Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет, сандық қақпа, гүлдер, тоты құс, балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. Әдіс тәсілдер: сұрақ жауап, сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең. Барысы: шаттық шеңбер: Балалар бүгінгі күн ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Ал, қанікей
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Біз - табиғаттың жас қорғаушыларымыз!»»
Тақырыбы: «Біз - табиғаттың жас қорғаушыларымыз!»
Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. Әдіс тәсілдер: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең. Барысы: шаттық шеңбер: Балалар бүгінгі күн ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Ал, қанікей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар! Тәрбиеші: - жарайсыңдар! Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу қызметіндегі тақырыбымыз « Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз». Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады. Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.
Жұмбақ: Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. «Күн»
Тауда өсер ,таста өсер, Көктем менен жазда өсер. Қыста өшер. «Шөп» Жаздың суретін құрастырып, әңгіме құрайды. Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады. Балалар табиғат екі түрге бөлінеді. Өлі табиғат және тірі табиғат . -Өзіміздің тобымыздағы өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар? -Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады. -Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады. -Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы? -тоты құс,балықтар,тышқан. -Ал,өлі табиғат ше? -Ауа,алдымыздағы су,топырақ. Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда. -Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік. Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер. -Судың дәмі бар ма? -Жоқ. -Иісі бар ма? -Жоқ. -Түсі бар ма? -Мөлдір. Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар. -Қант қандай күйге енеді? -Қант суда ериді. Келесі стаканға құм салып көрейік. -Құм ериді ме? -Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді. Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашу үшін жақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық Сергіту: Өзен болып гурілдейміз Теңіз болып толқимыз, Бұлақ болып бұрқылдаймыз, Ешқашанда сарқылмаймы.з Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді. -менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер.Бұтағымды байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті. -балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына орналастырайық. Айнур: ұяны орнына қояды Ағаш: Рахмет сендерге балалар Айнур: Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапан жарып шықты.Жаңа өмір басталды деген осы Ренат: - Апай мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр. Достарыма Өсіруге балапан Құстар ұя салады Тақия тұзақ салмайақ Қайғысына қалмайақ Әдейі көздеп атпайақ Көп күнаға батпайақ Құс ұясын бұзбайақ Жұмыртқасын алмайақ, Обалына қалмайақ -міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар. Тәрбиеші: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын түсіндіреді. Қортынды: балалар не білді? Не үиренді ? Жомар болуды –күннен бір орнында тұрып қалмауды- Сыңғырлап аққан өзеннен. Жарқырай білуді –жұлдыздан . Ізденуді –жерден. Көк аспаннан-самғауды Тазалықты-жаңбырдан . Гүлдерден-сүие білуді. Көк жиектен –арманды . Табандылықты-желкеннен. Ал кешірімді ананың қара көзінен,үиренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар.
Балаларға сұрақтар қою арқылы алған білімдерін тексереді, не үйренгендерін сұрайды. Қоштасу шеңбер: Бәріміз дос бауырмыз Ажырамас іргеміз, Қиындыққа мойымай Сау болыңыз дейміз біз!
МҚКК «Айналайын» балабақшасы
«БІЗ – ТАБИҒАТТЫҢ ЖАС ҚОРҒАУШЫЛАРЫМЫЗ!»
Тәрбиеші: Адылханова Г.М.
Аққу 2017ж
«Ойыншықтар әлемінде»
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде» Мақсаты: 1) Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау, тоқсан бойы өткен білімдерін бекіту. 2) Сурет бойынша әңгімелеу, сипаттау арқылы балалардың өз ойын жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Тіл мәдениетіне баулу, сөздік қорларын молайту. 3) Балаларды ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу.
Көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, дидактикалық ойын материалдары.
Сабақтың барысы:
Балаларға «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне саяхатқа шығатынымызды хабарлап, жұмсақ ойыншық қонжықты көрсету. -Балалар, қараңдаршы, сондай көңілсіз, тіпті өзі жалғыз екен. Қане, жылы сөздер айтып, бізбен бірге болсын деп айтайық.
-Балалар, «Ойыншықтар әлемі» дүкеніне қош келдіңіздер! Қараңдаршы, дүкенде ойыншықтар көп екен. Ойыншықтар сатып алғыларың келе ме?
-Ал, біздің ақшамыз жоқ қой. Енді не істейміз?
-Балалар, дүкенші апайдың бізге берер тапсырмасы бар екен. Егер сол тапсырмаларды орындасақ, дүкенші апай бізге қалаған ойыншықтарды сыйға тартады.
Сонымен, балалар, дүкеншінің бірінші тапсырмасы – сендерге балабақшаларың туралы әңгімелеп берсін дейді.
Ендеше, балалар, мына суреттер бойынша әңгіме құрастырайық.
1-тапсырма. Сурет бойынша әңгімелеу.
-Жарайсыңдар, балалар! Дүкенші апайдың келесі тапсырмасы мына ойыншық жануарларды сипаттап беру.
-Мынау қандай жануарлар?
2-тапсырма.
Қоянды сипаттау.
Қоян қандай, нені жақсы көреді, қалай жүреді(қимылмен көрсету)
Пілді сипаттау.
Піл қандай жануар, мұрны қандай, ол қалай тамақтанады.
Аюды сипаттау.
-Балалар, біз аюды сергіту жаттығуы арқылы сипаттап берейік. Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, серігіп алайық.
Сергіту сәті.
Қорбандаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
-Балалар, дүкенші апай бізге риза болып отыр, бірақ оның тапсырмасы аяқталған жоқ. Тағы да тапсырмасы бар екен. Ол – төрт-түлік жануарлар туралы айту.
3-тапсырма. Төрт-түлік жануарлар туралы айту, олардың төлдері, пайдасы туралы әңгімелету.
-Мынау не?
-Сиырдың баласы қалай аталады?
-Сиырдың қандай пайдасы бар?
Сұрақтар қоя отырып, қой, ешкі, жылқы, түйе жөнінде әңгімелету.
-Өте жақсы, балалар! Шаршаған шығарсыңдар, ендеше ойын ойнап алайық. Дүкенші апай сіздерге ойын ұсынып отыр.
-Мына суретте кімдерді көріп отырсыңдар?
-Ендеше, «Қайсысы жоқ?» деген ойын ойнаймыз, көңілімізді көтерейік.
Дидактикалық ойын «Қайсысы жоқ?».
Жарайсыңдар, балалар! Дүкенші апай сендерге қуанып отыр, риза болып рахметін айтып отыр. Сіздерге ойыншықтарды сыйға тартып отыр. Дүкенші апайға не айтамыз.
-Ал, балалар қараңдаршы, біздерде қандай ойыншықтар бар?
-Ендеше, балалар, бәріміз бірге «Ойыншықтар» әнін орындайық.
Ән айту «Ойыншықтар»
Қорытынды: -Ал, балалар, дүкендегі саяхатымыз ұнады ма? Енді ойыншықтарымызды алып, балабақшамызға қайтайық.
МҚКК «Айналайын» балабақшасы
«Ойыншықтар әлемінде!»
Тәрбиеші: Адылханова Г.М.
Аққу 2017ж
Тақырыбы: Көрме жұмыстары: сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары
Мақсаты: Балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту, халықтың тұрмыс – салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін, мақал – мәтелдер арқылы тілдерін байыту, бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерімен таныстырып, оны меңгере білуге, ептілікке, сыйластыққа баулуға, Отан сүйгіштік, бір – біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақ халқының ұлттық ою - өрнектері сәнді қолданбалы бұйымдары, зергерлік бұйымдар жайында слайд суреттер т.б.
Құрал–жабдықтар: Түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, жіп, ине, кесте, ермек саз,қарындаштар, бояулар, қамшы бұйымдары , үкі т.б.
Сабақ барысы: - Қайырлы таң, құрметті қонақтар, балалар! «Алтын қол» шеберханасына қош келіпсіздер! Бүгін шеберханамызға қонақтар келіп отыр. Ал енді балалар, осы қонақтармен және бір-бірімізбен қайырлы таң тілеп амандасайық.
Арайланып таң атты Алтын шуақ таратты. Қайырлы таң балалар Қайырлы таң апайлар.
(осы кезде есік қағылып, Алдар Көсе кіреді.) - Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар. Балалар мені таныдыңдарма? Дұрыс айтасындар менің атым Алдар Көсе. Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға, сонау ертегілер елінен келдім. Балалар, сендерге қояр сауалдарым да бар. Тәрбиеші: - Төрлетіңіз ата. Отырып демалыңыз, алыс жолдан шаршаған шығарсыз. - Балалар енді өздеріңді, қонақтарға қай өнер елінен келгендеріңді айтып, тілектеріңді білдірсеңдер.
1-топ Исатайдай батыр болам, Иса атамдай ақын болам. Игі істе батыл болам, Игілікке жақын болам.
Тілектер Еліміз тыныш болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Сендер елін, Отанын қорғайтын батырлар екенсіңдер ғой! Ал, енді бір топ қыздарға сөз берейік. 2-топ Шебер біздің әжеміз де, Шебер біздің анамыз да, Шебер болған апам да, Бізде шебер боламыз.
Тілектер Аспан ашық болсын! Қонақтар аман болсын! Мектебіміз жайнай берсін! Тігінші қыздар тілектерің қабыл болсын! 3-топ Дайын қалам, қағазымыз. Мүсіндейде аламыз. Ақ, көгершін кең аспан, Суретін біз саламыз. Тілектер Ел- жұрт аман болсын! Дос болайық! Сендер мүсіншілер мен суретшілер болдыңдар ғой? - Ал енді балалар өнер туралы әңгімемізді, сабағымызда жалғастырсақ. Ұлттық қол өнер түрімен біз күнделікті үйде, мектепте де танысып жүрміз.Әрқайсымыздың үйдегі шебер әжелеріміз оюлап талай әдемі нәрселерді тігетіңдерін білесіңдер. Сол бұйымдарға нелер жатады? ( көрпе, кілем, көйлек, шапан, камзол, тымақ, сәукеле, сырмақ, тақия, текемет, алаша т.б.) - Ал бұрынғы аталарымыз ағаштан, темірден қандай бұйымдар жасаған? (сандық, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел, ер-тұрман, кебеже, т.б. ) - Ал зергерлік бұйымдарға не жатады? (сақина, сырға, шолпы, бойтұмар, қапсырма, шашбау, алқа, білезік т.б) - Өте дұрыс тауып айтыңдар, ал енді естеріңе ыдыс-аяқтарды түсіріп атап өтіңдерші: ( кесе, тостаған, астау, ожау, табақ, самауырын, шәйнек т.б. ) - Дұрыс осының бәрі де ыдыс-аяқ түрлері, осы ыдыс-аяқты салатын әжелер әдемілеп тіккен қапшық болады. Оны қалай атайды? - Аяққап. - Дұрыс айтасыңдар!Осы бұйымдардың бәрін немен әшекейлеп, өрнектеген? - Оюлармен. Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер? Оюлар: ( қошқармүйіз, жұлдыз, гүл, ботагөз, тарақ, балдақ, балта, омыртқа, құс қанаты т.б. ) «Оюды танып айт»(ойын ұйымдастыру).(Алашадағы түс киіздегі оюды тауып, қай бұйымдарда қолдануын айту).Сонымен осы бұйымдардың бәрін де халқымыз бір сөзбен қол өнер түрі деп атайды. Қандай өнер түрі деп айтамыз? - Қол өнер түрі. Ал бүгін сендер осы өнер түрлерін қалай меңгергендеріңді өз жұмыстарыңның нәтижесінен көрсетесіңдер. 1-топ «Батырлар» тобы. Сіздердің тапсырмаларыңыз: қамшы өру, қалқан мен қанжарды ұлттық оюмен әшекейлеу. 2-топ «Шебер арулар» тобы. Сәукелеге үкі тігу, текемет пен алашаға түсті қағаздан ою жапсыру, кесте тігу. 3-топ «Суретшілер мен мүсіншілер» тобы. Киіз үй мен торсықты қылқалам арқылы оюлап әшекейлеу, тұзды қамырдан тұмарша , алқа әзірлеу; ермексаздан киіз үйді барельеф – тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіру тәсілімен мүсіндеу. Жұмысқа кіріспес бұрын демалып, сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәтті: Маған арнап жекелеп Әжем басты текемет. Бір топ адам аяқпен Теуіп бердік төпелеп Басу қызық текемет. Үсті-үстіне төпелеп. Алда біреу жіппен Саумалайды жетелеп. Әрі біраз аунаттық. Бері біраз аунаттық Қабат шидін сыртынан Қайнақ суды саулаттық. Өздеріңде, қолдарыңда дем алды, енді жұмысқа кірісуге болады. Бірақ алдымен жұмыс істемес бұрын нені сақтау керек? - Қауіпсіздік ережесін сақтау керек! (Қайшыны дұрыс үстау, желіммен ұқыпты, таза жұмыс істеу, инені саусаққа кіргізіп алмау т.б. ) - Бүгін осы ертегі елінен келген Алдар Көсе атамызды ортаға шақырайық. Әр топтың өнерімен танысып, өзінің сұрақтарын қойсын. Ал сендер жұмыстарыңды жасай отырып, қойылған сұрақтарға жауап беріңдер. (Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді, өздерінің жұмыстарымен таныстырады. Қандай ою-өрнектерді пайдаланғадары жайында әңгімелейді.) Қорытынды: Алдар Көсе: Мына жұмыстарыңды бітіріп нәтижеге жету үшін біраз еңбек еттіңдер ғой, енді маған осы еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып берсендер. • Еңбек түбі береке. • Еңбек етсең емерсің. • Өнерлі бала, алтын бала. - Рахмет, сендерге балалар.
Тәрбиеші: - Алдар ата сіз отырып демалыңыз біздің балалар еңбек туралы тақпақта біледі, еңбек туралы тақпақты біздің Қарақат қызымыз айтып берсін. Еңбек еткен бала бәрін де жеңеді екен, ал сендердің қиындықтарының бәрі артта қалды.Енді жұмыстарыңа баға берейікші. Өздеріңе ұнады ма? Маған да ұнады. Ал енді балалар, бүгін сендердің ата – аналарыңа мен «Қуанышты хабарлама» жіберемін. Тәрбиеші - Бізде, “Қонақ кәде” деген болады. Біздің балалар өздерінің жасаған қол өнерлерін сіздерге сыйға тартады. Құрметті қонақтар, Алдар ата сіздерді қол өнер көрмесіне шақырамыз. Балалардың жасаған қол өнерін тамашалаңыздар! (Көрме ұйымдастыру) Алдар Көсе: - Өте тамаша, жарайсыңдар. Менің ұрпағым біздің қазақтың ұлттық қол өнерін әліде ұмытпапты екен. Мен ертегі еліне сендерге өте риза болып қайтамын. - Рахмет, Сау болыңдар. Сау болыңыз!
Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.
Балалар шеңбер құрады.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қуанатын күн бүгін,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі
бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін
дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.
ЖҰМБАҚТАР:
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/
Өзі бір қу,
Жүрген жері шу./Түлкі/
Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/
Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта
Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/
Жер қопарған тісімен,
Сескенесің түсінен. /Қабан/
Үй-ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жыртады,
Мысықтан қорқады. /Тышқан/
Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа
келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?
Балалар: «Қолғап»
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.
Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.
Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.
Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.
Шыршалардың арасынан бақа шығады.
Бақа: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.
Ал сен кімсің?
Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.
Тышқан: Мұнда орын жетеді.
Шыршалардың арасынан қоян шығады.
Қоян: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.
Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.
Қолғапқа түлкі бикеш келеді.
Түлкі: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.
Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.
Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.
Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Ал сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.
Қолғапқа қабан келеді.
Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Қасқыр: Қасқыр тұрады.
Ал сен кімсің?
Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.
Қабан қолғапқа кіреді.
Шыршалардың арасынан аю шығады.
Аю: Қолғапта кім тұрады?
Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.
Бақа: Секек бақа тұрады.
Қоян: Зымырауық қоян тұрады.
Түлкі: Түлкі бикеш тұрады.
Қасқыр: Қасқыр тұрады.
Қабан: Сояу тісті қабан тұрады.
Ал сен кімсің?
Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.
Тышқан: Жоқ!
Бақа: мұнда орын жоқ!
Қоян: сен дәусің қалай кіресің?
Аю: Қолғапқа кіреді.
Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған қолғапты тап деп бұйырады.
Ит әуп-әуп-әуп.
Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?
Қолғаптан тез шығыңдар.
Шал мылтықпен келеді.
Қолғапты алып кетеді.
Сендердің қолғап үйлеріңді шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.
Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге
үй-баспана құрастырайық.
Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.
Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар.
Тақырыбы: «Қош бол Жаз!»
Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшелігін басқа жыл мезгілдерімен салыстыру,жеміс-жеидек,көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі Қош бол жаз атты ойын сауығымызға қош келдіңіздер!
Көңілді жаз тамаша
Күледі күн қараса
Жағасында ойнаймыз
Жалаң аяқ балаша-дегендей балалар жаз мезгіліде аяқталып қалды.
Жаз: балалар мен сендермен қоштаспас бұрын жаз мезгілінің еркешеліктері туралы білгім келеді.
Жаз: балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Жаз мезгілі
Жаз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар:Үш айдан тұрады
қандай айлар атап айтайық?
Балалар: Маусым,Шілде,Тамыз.
Тосын сәт: «Қой мен Текенің келуі» екеуі бір-бірін мүйіздерімен соғып айтысып келеді. Екеуін арашалап қой келеді.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мынау «Қой мен Теке» ертегі кейіпкерлеріғо текеғо.Бұларға не болған екен.
Ақылды қой: Соны айтам екеуің не бөлісе алмай қалдыңдар?
Қой: Мен текеге жаз мезгілі аяқталып қалды дедім жердегі жайқалып өскен шөптерді теріп атамен әжеге көмектесейік десем ал ол болса…
Теке: Мен қойға жаз мезгілі аяқталмайды дедім, неге шөптерді біз жинаймыз атай мен әжей өзі жинасын дедім
Ақылды қой: Қой Теке босқа дауласпаңдар.Теке сенікі дұрыс болмады. Күннің ыстығында атамен әже шаршайдығо көмектесе салсаң сенің нең кетеді.Қой дұрыс айтып тұр жаз мезгілі аяқталды жердегі шөптерде гүлдерде, көкөністермен жемістерде енді өспейді.Ой балалар күн ыстық болып кеттіғо…Қой бұның бәрін күннен сұрайық, жаз мезгілінің аяқталуын күн білетін шығар.
Жүргізуші: Қане балалар ендеше күнді қонаққа шақырайық, күннің өз аузынан естейік.
Балалар: Күн күн бізге қонаққа кел, күн күн бізге қонаққа кел,
Күн: Сәлематсіздарме балалар мені шақырдыңдарма,мында не болып жатыр,нені бөлісе алмай жатырсыңдар?
(Қой мен теке бір бірімен тағыда мүйіздерімен сүзіп тұрады)
Ақылды қой: Қой мен текенің дауласуының себебі бірі жаз мезгіл аяталды десе ал енді бірі аяқталмайды дейді,сол себепті сені шақырдық,сен айтшы жаз мезгілі аяқталып қалдығо солай емеспе күн.
Күн: Ақылды қой сен дұрыс айттың әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар.Жаз мезгілінде мен сендерге жақын болдым,бар ыстықнұрымды төктім,енді күз мезгілі жақындады мен сендерден алшақтаймын.Мен сендерді келесі жаз мезгілі келгенше сағынатын болдым
Жүргізуші: Қош келдіңдер ертегі кейіпкерлері және Күн.Балалардың өнерін тамашалаңдар.Ортаға жез мезгіліне арнап жаттаған балаларымыздың тақпақтары бар екен.
Балалардың тақпақтары:
Ән: «Алақай жаз келді»
Жүргізуші: Балалар жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады, білесіңдерме?
Балалар:Күн ысиды, гүлдер өседі, көбелектер ұшады, суға шомылады.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал осы гүлдердің түстері қандай болады.
Балалар: Әр түрлі, әдемі түсте болады көк, сары,қызыл,жасыл.
Тосын сәт:
Гүл: Сәлеметсіңдерме балалар көңіл күйлерің қалай,сендер жаз мезгілімен қоштасқалы жатыр екенсіңдер,менде құр алқан келмей өзіммен бірге көбелектер биін ала келдім.
Кішкентай көбелектермен би билейді.
Би: «Көбелектер»
Ойын: «Көпіршіктер ауада» (Қой, Теке,Ақылды қоймен ойнайды) Ойын шарты: Ортаға үш баланы шақырады да бір баланы қойдың тобына екінші баланы текенің тобына үшінші баланы ақылды қойдың тобына бөліп қояды.Үш топқа бөлінген балаға қолдарына сабынды көпіршікті бередіде сабынды көпіршікті үш рет үрлеуін сұрайды қай баланың көпіршіктері ауада жарылмай ұзақ тұрса сол баланың тобы жеңімпаз болады.Ойын осылай 3-4 рет қайталанады.
Жүргізуші:
Жазды күні шілдеде,
Жеміс пісіп толады.
Қызыл, жасыл гүлдерге
Көбелектер қонады-дей келе балаларымыздың орындауында көбелектер әні.
Ән: «Көбелектер»
Тосын сәт: Кемпірқосақтың келуі.
Кемпірқосақ: Сәлеметсіңдерме балалар.
Жүргізуші: бұл кім болды екен сендер таныдыңдарма?
Балалар: Жоқ танымадық
Кемпірқосақ: Мен кемпірқосақпын мен өзімнің түрлі түсті түстерімді жоғалтып алдым енді не істеймін деп жылап отырып қалады.
Жүргізуші: Кемпірқосақ қане тұрағой біздің балалар саған түрлі түсті түстеріңді табуға көмектеседі.Көңіліңді көтер,біздің балалардың өнерін тамашала Көңілді жаз,тамаша
Ән саламыз жараса
Тапақ айтып би-билеп
Ойнамыз ау таласа- дей келе ортаңғы топ балаларының орындауында,
Би: «Кемпірқосақ»
Ойын: «Жәндіктердің жүзуі»
Ойын шарты: Су құйылған бассинге балалар жәндіктерді бұрап салады да, кімнің жәндігі бассиннің арғы бетіне бірінші жетсе, сол бала жеңімпаз атанады, ойын 3-4 рет қайталанады.
Жүргізуші: Балалар манадан бері сендердің өнерлеріңді көрдік,енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр,жұмбақ жасырамын шешімін табасыңдарма?
Балалар: Иә,әрине шешімін табамыз.
Жұмбақ жасыру: Бау-бақшада барша жұрт
Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидек пісіп толады.
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Жаз мезгілі.
Жүргізуші: Балалар ендеше барлығыз орнымыздан тұрып жаз әнін хормен орындап берейік.
Ән: «Жаз» Жүргізуші: Міне осылай жаз мезгілімен көңілді өткіздік. Біздің мерекеге келген қонақтарғада көп рахмет.Келесі кездескенше Қош бол Жаз!Сау болыңыздар.
МҚКК «Айналайын» балабақшасы
«ҚОШ БОЛ, ЖАЗ!»
Тәрбиешілер: Адылханова Г.М.
Аққу 2017ж
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар.
Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір-бірімен байланысы туралы түсінік беру.Жануарлардың келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөнінде білімдерін кеңейту.Табиғаттың бір бөлігі-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, карточкалар.
Билингвальдық компонент: Жануарлар – животные.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, балалар
Қайырлы таң, қонақтар!
Балалар педагогпен бәрі бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Аптаның қай күні?
-Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?
-Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды? (Жабайы жануарлар).
-Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.
-Орманды мекендеп, өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз. Олар: қасқыр,аю,түлкі,қоян,піл,кірпі,маймыл, сусиыр т.б. Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді. Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға соғады. Осы кезде аңдар адамдардың көмегімен қажет етеді. Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?
-Иә,балалар аңдарды,теледидардан,хайуанаттар бағынан көрдік. Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады, онда
жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді. Ал аңдарды көруге
келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді,өйткені аңдар өте қауіпті. Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді.
-Суретте қандай аңдар бейнеленген?
Қоян-заяц, рэбит.
Аю-медведь, вэа.
Түлкі-лиса, фокс.
Қасқыр-волк, вульф.
Кірпі-еж, хеджихог.
Тиін-белка, скуирэл.
Піл-слон, элифант.
Маймыл-обезьянка, манкей.
Жолбарыс-тигр, тайгэ.
Арыстан-лев, лайэн.
Жабайы аңдардың да балалары болады.
Қасқырдың баласы –бөлтірік.
Қоянның баласы –көжек.
Түлкінің баласы –жәутік.
Аюдың баласы- қонжық.
Жолбарыстың баласы-шөнжік.
Арыстаннның баласы-абдан.
-Балалар қараңдаршы белгісіз біреу біздің топқа хат әкеліпті.
Бізге берілген тапсырма жұмбақ шешу екен. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
-Иә.
-Ендеше, мұқият тыңдаңдар.
1.Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бірақ асады. (Қоян).
2.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю).
3.Сұр түсті, ақсиған көп тісті. (Қасқыр).
4.Қанжардай тісі бар,
Суық, үрейлі түсі бар. (Арыстан).
5.Тарғыл түсі, ерен күші. (Жолбарыс).
6.Тұмсығы ұзын, күшті,
Өзі ерен, мықты. (Піл).
Енді балалар, тірек сызба арқылы тақпақ жаттаймыз.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар екі топқа бөлініп отырамыз. Шығармашылық топ жабайы жануарларды суретке қарап, құрастырасыңдар.
Екінші топ жабайы жануарлар мен үй жануарлары немен қоректенетінін өз орнына қою керек.
Орнымызбен екі топ ауысамыз.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-Балалар, суретте кандай жабайы жануарды көріп тұрмыз. (Пиктограмма).
-Аю.
-Аюдың түсі қандай? (қоңыр). Аюдың баласы-қонжық.
-Аюдың бірінші басы, құлағы, қолы, денесі, аяғы болады.
-Аю нені жақсы көреді? (бал мен құлпынай).
-Аю қайда тұрады? (орманда).
Біз оны жақсы көреміз.
Ойын: «Орнын тап».
Шарты:екі жерге құрсау қойылады. Бірінші құрсауда (шеңбер) үй жануары суретін алып ішіне тұрамыз. Екінші шеңберге жабайы жануарларды тауып, карточканы алып, ішіне кіріп тұрамыз.
-Балалар бірінші шеңберде қандай жануарлар тұр, ал екінші шеңберде ше?
Көктем мезгілі.
Күн жылынады, қар ериді, бәйшешектер шыға бастайды.
Жұма
Рефлексивті-түзеуші
Ойын: «Тез тап» ойыны.
Кішкентай шеңберге жабайы жануарларды, Үлкен шеңберге үй жануарлары карточкасын алып қоямыз.
"Жабайы аңдар" деп неге айтамыз?
Үй жануары мен жабайы жануардың ерекшелігі қандай?
Жабайы аңдарды ата?
Күтілетін нәтиже:
Білу: жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата.
Болу: дидактикалық ойындар.
Қолдану: Жабайы аңдардардың тіршілігі мен мекенін.
Есеп:
+
-
МҚКК «Айналайын» балабақшасы
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар!»
Аққу 2017 жыл
Ашық сабақ:
Тақырыбы: «Құстар сайрайды»
Күні:14.04.2016 жыл
Орындаған: Г.М.Адылханова
Аққу 2016жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Құстар сайрайды.
Мақсаты:
а) кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту;
ә) құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс-әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру;
б) құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал- жабдықтар: әр балаға бір-бірден құстың суреті салынған парақтар, үнтаспа (құстар үні жазылған), фломастер немесе майлы қарындаш.
Алдын ала орындалатын жұмыс: даладағы құстарды бақылату.
Сөздік жұмыс: сайрайды.
Іс-әрекет
кезендері
Педагогтің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Есеп +
Есеп -
Мотива-
циялық –
қозғау –
шылық
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Балалар өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдас-
тырушілік-
ізденістірік
Педагог бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстырады (көкек, бұлбұл, кептер, бозторғай т.б.).
Балаларға үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдатады.
- Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз?
Педагог міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.
-Құстарда қандай дене мүшелері бар?
- Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
- Көрдіңдер ме, балалар жер шарында қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды екен.
-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз.
Тақтаға балапанның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызады. Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіреді.
Балалар педагогпен бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығады.
Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсынады.
Педагог балалар жұмысқа кірскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Сурет салып болған соң балалардың жұмыстарын жинап алып талдау жасайды.
«Ненің даусы?» музыкалық дидактикалық ойыны.
Ескерту: егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса, шиқылдайтын ойыншық құстарды және су құйып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.
«Ұшты-ұшты» ойыны.
Балалар үнтаспадағы жазылған құстардың үнін тыңдайды, өз ойларын айтады.
Балалар
педагогпен бірге сызықтар жүргізеді.
Балалар ауада сызықтарды дұрыс түсіре білуге тырысады. Балалар құстардың сайрағанын естігендей сезінеді.
Музыка мен құстар даусының жоғары-төмен немесе санына байланысты басқыштарға шығып, түседі. Қимыл-қозғалыс жасайды.
Рефлекция-
лық - түзетушілік
Педагог бүгінгі іс-әрекет барысы туралы балалардан сұрайды. Жасаған жұмыстары туралы айтады және сәтті шыққан суреттерді атап көрсетеді.
Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: құстар үнін тыңдау арқылы туындаған қуанышты көңіл күйді өз іс-әрекетінде бере білуді.
Игереді: құстар жайындағы қарапайым түсініктерді.
Меңгереді: кеңістікті бағдарлай отырып, үзік сызықтар салуды.