kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Драматизация элементтерімен орыс халқының «Пых» ертегісі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

драматизация сказок в средней группе. Русский народный сказка "Пых". 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Драматизация элементтерімен орыс халқының «Пых» ертегісі».»

№ 30 «Жұмбақ» балабақшасы





Педагогикалық шеберлік апталығы

« Театрлық іс – әрекетті ұйымдастыру арқылы

мектеп жасына дейінгі баланың сөздік шығармашылығын

және мәнерлеу тілін дамыту»



Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.


Тақырыбы: «Драматизация элементтерімен орыс халқының

«Пых» ертегісі».





Дайындап, жүргізген: № 2 ортаңғы топ

тәрбиешісі Абдгалиева Р. Ш.





Атырау-2014ж Қараша айы



Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техналогиялық картасы.

Тобы № 2 ортаңғы топ. Күні, айы, жылы: 25.11.2014жыл.

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Драматизация элементтерімен орыс халқының «Пых» ертегісі».

Мақсаты

Білімділік: схема бойынша әңгіме құрастыруға балалардың тілдік қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: «Көкөністер» тақырыбы бойынша сөздік қорларын арттыру және белсендіру; балалардың сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру; көркемдік, интонациялдық тілдерін арттыру; сұрақ қою арқылы өз пікірлерін айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: балаларға жолдастарының пікірлерін тыңдауға, бірге ойнауға, өз іс – әрекеттерін басқа балалардың әс- әреттерімен бағалай білуге тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: көкөністер салынған ыдыс, слайд - декорация: қызылша, сәбіз, жуа, схема.

Алдын – ала жұмыс: ертегіні оқу.

Билингвалды компонент: Көкөніс- овощ, ертегі - сказка, кірпі –еж, Жалмауыз кемпір – Баба яга.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар, дөңгеленіп тұрайық. Қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң жер ана,

Қайырлы таң аспан.

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң достарым.


– Балалар, менде сендерге арналған сыйлықтар бар. Ол қандай сыйлықтар екенін, менім жұмбағымды шешсендер ғана білесіңдер.

Жұмбақтар: Слайд №1 (көкөністер)


Жер астында жез қазық. (Сәбіз)


Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрек доп жатыр (Қызылша)


Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз)

Балалар жақсы көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.








Балалар жұмбақты шешуін табатындарына қуанады.





Сәбіз



Қызылша



Пияз

Ұйымдастырушы ізденуші бөлім

- Жарайсыңдар балалар жұмбақтың барлығын шештіңдер.

Слайд № 2

Д/о: «Схема бойынша сөйлем құрастыр».

Енді балалар мына схема бойынша не екенін атап, түсін, пішінін, қайда өсетінін айтып береді.

-Балалар бұл не?

Дұрыс айтасыңдар бұл схема. Бұл не деген сұраққа заттың атауын, түсін, қандай пішінге ұқсайтынын, қайда өсетінін, дәмі қандай екенін айтамыз.

-Бұл не?

-Түсі қандай?

-Пішіні неге ұқсайды?

-Қайда өседі?

-Дәмі қандай?

-Кім маған әңгімелеп береді?











- Өте тамаша көкөністер жайлы жақсы айттыңдар. Ал енді дәмін айыра аласыңдар ма?

Д/о: «Не дәмді».

Ал, енді көкөністерді дәміне қарай ажыратайық және қандай екенін айтайық. (Қияр, қызанақ, қызылша, жуа, сәбіз)

Балалар жеп дәмі қандай екенін айтады.









-Балалар сендер нені жеп қарадыңдар?

Көкөністер орысша – овощи деп айтамыз.

Сәбіз деген саусақ жаттығуын айтайық.

Біз сәбізді аламыз,

Үкіштен үгіп майдалаймыз.

Қантты сеуіп дәмдейміз,

Қаймақ құйып сәндейміз.

Міне дайын нәр тағам,

Дәуірменге байыған.


-Осы көкөністер туралы ертегі білесіңдер ме?


Слайд №4 «Пых» ертегісініңсуретін көрсету.

Балалар алыңғы сабағымызда сендермен орыс халқының «Пых» ертегісін оқыдық.


-Осы «Пых» деген орыстың ертегісін ролге боліп ойнап көрелік.


Тәрбиеші: Бір күні шал мен кемпір және оның немересі Аленушка болады.

Олардың бау – бақшасы болады. Баубақшада сәбіз, қызылша, қырыққабат, шалқанды да өсірді. Шал шалқан жегісі келіп бақшаға барады.









Шал шалқанға қарай иіліп еді артынан....

Шал қорқып қашып кетеді. Кемпірге келіп айтады.














Кемпір шалқанға қарай иіліп еді артынан....

Кемпір қорқып қашып кетеді. Шал екеуі отырады.











Аленушка шалқанға қарай иіліп еді артынан дыбыс шықты.

Аленушка қорықпай артын қарады. Домаланып кірпі жатыр.

Бір қолына кірпіні, бір қолына шалқанды алды. Шал мен кемпірге келіп

Шалқанды алып кірпіні өздерімен бірге қалдырады. Осымен ертегі бітті.

Сұрақтар қою.

-Қандай ертегіні тыңдадыңдар?

-Ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы?

-Кім кірпіні тауып алады?

-Кірпі қайда тығылды?

Кірпі орысша – еж.

-Етегі сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

- Жарайсыңдар балалар!

Ертегі орысша – сказка.


-Не отырыс балалар?

Ойнағымыз келмей ме?

Шығыңыздар ортаға.

Кел, ойнайық қуана.

Ойынымыз «Жалмауыз кемпір» деп аталады.

Ойын шарты:

Шеңбердің ортасында жалмауыз кемпір тұрады. Қолында таяғы. Жанындағы балалар жүгіріп, оны келемештейді. Қолындағы таяғымен бір баланы түртіп қалса, сол бала қатып қалады.










-Балалар ойын қалай аталады?

Жалмауыз кемпір орысша баба яга дейміз.






Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрғандарын әңгімелеп береді.

Схема.

Балалар тыңдайды.





Бұл бұршақ.

Сары түсті.

Ұшбұрыш пішінді.

Жерде өседі.

Дәмді.

-Бұл бұршақ– түсі қызыл, үшбұрышты пішінді, жерде өседі, дәмі дәмді, қатты


- Жуа – түсі сары, дөңгелек пішінді, жерде өседі, ащы, жұмсақ.


-бұл картоп – қоңыр түсті, сопақша пішінді, жерде өседі, дәмді, жұмсақ.





Балалар көкөністер салынған ыдысы бар үстелге жақындайды.



Балалр көкөністерді жеп қарап қандай көкөністі жегендерін айтады.

-Бұл сәбіз, тәтті, қатты, падалы.

-Бұл қызылша, тәтті, жұмсақ, пайдалы.

-Бұл қияр, дәмді, қатты, қытырлаған.

-Бұл қызанақ, дәмді, жұмсақ.

-Бұл жуа, ащы, жұмсақ.

Көкөністерді жеп қарадық.


Овощи




Балалар өлең сөзңне қарап қимыл жасайды.






Шалқан ерегісі, қияр мен қырыққабат ертегісі, қарбыздың дәні ерегісі, пых ертегісі.




























Ролі бар балалар үстел үстіндегі бас киімдерді алады.










Шал: Дәулет.

Бау бақшаға келіңдер,

Барлығын көріңдер.

Бәрі гүлдеп, бәрі өсті,

Тамашаны көріңдер.

Міне тәтті сәбіз,

Міне қызыл қызанақ,

Міне жасыл қырық қабат,

Міне сары шалқан.


Аяна: «Пых- пых»


Шал: Кемпір ана жақта шалқанның астында бір үлкен аң жатыр.

Кемпір:Аймерек.

Ой шал мен өзім барып қарап келейін.

Бау бақшаға келіңдер,

Барлығын көріңдер.

Бәрі гүлдеп, бәрі өсті,

Тамашаны көріңдер.

Міне тәтті сәбіз,

Міне қызыл қызанақ,

Міне жасыл қырық қабат,

Міне сары шалқан.



Аяна: «Пых- пых»


Аленушка: Медина.

Ата, әже мен барып шалқанды жұлып келейін.

Бау бақшаға келіңдер,

Барлығын көріңдер.

Бәрі гүлдеп, бәрі өсті,

Тамашаны көріңдер.

Міне тәтті сәбіз,

Міне қызыл қызанақ,

Міне жасыл қырық қабат,

Міне сары шалқан.


Аяна: «Пых- пых»




Аленушка: Медина. Міне шалқан, міне сендердің қорқынышты аңдарың.





Балалардың жауабы.


Еж.




Сказка.









Балалар ойын шартын түсініп ойынға шығады.

Жалмауыз кемпір таңдалады, ортада бір аяғын секіріп жүреді. Жанында тұрған балалар:

Аяғы сүйек

Жалмауыз кемпір

Пештен құлап

Жатыр жылап

Ызаланып енді ол

Аулаға барып

Тауықты басты

Базарға барып

Ыдысты басты.

-Жалмауыз кемпір.


Баба яга.

Рефлексивті коррекциялаушы бөлім

-Балалар сендерге ертегі үнадыма? Ертегі қалай аталды? Сендерге несімен ұнады?Ертегі орысша қалай балады?

Кірпіні орысша қалай атаймыз? Көкөністерді орысша қалай атаймыз? Үйден өздеріңе ұнаған жерін қағаз бетіне салып келіңдер.

Балалар сұрақтарға жауап береді, билингвалды компонентерді атайды, үйден ертегінінің суретін салып келетіндерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Көкөністердің атын, түсін атай біледі.

Ұғынуы: Ертегі мазмұнын түсініп ұғынады.

Жасай алуы: Жұмбақтардың шешімін табады, схемамен жұмыс жасайды, ертегі тыңдайды, қимылды ойын ойнайды.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: «Драматизация элементтерімен орыс халқының «Пых» ертегісі».

Автор: Абдгалиева Райхан Шамиловна

Дата: 12.11.2018

Номер свидетельства: 485067


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства