Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Жүзеді,ұшады,жүреді»»
Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Көлік»
Тақырыбы: «Жүзеді,ұшады,жүреді»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: ой өрісін кеңейтіп,да мыту.рді түріне қарай ажырата алуын айту,білімдерін шыңдау.
Педагогикалық технологиялар:: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,ойыншық көліктер
Билингвалдық компонент:көліктер- транспорты
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар қыс мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?
Негізгі кезең: Балалар, бұл сыйлық сендерге көрші ауылдан «Қызғалдақ» балабақшасынан келіпті.Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?
Жәшіктердің түстерін сұрап, айтқызу.
Тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып, балаларды қасына кезекпен шақырып, жәшіктерді аша бастайды.
Ашқан бала жәшік ішіндегі бұйымды жұмбақ арқылы айтып, қалған балалар бұйымның атауын табуы керек.Қоңыр жәшікті ашу. - Бұл – жүреді. Ағалар, әкелер жүргізеді.Түстері әр түрлі болады. Төрт дөңгелегі болады. Онымен адамдар әр түрлі қалаларға, базарға барады.
Ақ жәшікті ашу.
Балалалр - Бұл жүрмейді. Аспанда ұшады. Ол тек үлкен қалаларды болады.
Көк жәшік ашылады.
Балалар- Бұның дөңгелегі жоқ. Жүрмейді, ұшпайды. Тек су болса ғана болады. Кейбіреулерінде желкен болады.
Сұрақ – жауап арқылы машина, ұшақ, кеменің бөлшектері, қолданылуы туралы балалардың білгендерін айтқызу, сипаттама беру.Көліктерді топтау және жалпылау. Көлік түрлерін басқаратын мамандар туралы әңгімелеу.
Дидактикалықойын: «Орнын тап».
Шарты:Машина, ұшақ, кеменің
Суреттерін өз орындарына (жер, ауа, су) қою. Ойын қорытындысы сы бойынша балаларды мадақтап, көліктер туралы әңгімені жалғастыру.