Мотива- циялық- қозғау- шылық | Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Музыка әуені естіледі. -Балалар сендер күннің шуағынан жылылықты сезіндіңдер ме? -Олай болса біз де күнге әдемі күлкімізді сыйлайық. | Балалар шеңбер бойына отырып, ақырын ғана көздерін жұмады. Балалар өздерінің қиялдары бойынша айтады. -Маған Күн «мен саған таңнын атқанын естіртуге келдім»,-деді. Балалар жымиып ризашылығын білдіреді. |
Ұйымдас- тыру- шылық- ізденістік Рефлек- сиялық- түзетушілік | «Кім жылдам»?топтық ойыны. Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдарында бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырып шығулары тиіс. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды. -Балалар, ненің бейнесін құрастырдыңдар. -Бұл-жылан. (Жыландар туралы түсірілген бейнетаспа көреді). Жыландар жер шарының суық аймақтарынан басқа аймақтардың бәріне дерлік тараған. Қазақстанда жыландардың көптеген түрлері мекендейді. Жыландардың көптеген түрі жер бетінде топырақта, кейбір түрі құмда өмір сүреді суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі.Тілі екі айыр және ұшында улы болып келетін сұйықтық болады. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде жорғалап қашады. Жыландардың басым бөлігі жұмыртқалайды. Олар өздерінің жемтігін арбап сосын жұта бастайды. Сөздік жұмыс:жылан,су жылан,құм жылан. Билингвалді компонент: жылан-змея. Сергіту сәті: Құс секілді ұшамыз, Көбелек боп қонамыз. Жылан болып жорғалап, Билеп-билеп аламыз. Дәптермен жұмыс: Жеке жұмыс жүргізіледі. Дидактикалық ойын: «Жыланды таны» Мақсаты:баланың таным білімін ашу.Бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. Шарты:ойынға балалардың барлығы қатысады.Олар бір-бірінің белдерінен ұстап жылан сияқты ирелеңдейді,бірде тоқтап орнында қалуы тиіс .Педагогтың қадағалануымен ойналады. Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Осы тақырып жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды. Белсене қатысқан балаларды мадақтау. | Екі топтың да балалары қағаз қиындыларын құрастырады. Қиындылардан екі түрлі жыланның бейнесі шығады. -жылан -су жылан -құм жылан Қайталайды. -Жылан -жылан-змея. Барлығы бірге қимыл-қозғалыстар жасайды. -Балаларға жыландарды бояу ұсынылады. Қызыға ойынға қатысады. Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысып, топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Құрастырған суреттерін ата-аналар көрмесіне қояды. |