А?ашты? ?андай т?рлерін білесі?дер?
А?аштарды суарып к?тіп баптау керек. Олар?а су, жары?, к?н, к?зі, ауа керек. Ол тірі ?сімдік. А?аш та тірі таби?ат.
??сты? ?андай т?рін білесі?дер?
??стар ?алай тіршілік етеді?
Су ішіп жем, ??рт - ??мырс?аны жейді. Ж?мырт?а басып балапандарын к?бейтеді. ??стар да тірі таби?ат.
Орманда мекен ететін ?андай а?дарды білесі?дер?
Ал біздер адамдар тірі таби?ат?а жатамыз. Біздер тама? ішеміз, е?бек етеміз, ж?мыс істейміз, о?ып - білім аламыз.
Сергіту с?ті: Тербеледі а?аштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай а?аштар
Су ??й?анда ?седі.
Дидактикалы? ойын: «Тірі таби?ат пен ?лі таби?атты іріктеу».
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Тірі ж?не ?лі таби?ат"»
№3 «Гүлдер» балалар бақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Тірі және өлі табиғат
Есжанова Ә.Б.
«Қызғалдақ» сауықтыру тобының тәрбиешісі
Алға қаласы
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Білім саласының бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы:«Тірі және өлі табиғат»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір-бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып айта білуге үйрету, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тірі және өлі табиғатқа байланысты суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз!
- Балалар бізді табиғат ана орманға саяхатқа шақырып жатыр. Саяхатқа барасыңдар ма?
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар біздер орманға саяхатқа шығамыз.
Сендер ұзын жіптің бойымен тізбектеліп жүресіңдер!
Балалар аспанға қараңдаршы! Бізге күлімдеп тұрған бүкіл әлемге жылуын шашып тұрған не?
Алыстан бізге не көрініп тұр? Өзі биік жанында ағаштар өсіп тұр екен.
балалар жолда нелер жатыр? Тасты жолдың шетіне шығарып қояйық.
Балалар табиғат өлі және тірі табиғат болады.
Балалар мөп - мөлдір болып ағып жатқан не? Қане суды басуға, ластауға болмайды. Олай болса суды аттап өтейік.
Міне балалар біздер таза ауамен дем алып, ұзақ жол жүріп орманға да жеттік.
Ауамен тыныс алу жаттығуы:
«Ауаны ұста»
Қане балалар бәріміз жайғасып отырайық.
Жолда келе жатырғанда не көрдіңдер?
Күн, ауа, жер, су, тас, тау - бұлар өлі табиғат. Бүкіл адамдар, жануарлар, өсімдіктер қоршап тұрған табиғат тірі табиғат.
Өлі табиғат – өспейді, өнбейді, өзгермейді. «Ғажайып сәт»
(құстың даусы, ағаштың сыбдыры естіледі)
Балалар ненің дыбысы естіледі?
Ненің даусы естіледі?
Жан жағымызға қарайық нелер өсіп тұр?
Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер? Ағаштарды суарып күтіп баптау керек. Оларға су, жарық, күн, көзі, ауа керек. Ол тірі өсімдік. Ағаш та тірі табиғат.
Құстың қандай түрін білесіңдер?
Құстар қалай тіршілік етеді?
Су ішіп жем, құрт - құмырсқаны жейді. Жұмыртқа басып балапандарын көбейтеді. Құстар да тірі табиғат.
Орманда мекен ететін қандай аңдарды білесіңдер?
Ал біздер адамдар тірі табиғатқа жатамыз. Біздер тамақ ішеміз, еңбек етеміз, жұмыс істейміз, оқып - білім аламыз.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Су құйғанда өседі.
Дидактикалық ойын: «Тірі табиғат пен өлі табиғатты іріктеу».
Себеттерді орналастырып түстерін атау,аралас жатқан,қиылған суреттерді іріктеу арқылы себеттерге орналастыру,өлі және тірі табиғатқа бөлу.
Суретпен жұмыс:
Суреттен нелерді көріп тұрмыз?
(Шөп, тау, су, құстар, аспан, күн, тас, аңдар.)
Көріп тұрғанымсыздың бәрін не деп айтамыз?
(Табиғат дейміз.)
Табиғат нешеге бөлінеді?
(Табиғат екіге бөлінеді.Өлі және тірі табиғат.)
Тірі табиғатқа не жатады?
(Адам, өсімдік, жануар.)
Өлі табиғақа не жатады?
(Су, бұлт, ауа, тас, құм, жұлдыз, ай, күн т.б.)
«Не артық?» ойыны
Балалар берілген суреттердің ішіндегі артық тірі немесе өлі табиғатты айқындап көрсете білуі керек.
«Кім көп біледі?» ойыны
Берілген суреттерді екі топқа ажырата білуі керек.
Қорытындылау.
1. Балалар бүгін біз қайда бардық?
- Орманға
2. Орманда нелерди көрдік?
- Өсімдік, жануар, адам, су,тас, тау, бұлт, жұлдыз, ай күн т.б.