Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөз, сөйлем, буын туралы ойларын қалыптастыру.
Оқыту: Сөйлем құрастырып оны талдай білуге дағдыландыру.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Салем көздер ояныңдар,Салем құлақтар ояныңдар,
Салем аяқтар ояныңдар,Көздер көреді!
Құлақтар естиді!Аяқтар топылдайды!
Ал қолдар шапалақтайды.
Негізгі бөлім:
-Балалар,бізге қонаққа атай келді.
Топқа ата кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұзақ жол жүріп келдім.Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар келген қонаққа қарап амандасады.
-Сәлеметсіз бе,ата.
-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.
Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.
Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.
«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.
Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:
-Анау өрмекшіні көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,өрмек тоқып жүр.
Ата:
-Анау құмырсқаны көрдіңбе?
Бала:
-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.
Ата:
-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?
Бала:
-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.
Сонда атасы былай дейді:
-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.