Дамытушылық: Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру
Оқыту: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: Өзіндік дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету: пішіндер туралы видеоролик, суреттер. Билингвалдық компонент: пішіндер- фигуры. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Дамытушылық: Қоршаған ортадағы заттарды ұстап көру арқылы дамыту
Оқыту:Мата мен қағаздың қасиетін ажыратуға үйрету
Педагогикалық технологиялар: Өзіндік дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ойын технологиясы. Ресурстармен қамтамасыз ету: қағаз, ағаш, мата, мақта, умаждау, жырту, желімдеу,қию, тігу, үтіктеу.
Билингвалдық компонент: қағаз-бумага, мата- ткан. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тосын сәт. Қонаққа көрші топтан қуыршақ Айгерім келеді. Ол қонаққа келді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Әңгімелеу. -Балалар, Айгерім мына қағаз лентаны шашына тағып беруді өтінеді. Мен оған түсіндіргенмін, қағаз лента умаждалады және жыртылады деп, бірақ ол сенбейді. Балалар, Айгерімді сендіруге көмектесіңдер.
Балалар қуыршаққа таң қалады, қуанады.
-Сәлеметсің бе, Айгерім!
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, сендіруге көмектесетіндерін айтады. - Жарайды, көмектесеміз.
Негізгі бөлім:
- Қағаз лентаны умаждаймыз, сонан соң жазыңдар. - Қағазға не болды? - Атлас лентаны(матаның бір түрі) умаждаймыз. Енді оны жазып көріңдер. - Ал, еді атлас лентаны жыртыңдар. - Матаға не болды? -Енді қуыршақ Айгерімнің шашына қағаз және мата ленталарын тағып көрейік. -Қай лента қалай байланды?
Сөздік жұмысы: қағаз – жұқа материал, ағаштан жасалады. Ағаштың адамға пайдасы көп. Ағаш ауаны тазартады, жазда күннен қорғайды. Одан әртүрлі заттар жасайды. Мата – мақтадан жасалады. Мақтадан түрлі маталар жасайды. Содан соң матадан киімдер тігеді. Сондықтан ағаштар мен мақтаны бағалау керек
Сергіту сәті. «Ақ қоян» - Мына қағаз лентаны жыртып, содан соң желімдеу керек. - Ал, матаны қиып, содан соң тігеміз.(Балаларға көрсету.) Тіл ұстарту. Қа-қа-қа- қағаз. Ма-ма-ма- мата. Сұрақ-жауап: - Көйлек неден тігілген? - Мына шырша неден жасалған? - Ал, үй ше? Д/о. «Қара да, тап»(Қағазбен және матадан жасалған заттарды тауып, атау.).
- Қағаз тез умаждалады және жыртылады. Атлас лентамен де сондай іс-әрекет жасайды. Бір бала қағаз лентаны тағады. Ал екінші бала атлас лентаны байлайды. -Мата тез байланды, ал қағаз жыртылып қалды. Балалар сөздерді 2-3 рет қайталай-ды.Үлгілерді көреді. Балалар сегіту сәтін жасайды. Балалар тапсыр-маны орындайды. - Қағазды жырттым және желімдедім. Балалар тіл жат-тығуын орындайды. -Көйлек матадан тігілген. - Шырша қатты қағаздан жасалған. - Үй де қатты қағаздан істелінген. Қортынды: - Сонымен қағаз лента қандай және мата лента қандай? - Қағазды желімдейміз, ал матаны - Мата умаждаланса, оны Қағаз әртүрлі болады. Қағаз умаждалады, жыртылады. Оны желімдеуге болады. Матада әртүрлі болады. Мата умаждалады, оны үтіктеуге болады. Мата жай жартылмайды, оны қию керек, содан соң ине-жіппен тігуге болады.