Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата-ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алуы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»»
Тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»
Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен сұхбаттасу. Сұрақтар беру арқылы ата-ананың қаншалықты бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігі туралы пікірлесу. Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алуы.
Қажетті көрнекіліктер:
Бала тәрбиесі жөнініде айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ,
Түрлі-түсті картоннан жасалған кубик
Билет сұрақтары
Картоннан жасалған Алма және оны ілетін тал
Аяқталмаған мақал-мәтел жазылған түрлі-түсті қағаздар
Оларды бағалайтын үш бұрыш,төрт бұрыш,жұлдызша
Іскерлік ойыны
Бәріміз балабақша шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойнымыз да білім ордаларының өмірімен байланысты болғаны дұрыс. Іскерлік ойын «Сынақ» деп аталады. Ол үшін мен сіздерге сарапшы міндетін атқарам. Сондай-ақ, сіздердің араларыңыздан. Іскерлік ойынға қатысатын 6 ата -ана шығуы қажет. Егер өз еріктерімен шыққылары келмесе, былай әрекет жасау керек: әр жағы әр түсті кубикті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсаса немесе сондай түсі басым киім киген адамды ортаға шығару. (3 топқа бөліу,яғни үш бұрыш,дөңгелек,төртбұрыш таңдап сол столға жайғастыру)
Шаттық шеңбері:«Достық» тренингі Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру. Ата-аналар ортаға шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына гүлді мен ұстап: аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: Жұбатқанова Жұлдыз Жұбатқанқызы.Мен «Жазира» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез тату болайық дегім келеді- деп гүлді қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, осы гүлдейжарқырап,, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.
(Орындарына жайғасуынызды өтінемін)
Алдарына сауалнама беру(толтыру)
Біздің жемісіміз,біздің болашағымыз осы біздің балаларымыз.Мен балаларды тәтті алмаға теңедім.Осы алмаға өздеріңіз балаларыңызға не тілер едіңі соны жазып берсеңіздер мен богс уақытымда осы балаларға сіздің тілектеріңізді оқып беремін.(тілек жазылса соны талға ілдірту)
Енді ойынымызды жалғастырайық. Бұл ортаға шыққан 6 ата-анамыз 6 түрлі сынақтан өтеді. 1 сынақ ситуациялық сұрақтарға жауап беру. 2 сынақ – аяқталмаған мақал- мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. 3.Үш кезектегі сынақ – бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, балаларының атын қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің құрметіне қойылғанын түсіндіріп айтып шығады.
4 .сынақ «Жадында сақтап көр» ойыны
5. Аяқталмаған сызықтарды өз қиялыныз бойынша балалармен бір бейне шығарып аяқтау
6.Ертегі желісі бойынша (Балалармен «Бауырсақ»ертегісін сахналау)
І – кезектегі сынақ. Мына стол үстінен кез- келген билетті алып ситуациялық сұраққа жауап берулеріңіз керек. Сұрақпен қоса, реттік нөмірлеріңіз беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндеріңді толық атап өтесіздер .
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф- зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді.
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру – олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге көмектеседі.
3. Сізге балабақша тәрбиешілері«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін терңнен іздеңіз. Басқаларды ренжіткен бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар.
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге (қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз күнде балабақшаға кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады.)
6. Балаңыз балабақшадағы болған жайды дұрыс түсінбей сізге керсінше жаман жағын айтып келсе,сіз не істейсіз? . Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, тәрбиешілерден сұраған жөн)
ІІ – сынақ – аяқталмаған мақал-мәтелдерді аяқтау. Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.
Ата – асқар тау,
Ана – (бауырындағы бұлақ)
Бала – (жағасындағы құрақ)
Ұлың өссе,
Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе,
Қыз (үлгілімен ауылдас бол)
Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс)
Ерлі – зайыптылар тату болса (үйге береке, араз болса, елге келеке)
Анасы қандай болса – (баласы сондай)
Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)
ІІІ сынақ – балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.
Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. Егжей – тегжейін ашып айтып, жақсы түсініктеме берсеңіздер, соғұрлым сарапшының ұпайлары жоғары болатынын естеріңіщден шығармаңыздар. Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар. Ол Ономастика – атаулар турлы ғылым. Адам аттарын, фамилияларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған.
Бәріміз шаршаған болармыз бір дем алып тренинг жасап жіберсек.
Шарты: Көздеріңізді жұмып менін айтқандарым бойынша көз алдарына елестетіңіздер.Қорытындысын слайд бойынша көрсету.
Қорытынды
барлық ұпай сандарын қосып, ұпайы ең жоғары қатысушыны айтады. Бағалау жұлдызша,үш бұрыш,төр бұрышпен бағаланады