kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл дамытудан ертегі "Бауырсақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамыту сабағынан Бауырсақ ертегісін балаларға түсіндіру сабағы.Мақсаты: балалардың тілін ойын дамытуға бағытталған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамытудан ертегі "Бауырсақ"»

Сабақтың тақырыбы :  «Бауырсақ» ертегісі.

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалрдың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.

Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің  қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру.

Дамытушылығы: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші , шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

 

Жоғары қар ап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

2.Жаңа сабақ

Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

  • жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

  • қиял-ғажайып ертегілер

  • шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.

Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.

— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.

— Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане қандай ертегілер естеріңде қалды? ( Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)

Балалар ертегі не жайында?

— Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екен

Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді ).

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:

Ертекші:

Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!

Сіздер 0- сынып оқушыларының қиялынан туындаған « Бауырсақ»

ертегісін тамашалайсыздар.

Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні.

 

Автор

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал

  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой

Шал

  • Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Автор

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

 

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қоян

Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.

 Қоянның тапсырмасы:

-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

 

Автор

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Автор

Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған

Қасқыр

Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

  1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.

Автор

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

 

Яндекс.Директ

Аю

  • Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !

Аю

 

Аю: Әй, балалар, балалар!

Менде қызық ойын бар,

Ал ықылас қойындар

Кәне, тәртіп сақтайық,

Мен берген тапсырманы,

Бұлжытпай орындайық.

Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

 

Автор

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Автор

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған !

 

 

Түлкі

Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында

Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

  1. Қыста ақ,

Жазда сүр.

(қоян)

 

2.Қорбаң- қорбаң етеді,

Орманда ол жүреді (аю)

 

3.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(түлкі).

 

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.

Автор

Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арнап

20 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.

Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер,

(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).

Елтаңба туралы әңгімелеп береді.

1-бала: Диас

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңба.

 

Ту туралы әңгімелеп береді.

2-бала: Рахат

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биік іліп қояды.

 

3-бала:Дәулетжан

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа

Ей,бас қала-Астана!

4-бала: Аслан

Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым.

Тәуелсіздік жемісі.

5-бала: Әділ

Қазақстан киелім,

Қияға ұшар қыраным

Еркіндікті сүйемін

Мен тәуелсіз ұланмын

6-бала :Дильназ

Отан мынау,

Отанымның картасы

Маған қымбат,

Отанымның әр тасы

7-бала :Сабина

Алтын шашқан сияқты,

Жер бетіне нұр таңым,

Бар адамға шуақты,

Осы менің-Отаным.

Қорытындылау:

— Балалар ертегі сендерге ұнады ма ?

Ертегінің мазмұны не жайында екен ? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.

— Бұл ВЕНН тапсырмасы деп аталады. Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады ? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)

— Өте жақсы!

— Ал, түлкі ше ?

-Түлкі қу, айлакер.

Жағымды Жағымсыз

Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)

-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)

 Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

Бауырсақ: Сары.

Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?

Бауырсақ:  Домалақ, шеңбер.

Ұннан жасалатын тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

-Ал, балалар , нан туралы мақал — мәтелдер, тыиым сөздер білесіңдер ме ? (Мақал- мәтелдер, тыйым сөздер айтады.)

-Ал енді балалар мен сендердің зейіндеріңді байқау арқылы « Кім жылдам» ойынын ұйымдастырамын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тіл дамытудан ертегі "Бауырсақ"

Автор: Морданова Халиба

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405493

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Бірінші кіші тобындағы сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметі. «Бауырсақ» ертегісі."
    ["seo_title"] => string(80) "birinshi_kishi_tobyndag_y_soilieudi_damytudan_u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmieti_b"
    ["file_id"] => string(6) "456868"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518454069"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства