Ұйымдастырушылық - ізденістік | Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен. Билингвальды компонент Атамекен – родной край, отбасы – семья, бауырмал – почитающий родственников, қонақжай – гостеприимный. –Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан) «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады? Мақалдың мағынасын ашу. Отан отбасынан басталады. Демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс. -Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген. Сергіту сәті: Бұл шақта, бұл шақта Кішкентаймыз қазір біз. Кішкентай болсақ та Ел қорғауға әзірміз. -Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз ке-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін бірлікке Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. | Балалар да өз ойларын жеткізеді: -Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды. Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз». Балалар картадан Қазақстан жерін көреді.
Қолдарын жан-жаққа созады, жоғары көтереді, төмен түсіреді. Отырып-тұрады. Қолдарын беліне қойып, екі жаққа кезек-кезек бұрылады. Қолдарын жоғары көтеріп, адымдайды.
Мұқият тыңдайды, әңгімеге кіріседі.
Туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салады. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп айтып береді. |