Просмотр содержимого документа
««Тіл к??ілді?- айнасы» ?йымдастырыл?ан ашы? о?у іс-?рекеті»
Алматы қаласы,Бостандық ауданы №89 «Бөбекжай-балабақшасы»
Тәрбиеші: Байназарова Райхан Сейсенбаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Іс-әрекетінің тақырыбы:«Тіл көңілдің- айнасы.» Оқу іс-әрекетінің мақсаты: «Тіл – көңілдің айнасы» деген тапқырлықпен алынған оқу іс-әрекет арқылы балалар өз тілін ардақтауға, құрметтеуге үйренеді. Ана тілінің қадір қасиетін түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты, сыпайы болып өсетіндігін және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі екендігін айтып түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.
Сөздік жұмыс:рәміз,тәуелсіздік.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:ана тілімізге байланысты слайд,рәміздердің суреттері,Қазақстан картасы.
Оқу іс-әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Балалар «Туған жерім» әнімен залға кіреді. Педагог: Ана тілім – қазақ тілім туған тіл, Қасиетті тіліміздің бәрін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар, Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,-дей отырып бүгінгі «Тіл көңілдің айнасы» атты ашық оқу іс-әрекетімізді ашық деп жараялаймыз.Оқу іс –әрекетімізді әнұранымызбен бастайық. Үш биіміздің тіл туралы ұлағатты сөзін тыңдап көрейік. Қош келдіңіздер бабалар,
Үш кемеңгер дүлділім. Сақтаған елдің бірлігін, Қалың елім пір тұтар Қасиетті үш бабам,
Тілім туралы не айтар.
Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазбек би:Жетер енді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым – ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.
Әйтеке би:Қазақ, қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі. Төле би:Балалар осы ұлағатты сөздерді ешқашан естеріңнен шығармаңдар.
Балаларға ана тіліміз туралы айтып өту.(Слайд ар қылы)
- Балалар, біз қай республикада тұрамыз?(Сиқырлы қаламмен сұрақтарға жауап береді.)
- Республикамыздың астанасы қалай аталады?
-Біздің рәміздеріміз турал кім айтып береді?
-Біз қай қай қалада тұрамыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Қане, айтайықшы, біз қай ұлтпыз?
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің ұлтымыз қазақ, біздің тіліміз - қазақ тілі. Басқа ұлттармен сөйлескен кезде орыс тілінде сөйлейміз. Өйткені орыс тілі көптеген ұлттардың ортақ тілі (осы кезде залға ұлттық киімін киген орыс қызы кіреді).
Тосын сәт:
- Здравствуйте, ребята!
- Бізге қонақ келді. Аты-жөнін сұрайық кім екен?
- Как тебя зовут?
- Елизавета.
- Балалар,Елизавета қай тілде сөйлеп тұр.
- Мен қазақ тілінде де өте жақсы түсініп, сөйлеймін, - деді Елизавета.
-Керемет!
- Қазақ тілін қайдан үйреніп жүрсіз?
-Балабақшадан.
- Олай болса, Елизавета, қазақ тілі туралы тақпақ білесің бе?
- Әрине білемін.
Ана тілің — жан арың
Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс деме жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
"Білгішпін" деп ойлама.
Өзге тілді үйренсең,
Өркендейді адамдық
Өз тіліңнен жиренсең,
Өлім, қылмыс, надандық.
Ақ сүтіндей ананың,
Ана тілің - жан арың.
Педагог:
- Қандай жақсы айттың, Елизавета, сен бізге қонақ болып отыра ғой. Балалар, көрдіңдер ме,Елизавета біздің қазақ тілін де өте жақсы біледі екен. Көп тіл білу білімділікке жатады. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Әрбір адам ана тілімен бақытты, ана тілімен биік.
- Балалар,сендер ана тілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
2 – бала:Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. 3 – бала:Анамның тілі – айбыным менің, Анамның тілі – ай, күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін байтақ өмірді думан. 4 – бала:Тіліңді үйрен күнде
Ол іс емес жай ғана. Өз тіліңді білмесең, Білгішпін деп ойлама.. 5– бала:Өсірген ой – білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді. 6– бала:Ана тілі – ұраным Ана тілі – құраным. Ана тілі болмаса, Мықты болмас тұрағың. 7-бала:Ана тілім,өзгелерден бөлексің.
Бала жүрек саған арнап жыр төксің.
Қай асылға теңесем де жарасар
Ана тілім баға жетпес өнерсің.
Сергіту сәті:Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
- Ал, балалар, енді "Жалғасын тап”дидактикалық ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын тауып,айту.