-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Балалар сендер қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер? -Балалар қане бәріміз терезеге жақындайықшы. -Балалар сендер ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер? -Күн бізге несін береді? Дұрыс –ақ балалар, балалар кәне бәріміз ортаға жиналайықшы. «Шарды үрлеу» ойыны. -Балалар біз неге ұқсадық? -Балалар бәріміз бір-бірімізге күлкі сыйлайықшы. Міне көңіліміз көтеріліп қалды. Ғажайып сәт: (Есік қағылып ішіне қуыршақ сәуле кіреді). -Сәлеметсің бе, қуыршақ Сәуле? -Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қуыршақ Сәулемін. Мен сендерге өзімнің мына қолымдағы хаттын ішіндегі тапсырманы орындай алмағандықтан, сендерден көмек сұрап келдім. Тәрбиеші: -Жарайды Қуыршақ Сәуле қане хатынды маған берші мен ішіндегі тапсырмаларды оқып көрейін. -Балалар бұл хаттын ішінде геометриялық пішіндер туралы жұмбақтар жасырылған екен кәне оқып көрейін сендер жауабын табындар. -Қуыршақ Сәуле сенде балалармен бірге жауабын шеш. Табады ма екенсіңдер. Атына сай балалар, Үшбұрыш үш жағы бар. Ол пішінді кім табар. (Үшбұрыш). -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Оның үшбұрышы бар. -Үшбұрыштың түсі қандай? -Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай? -Алдарыңдағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші балалар, үшбұрыш неге ұқсайды ? -Осы үшбұрышты ауада салып көрейікші. Сөзді -Дұрыс айтасыңдар балалар келесі жұмбағымды жасырайын. Төрт бұрышы бар, Төрт қабырғасы бар. Бұл қай пішін. (Төртбұрыш). Тәрбиеші: -Қандай білгіш балаларсыңдар. - Төртбұрыш неге ұқсайды? - Төртбұрыштың төрт қабырғасы төрт бұрышы бар. -Осы алдарыңдағы пішіндердің ішінен төртбұрышты көрсетіңдерші. -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Ал менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай? -Осы төртбұрышты ауада салып көрейікші. Ендеше тағы бір жұмбақ жасырайын. Допқа өзі ұқсайды, Ерекше бір пішін бар, Атын онын атаңдар. (Дөңгелек). -Түсі қандай? - Дөңгелек неге ұқсайды? - Дөңгелектің бұрышы барма? -Ал енді алдымызда жатқан пішіндерден дөңгелекті көрсетіңдерші. -Осы дөңгелекті ауада салып көрейікші. Жұ Жұмыс: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Билингвальды компонент: үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш- четырехугольник, дөңгелек-круг. «Не артық» ойыны. Бірдей заттардың ішінен, арасындағы артық затты табу. «Заттар қандай пішінге ұқсайды» ойыны. Шарты: Топтын ішінен, қандай геомертиялық пішін аталса, сол пішінге ұқсас заттарды тауып беруді сұрайды. Сергіту сәті. «Маймақ аю» Маймақ аю сияқты ақырын маймандаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз. «Бір -көп» дидактикалық жаттығу. Тәрбиеші суреттегі тек көп заттарды атауды содан соң бір-бірден тұрған заттарды атауларын сұрайды. -Қарандаршы Сәуле көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші неге көңілсіз екен. -Сәуле саған не болды? -Мен пішіндерден ойын ойнағым келіп тұр. Дидактикалық ойын: «Пішіндерді өз орнына орналастыр». -Балалар барлығымыз қуыршақ Сәулемен бірге күннің көзін саусақ әдісімен салайық. -Балалар қандай әдемі күн салдындар. -Балалар салған күндерінді тақтаға іліп көрме ұйымдастырайқшы. -Балалар қарандаршы! Кімнін күні әдемі болып шықты? -Балалар, қуыршақ Сәуленін үйіне қайтатын уақыты болыпты. -Қуыршақ сен тапсырмаларды түсіндің бе? -Қуыршақ Сәуле саған қай баланың салған суреті қатты ұнады , сол ұнаған суретті біз саған сыйға тартамыз. Қуыршақ Сәуле суретті алып, қуанып балалармен қоштасады. | -Қыс мезгілі. Айару: Бір топ бала далада, Қардан соқты аққала. Мұрны қызыл үп-үлкен, Көзі көмір қап-қара. -Күнді көреміз. -Жылуын және жарық береді . -Күнге, допқа, шарға т.б. Балалар қуыршақ Сәулемен амандасады.
Балалар жұмбақты мұқият тыңдап жауабын шешуге тырысады.
-Үшбұрыш.
-Сары. -Үлкен-кіші. -Үйдің шатырына, шыршаға, пирамидаға т.б.
- Төртбұрыш.
-Терезеге, тақтаға, жастыққа, теледидарға т.б.
-Көк.
- Дөңгелек. -Қызыл. -Допқа, шарға, күнге, т.б. -Жоқ.
Қайталайды: үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш- четырехугольник, дөңгелек-круг.
Балалар топтын ішінен ұқсас заттарды табады.
Балалар тәрбиешімен бірге маймақ аюдың іс-қимылдарын жасап қайталайды.
Балалар пішіндерді орнына орналастырады. Балалар саусақ әдісімен гуашты пайдалана отырып күнін көзін салады. Балалар салған суреттерін тақтаға іледі.
-Иә.
Балалар қуыршақ Сәулемен қоштасады. |