Мотивациялық- қозғаушылық | Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу. Жұмбақ Ырылдайды,үреді, Үй маңында жүреді. Иісін ол біледі, Бөтен біреукелсе егер Үріп белгі береді. Мақал Ит-адамның досы Жұмбақ Түссе күннің шуағы Көзін жұмып алады. Жылы жерді сүйеді, беті-қолын жуады. Сөздік жұмыс: шуақ, адал Иттер-ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді,үйді күзетіп,қиыншыққа тап болған адамдард құтқарады. Пекинес- кішкентай ит . ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады.балалардың өзін құшақтап,жұлмалағанын сипалағанын ұнатпайды. Чау-чау-арыстанға емес аюға ұқсайды. Олар өте байсалды,бірақ үйретуге келмейді. Бұл иттер аурушаң келеді.сол сбеппен оларға дер кезінде екпе жасау керек. Мысықтар-адаммен бірге өмір сүреді,тышқан ұстайтынпайдасы бар. Мысықтың неше түрлі пайдасы бар. Ангор мысығы-көңілді,қылықты мысық. Ойынпаз адамды жатырқамайды. Белсенді ,үйірсек,кіммен болсын тіл табысады. Мысықтардың тағы бірнеше түрлері бар. | Суреттерді қызыға қарайды. Жұмбақты шешеді. Жауабы: ит Мақалды тыңдайды ,қайталайды. Жұмбақты шешеді. Жауабы: мысық Қайталайды: шуақ,адал Педагогтің әңгімесін тыңдайды,иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды. |
Ұйымдастырушылық Ізденістік. | Ғажайып сәт -балалар, бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық. Педагог жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді. -біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерге көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе? Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья, үйшік-домик. Үлестірмелі матералға назарын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. -үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз? -ал негізгі ше? -үйшіктің тағы несі бар? Балаларды қауіпсіздіктің техникасын жөн-жосағымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырады. Жұмыс істегенде қиятын бөлігінен ұстауға болмайды. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі, қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап ,жинастыру қажет. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сергіту сәті Мысығым,тұршы Айнаға қарашы Шашыңды тарашы Балалардың ішінен Ең тапқырын таңдашы Педагог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып береді. Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады. | Қонақтармен амандасады, Қуаныштарын білдіреді. Көмектесуге ынта білдіреді. Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья, үйшік-домик Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді,жұмыстың орындалу ретімен танысады. -шатыры-үшбұрыш -негізгі-шаршы немесе тіктөртбұрыш -терезелері-шаршыдан Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды,жұмысқа кіріседі. Өлең сөздің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды. Балалар жапсырманы жабыстырады. «Абала» деп итке, «Марғау »деп мысықтың жапсырмасын жабыстырады. |
Рефлексиялық түзетушілік | -қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді! Балалар Дос пен Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды. | Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен және мысықпен қоштасады. |