Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту:Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы қажетті мүсіндеуге үйрету; үңгу, жалпақтау әдістерін меңгерту. Педагогикалық технологиялар: Өзіндік дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету:ермексаз, тақтайша,шөп өскен алқап, кірпі, әр түрлі саңырауқұлақтың суреттері. Билингвалдық компонент: саңырауқұлақтар - грибы. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту:Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы қажетті мүсіндеуге үйрету; үңгу, жалпақтау әдістерін меңгерту. Педагогикалық технологиялар: Өзіндік дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету:ермексаз, тақтайша,шөп өскен алқап, кірпі, әр түрлі саңырауқұлақтың суреттері. Билингвалдық компонент: саңырауқұлақтар - грибы. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. Ұйымдастырушылық кезеңі: Шынашағым, орманға бар! Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап! Ортан терек, тазалап ал! Балаң үйрек, қуыра сал! Бас бармағым, барлығын жеп, Өсіп қапсың толып. - Саңырауқұлақтар үлкен, кіші, сары,ақ, қоңыр болады. Кейбіреуі улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақ атауларын қайталап айтады. - «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз. Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл- қозғалыс жасайды. Негізгі бөлім: - Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші. Тәрбиеші саңырауқұлақты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. - Ақ ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз. Өздерін қалаған түсті ермексазды алыңдар. Оны домалақтап, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз. Сергіту сәті:Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. (Ғ. Қайырбеков.) Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз. Кезекші бала тазалық шараларын айтып өтеді. Балалар жұмыс жасайды. Қортынды:
- Балалар, бәрін де саңырауқұлақты әдемі мүсіндеңдер! (Балалар назарын шөптесін алқапқа аударады.) Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады - Бүгінгі сабақ ұнады ма? Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алұапқа, кірпінің үстіне орналастырады. Балалар өлең сөздеріне байланысты қимылдар көрсетеді. 2-3 рет қайталайды. Балалар тәрбиешінің көрстеуімен саңырауқұлақты мүсіндей бастайды.