Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту саба?ына»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы:«Көктемгі орманға саяхат»
БМ: Балалардың көктем мезгілі туралы түсініктерін бекіту, көктемде ұшып келетін құстармен, жануарлар, гүлдермен, жәндіктермен таныстыру.
ДМ: Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
ТМ: Топ ішінде ұйымдастыратын кез-келген шараларға, ойындарға белсенді араласуға, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көктемгі орманның бейнесі, гүлдер, құстардың суреті, жануарлардың, жәндіктердің ойыншықтары, күннің суреті, қатты қағаздан бала санына сары түсті дөңгелектер, қыстырғыштар, есеп таяқшалар.
1.Ұйымдастыру
-Балалар, бүгін ерекше күн біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз,
Қайрлы таң қонақтар!
Қайырлы күн балалар!
Балалар жарты шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.
2. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар?
-Көктемде қар ериді, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, шөптер шығады, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді.
-Көктем мезгіліне жақсы көңіл-күйді не сыйлайды? (үлкен күннің суреті ілінген).
-Күн.
-Онда келіңдер балалар күнге шуақтарын береміз. Көктеміміз шуақты болсын.
Балалар қатты картонға қыстырғыштарды қыстырып күн жасайды.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта көктемгі орманға саяхатқа шығамыз. Орманда өздерінді дұрыс ұстау ережесін білесіңдер ме?
-Білеміз. Орманда айқайлап, шулауға болмайды, бір-бірінен алыс кетпеу керек. Даустап өлең айтуға болмайды. Ағаштардың бұтақтарын сындырмаймыз.
-Балалар орманға саяхатқа немен баруға болады?
-Велосипед, автобус, машина.(үстел үстіндегі рөлді көріп, балалар машинамен баратынын айтып, дөңгеленіп тұрады).
-Балалар, көктемгі орман қандай әдемі, тамаша екен.
(Үнтаспадан құстардың дыбыстары естіледі.)
-Ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
-Құстардың дауысы.
-Қандай құстарды білесіңдер?
-Қарлығаш, торғай, қарға.
Тәрбиеші құстардың суреттерін көрсетеді.
Балалар суреттерге қарап құстарды атайды.
Дидактикалық ойын «Құстар қалай дыбыстайды?».
Құстардың қалай дыбыстайтыңдығын айтады.
-Балалар көктем мезгілінде ұшып келген құстарға көмектесіп, ұя жасап берейік.
Балалар есеп таяқшалармен құстарға ұя жасайды.
Тәрбиеші жасаған ұяның геометриялық пішіндерін сұрайды.
-Ал енді осы орманда қандай аңдар тұратынын білесіңдер ме?
-Аю, қоян, түлкі, кірпі.
Тәрбиеші кірпінін ойыншығын көрсетіп сұрайды.
-Балалар кірпінің нелері бар?
-Тікенектері.
-Кірпі нені жақсы көреді?
-Саңырауқұлақтарды, алманы жақсы көреді.
«Кірпі» саусақ жаттығуын жасатады.
Үстінде көп инесі,
Басында бар түймесі,
Жатса доптай домалақ
Жүре берер домалап.
Қолды айқастырып. Сол қолдың бас бармағы мен саусақтарын тіке ұстау. Өлең жолдарына сәйкес саусақтарды бүгіп, ашу. Саусақтарды бүгіп, қолды допша домалату.
Тәрбиеші балаларға жәндіктердің суретін көрсетеді. Көктемде жәндіктерге де жан бітіп, құрт-құмырсқа қыбырлай бастайды.
-Балалар біздердің қасымызға көбелек ұшып келіпті, ол біздермен ойнағысы келеді, көбелек ұшады, ал сендер ұшып жүрген көбелектерді ұстауға тырысыңдар.
Қимылды ойын
«Көбелекті ұстап ал».
Тәрбиеші таяқшаға жіппен байланған көбелекті жоғарыға ұстап, ұшырады.
Балалар секіріп көбелекті ұстауға тырысады.
-Балалар қараңдаршы қандай әдемі гүлдер .
-Балалар кандай көктем гүлдерін білесіңдер?
-Бәйшешек, қызғалдақ.
Ойын «Гүлді құрастыру».
Балалар гүлдерді құрастырады.
Келіңдер балалар гүлдерді теріп алып хош иісін иіскейміз.
«Гүлдер» тыныс алу жаттығуы.
Қолдарына гүлді алып йіскейді.
Балалар мұрынмен терең дем алып, ауызбен шығарады.
-Жарайсыңдар балалар.
Енді өз балабақшамызға қайтатын уақыт болды.
-Сендерге саяхатымыз ұнадыма?
-Саяхатта кимдерді көрдік?
-Оларға қандай көмек көрсеттік?
Табиғатымызды қорғаумыз керек.
Балалардың жауаптары, теріп алып келгеп гүлдерді қонақтарға сыйлайды.
-Енді балалар қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық.
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау-саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Түсіне білу керек: Көктемдегі ауа-райы, жануарлар, жәндіктер, гүлдер туралы
түсінікті игереді.
Үйрену керек: Қойған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, жаттығуларды дұрыс