-Балалар бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы «Геометриялық пішіндер әлемінде деп аталады.» -Балалар бәріміз бері қарайықшы бізге сыйқырлы хат келіп тұр екен?. -Сыйқырлы хатты ашу үшін хаттың сыртындағы суретке назар аударайық. Хаттың сыртында қандай сурет тұр? -Ия дұрыс айтасыңдар жыл мезгілдерінің суреті бар екен. -Бір жылда неше мезгіл бар? -Қазір жылдың қандай мезгілі? -Қыста ауа райы қандай болады біз немен ойнаймыз? -Бір аптада неше кун бар? -Бүгін аптаның қай күні? Ендеше балалар осындай қыстың әдемі күнінде біз сиқырлы хатымызды ашайық. -Сиқырлы хаттың ішінен не шықты? -Иә дұрыс айтасындар бұлар пішіндер. Қане бәріміз пішіндердің атауын атайық. Енді балалар барлығымыз пішіндерді ауада салайықшы? Ендеше баалалар Барығымыз мына жерде берілген суреттерді алып әркім сурет бойынша топтарға бөлінсін. -Алдымызда балалар пішіндерден құрастырылған әр түрлі суреттер тұр сол суретке қарап бізде құрстыруды үйренеміз. Сөздік ойын: -Күзде жаңбыр жауады, ал қыста.. жауады? -Жануарлар жүреді, ал құстар... -Торғай кішкене құс, ал.. бүркіт Сергіту сәті. Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт – сарт – сарт, Шапалақ соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ – топ – топ, Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тоңды киіп аламыз. Зу – зу – зу, Шанаменен зулаймыз. | Балалар сиқырлы хатқа таңдана қарайды. Бір жылда төрт мезгіл бар екендігін айтады. Қыс мезгілінің ерекщеліктерін айтады Апта күндерін қайталайды Сиқырлы хатқа таңдана қарайды. Саусақ қимылдаымен пішіндерді ауада салады. Балалар берілген тапсырманы қызығушылықпен орындайды Іс – қимыл арқылы жсайды |