жол ережесін білейік аман есен жүрейік:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойын) Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. 3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет. Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет: Жұмбақтарды шешу: Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. (Полиция қызметкері)
2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып, аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол) 4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш козі бар бірақ та. (Бағдаршам) 5. Арқаным бар тым ұзын, Ала - алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек. - Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. - Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесің дер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. - Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол) - Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді). (Тақтада) Қызыл – тоқта! Сары - сақтан! Жасыл - жол ашық! 1 -: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! 2 -: сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға! 3 -: Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба! (Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады). Өлең шумақтары: Көшеде біз сақ болайық, Қаймықпасын ата - ана. Жолда сен бол лайық, Жас ұлан деген атқа