Елбасымыздың салиқалы саясаты мен көрегенділігі еліне, жеріне, халқына деген ыстық сезімі, болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы, жасап жатқан іс-шаралары ұшан теңіз деп айтуымызға болады. Бұған айғақ “Бабамыздың табаны жетпеген жерге баламыздың қаламы тиіп” қаншама жастарымыз білім нәрімен терең сусындап елге оралуда. “Бұлар бүгінгі елдің-заманауи тұлғасы”, бұлар бүгінгі мектептің заманауи мұғалімдері емес пе?! Елбасымыз айтқандай “Қара суда қаймақ болмайды, қас шеберде оймақ болмайды ” дегендей шеберде, білімді ұрпақтарымыз көп болғай. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім. Сол Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін? Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайд
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы «Адасқан кейіпкерлерге көмектесеміз»»
Тақырыбы «Адасқан кейіпкерлерге көмектесеміз» Мектепалды даярлық тобы Мақсаты: Балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен яғни қарама - қарсы ұғымдарды, өзіне қатысты кеңістікті бағдарлауды үйрету. Заттарды санына қарай салыстыра білу әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір - біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, бір - біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің ойылған макеті, мультимедия, текшелер, логикалық тапсырмалар, биік, аласа үйлер, теректер, гүлдер, мультимедия арқылы бейнебаян көрсету. Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс. Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс. Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңберіне тұру Мұғалім: Сәлеметсіздер ма, балалар! Көңіл күйлерің қалай, жақсы ма? Менің де көңіл күйім өте жоғары. Мен сендердің бәріңді жақсы көремін. Ал сендер бір - біріңді жақсы көресіңдер ме? Ендеше, бір - біріңнің қолдарыңды ұстап, жағымды әуенді тыңдаңыздар. Міне балалар, сендердің бойларың да, ойларың да өсіп қалыпты. Сендер мектепке дайындалып жүрсіңдер. Болашақта таңғажайып оқиғаларға толы «білім әлемінде» өмір сүресіңдер. Балалар, мен байқап тұрмын, бүгін сіздердің көңіл күйлеріңіз өте жоғары, жүздерің шаттық пен мейірімге, жылылыққа толы. Күн көзі жер бетіне өзінің жылуын таратса, біз бір - бірімізге жылуымызды таратайық, «Біз бақытты баламыз» деп, қайталайық. Мұғалім: Жыл мезгілдері, апта күндері туралы сұрайды. Балалар, сіздер кішкентай кездеріңізден бастап көптеген ертегілерді ата-аналарыңнан, апайларыңнан естіп келесіңдер. Ал сендер қандай ертегі білесіңдер? Балалардың жауабы. Енді сіздер бір ертегіден көрініс көргілерің келе ме? Ендеше ертегілер еліндегі әжейді тыңдайық. Сахна ашылып, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің дұрыс ретімен орналаспаған көрінісін көреді.
Кейіпкерлердің орнын реттеу үшін көптеген тапсырмаларды орындау керектігін айтып, түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындауға кіріседі. 1. Сәулетшілердің жоспары бойынша зәулім үйлер тұрғызу. Шартты белгілерге қарап, шағын көше салады. А) жол салушылар жұмыс жасайды. Балалар, яғни 1 - ші топ жолдарды орналастырады. Б) Құрылысшылар үйлерді орналастырады. 2 - ші топ үлкен – кіші үйлерді ретімен орналастырады. В) Жасыл талдарды орналастырып, көгалдандыру жұмысы жүреді. 3 - ші топ үйлердің алдына көшеттер, гүлдер отырғызады.
2. Текшелерді орналастыр. Ортасына қызыл текше, астына көк текше, үстіне жасыл текшені орналастыр деп тағы да түстерді өзгертетін тапсырмалар беріледі. Балалар айтқан бағыт бойынша текшелерді өзіне қатысты орындарына орналастырады.
3. Дидактикалық ойын «Пішіндердің орнын тап?» Таратпа құралдар арқылы орындалады. Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар жеке орындайды.
4. Келісемін – келіспеймін. 1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды. 2. Қарбыздар талдың басында өседі. 3. Жазда шанамен сырғанаймыз 4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді. 5. Лимон тәтті болады. 6. Шыршаның түсі қызыл. 7. Алма шаршыға ұқсайды. 8. Балықтар талда өседі. 9. Сиырдың 4 аяғы болады. 10. Керіктің бойы аласа. 11. Балмұздақ ыстық болады. 12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады. 13. Қоян балды жақсы көреді. 14. Пілдің тұмсығы қысқа. 15. Кітап – білім береді. Айтылған пікірге келіспесе, балалар неге екенін дәлелдеп айтады.
5. Кәне салыстырайық. Оң және сол жақтағы заттарды санап, есептік санау арқылы салыстырады. Мысалы, көк шарлар мен қызыл шарларды салыстырып теңестіреді немесе теңсіздік орнатады.
6. Логикалық тапсырма. Мультимедиядан тапсырманы көріп отырып орындайды.
7. Санына қарай жинақта. Көкөністерді санай отырып өзінің жәшігіне салады.
8. Қорытынды. Мұғалім тапсырмалардың бәрін орындағандарын айтып, енді кейіпкерлерді өз орнына орналастырамыз деп «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруды балаларға тапсырады. Орналастырып болған соң балалар кейіпкерлерді ретімен санайды, өз ойларын айтып береді.