Қасқыр келеді. Ой мында қандай әдемі лақтар жүр.Қане, мен сендері жеймін, қарным ашты. Ешкі: Жоқ, сен ақылды қасқыр едің ғо, біздер мұнда серуендеп жүрміз.Менің кішкентай лақтарыма тиме.Сізді үй жануарларымен таныстырамыз.Интерактивті тақта арқылы слайдпен үй жануарларын төлдерімен таныстырып көрсетеміз. Түйе - шөлге шыдамды. Екі өркеші бар.Жүк тасиды. Керуен көш бастайды. Шұбат береді. Шұбаттың адам денсаулығына пайдасы мол. Түйенің төлін – бота деп атаймыз.Оны көс – көс деп шақырады. Жылқы - жүйрік. Көкпар ойнайды. Бәйгеге шабады. Арбаға жегеді. Қымыз береді.Жылқының төлін – құлыншақ деп айтамыз.Оны атфу – атфу деп шақырады. Сиыр - екі мүйізі бар. Сиыр бізге сүт береді. Айран, құрт, ірімшік т. б тағамдар жасайды екен.Сиырдың төлін – бұзау деп атаймыз.Оны аухау – аухау деп шакырады. Қой - момақан жуас. Жүнінен киіз, байпақ жасайды. Тон тігеді.Қойдың төлін – қошақан деп атаймыз. Оны пұшайт – пұшайт деп шақырады. Ит адамның досы.Ол үйді күзетіп, мал қарсуға көмегін тигізеді екен.Итті кә- кә деп шақырады. Мысық үйде тышқанның қаптап кетуінене сақтайды.Тышқан мысықтың иісін сезіп келмейді екен.Мысықты кис - кис деп шақырамыз.. Үй жануарларының әрқайсысына ерекше қарайды, қамқорлық жасап, күтіп-баптайды. Оларға шөп, жем , су беріп таза қорада ұстайды. Қасқыр: Сендерді жемегеніме қуанып тұрмын.Сендер арқылы үй жануарларымен таныстым,адамдарға пайдасы көп екен.Алдағы уақыттада үй жануарларына тиіспейтін боламын. Ешкі: Жарайсың, қасқыр бұнын жақсы.Менің кішкентай лақтарыммен бірге «Даусын қайтала» ойынын ойнайық қызықты, көңілді болады. Ойын шарты сіздермен бірге үй жануарларын атап және қалай дауыстайтының қайталайтын боламыз. Қасқыр: Жарайсыңдар, менің көңілім көтеріліп қуанып қалдым,қарнымнын ашқаныда басылып қалды.Енді өз жөніммен кетейін, сау болыңдар! Ешкі: Лақтарым біздер қасқырдан аман қалдық қуанып тұрмын.Сіздермен бірге таза ауада бойымызды сергітіп бір демалып алғым кеп тұр. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ - топ» . Ешкі: Лақтарым енді тобымызға барайық.Тобымызға аман – есен жеттік. Сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойын «Төлдерін ажырат». Ойын шарты: Сіздерге үй жануарларын беремін сонын төлдерін тауып қасына апарып қоясыңдар жіне атап шығамыз. Енді төлдер туралы өлең айтайық. |