Ортаңғы «Жұлдызша» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 10.09.2019 ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Математика негіздері.
Өтпелі тақырып: : «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы: "Таныс пішіндер доминосы".
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін дамыту.
Оқыту: Көп заттың ішінен біреуін таңдауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Пішіндер,суреттер,тақта.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Бір,екі,үш,
Топтың іші тып тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Оқу қызметін бастаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар, қазыр біз «Математика әлеміне саяхат» жасаймыз,ол үшін біз поезға отыруымыз керек
Тіл ұстарту жаттығу. Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік. Гу - гу, гу - гу гуілде, Қалып қойма біріңде. Тәрбиеші: - Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
2. Негізгі бөлім:
- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:
- Сен қандай пішінсің?
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаңда, Төрт қабырғам тең бұрышпын.
- Сен қандай пішінсің?
- Мен дөңгелекпін, ал мен үш бурышпын.
Балалар дөңгелек неге ұқсайды?
- допқа, алмаға
Ал үш бұрышшы?
-самсаға
Төртбұрышшы?
- үйге, тақтаға
Сергіу сәті:
Ойын: "Пішіндердің үйі"
Ойынның шарты:
Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып,балаларға жоқ пішіндерді бос орынға қойдыру.Қойылған пішінді атау.Пішіндерді ажырата білуге үйрету.
- Балалар, біз қайда бардық?
- Қандай пішіндермен таныстық?
- Кімге қандай пішін ұнады?
Cаяхаттан қайту:
3.Қорытынды:
Балалардың оқу қызметінен алған әсерін сұрақ -жауап арқылы тексеру.
Жүректен жүрекке!
Бүгін оқу қызметіне балалар,өте жақсы көңіл күй мен қатыстындар,сендерге
көп рахмет
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндер
Түсінеді: заттарды көлеміне қарай ажыратуды
Қолданады: ойша сипаттау, бейнелеу