрсету,  сұрақ –жауап,

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!"»


Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметтінің конспектісі

Өткізу күні: 20.09.2019 ж

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Білім беру саласы: «Коммуникация »

Пәні: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру

Оқыту: Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.

Педагогикалық технология:Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап,

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы. Күніміз жарық болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз тыныш болсын.

Досымыз көп болсын.

Балабақшамыз жайнап тұрсын.

Нанымыз көп болсын.

Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық. Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық.

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен. -Сәлеметсіңдер ме балалар? -Балалар,бұл қай мемлекет? -Қазақстан Республикасы -Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала? –Нұрсултан қаласы -Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме? -Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім? Қасым Жомарт Төқаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл? -Қазақ тілі

Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік. Балалар ән ұранды орындайды.

Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Расул

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің

Амира

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.

Самир

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Жансая

Ақыл – ойындананың,

Анатілден аламыз.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.


Мерует

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Ернар

Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі  

- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.




Сергіту сәті.

 Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Жұмбақ жасыру:

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)  

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма)  

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады, Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)  


Қорытынды: Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.


Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.


Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.


Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.


Өнер алды — қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!"

Автор: Абенова Мирамкуль Каппасовна

Дата: 10.12.2019

Номер свидетельства: 531223


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства