Просмотр содержимого документа
«Технологиялы? карта "Мен ж?не мені? достарым"»
«Жұлдыз» II кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 15.09.2015ж
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:«Қоршаған ортамен таныстыру».
Тақырыбы: «Мен және менің достарым».
Мақсаты:
Білімділік: өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру
Дамытушылық: Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін үйрету.
Тәрбиелік: Адамдармен өзара түсінісіп, қарым қатынас жасай білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар:ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.
Билингвальды компонент: дос-друг, ұл-мальчик, қыз девочка.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешініңіс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір бірімізге игі тілектерімізді айтайық.
Бізге қонаққа кім келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіреді)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.
Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді.
Шаттық шеңберіне тұрады, бір біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.
Сендердің достарың бар ма
Достық дегенді қалай түсінесіңдер
Билингивальды компонент: дос друг, ұл қыз, қыз девочка.
Достық (дружба) адамдардың бір бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме?
Ынтымақ (адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.
«Иә немесе жоқ» ойыны.
Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетініндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптарымен білдіреді.
Мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады.
- Ұзақ дос боламыз.
- Достықты біз бағалаймыз.
- Бірге ойнаймыз.
- Бір бірімізге көмек көрсетеміз.
- Достарды ренжітеміз.
- Досымнан қолындағы ойыншығын тартып аламын.
Саусаққа арналған жаттығу:
Достық
Қыздар менен ұлдар
Дос қой біздің топта.
Ұсынса біреу қолын,
Ешқашан бас тартпа.
«Досың туралы айт» жаттығуы
Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?
Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?
-Иә
-Иә
-Иә
-Иә
-Жоқ
-Жоқ
Жаттығуды қимыл қозғалыс арқылы орындайды.
Өз достарын сипаттайды.
Менің досымның аты Айша.
Ол қыз бала.
Ол мейірімді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Тышқан балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады.
Тышқанмен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
.
Түсінеді: маталл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
Қолданады: Заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.