І кезең- мотвациялық- қозғаушы | Амансыңдарма балалар! Мен ссіздермен кездескеніме қуаныштымын, енді барлығымыз мына өлең жолдарын бірігіп айтайық: | Достарыд біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз, Біщдің топта ұл қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз! |
ІІ кезең-проблемалық- ізденушілік | Тәрбиеші С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесін оқып береді, сұрақтар қояды. «Атасының ақылы» Төкен мен келісе алмай қалушы едің, қазір араларыңнан қыл өтпейтін болыпты ғой, Еркім?!-деді бірде атасы. -«Қыл өтпейді...» дегенде түсінбедім, ата?-деп таңырқады немересі. -Тату-тәтті дос болыпсың дедім ғой. -кездескен сайын кәмпит берсе, онымен кім дос болмайды! -Мен ешкіммен тамақ үшін дос болып көргенім жоқ, балам. Достықтың тамыры тереңде, адал, ақылды балалармен дос бол балам! Адамға жақсылық жасаудың өзін бақыт санайтын адамдармен ғана дос бол, -деді атасы сонда. Сұрақтар: Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді? Еркіннің атасы немересіне достық туралы қандай ақыл берді? «тату-тәтті дос» деп қандай достарды айта аламыз? Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қоллды белге қоямыз, Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір. Гүл гүл жайнап жанамыз, Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Ойын: «Достық неден басталады, достыққа не жараасады?» Тәрбиеші төмендегі сөздерді айтады: Достық танысудан басталама? Достыққа қамқорлық жарасама? т.б. | Балалардың жауаптары тыңдалады. Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады: Балалар соған келісіп, иә немесе жоқ деп жауап беріп қолдарын шапалақтайды. |
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші | Ғажайып сөздер: Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. | Шынайы достық қуаныш әкеледі. Адал достар үнемі бір-біріне көмекке дайын болады. Достарын көп болсын десең өзің жақсы бол. |