kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: ?уедегі шарлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Та?ырыбы:  ?уедегі шарлар    

Ма?саты: ?а?азбен ж?мыс істеу да?дыларын жетілдіру.

Т?стер мен пішіндерді білуге ?йрету.

?алып ?лгімен ж?мыс жасау ?діс-т?сілдерін ме?герту.

Мерекелік безендіру барысында эстетикалы? тал?амын дамыту.

?иялын шы?дау, зерделеу ж?не  майда сауса? моторикасын дамыту. Шыдамдылы? пен ??ыптылы??а т?рбиелеу.

?дістері: ??гімелеу, т?сіндіру, с?ра?-жауап, а?паратты коммуникативті, зерттеу, майда сауса? моторикасы,интерактивті, ойын, ж?мыс жасауды ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан жатты?улар.

П?наралы? байланыс: математика, к?ркем ?дебиет,  айналамен таныстыру

?ажетті ??рал-жабды?тар: ?айшы, ПВА желімі, желімге арнал?ан ?ыл?алам, т?рлі-т?сті ?а?аздар, т?сті ?атты ?а?аз, а? ?атты ?а?аз, а? ?а?аз, ?арындаш,  сулы ш?берек.

Д?йек с?здер:  б?рыш, сопа?ша, т?ртб?рыш.

К?рнекілігі:  т?рлі шарлардан жасал?ан заттар, суреттер, д??гелекті пайдаланып жасал?ан  ?лгілер,  слайдтар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: ?уедегі шарлар »


Тақырыбы: Әуедегі шарлар

Тәрбиеші: Жусупова.С.А

Қарғалы ауданы Бадамша ауылы

«Балапан»балабақшасының тәрбиешісі


Тақырыбы: Әуедегі шарлар

Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Түстер мен пішіндерді білуге үйрету.

Қалып үлгімен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Мерекелік безендіру барысында эстетикалық талғамын дамыту.

Қиялын шыңдау, зерделеу және майда саусақ моторикасын дамыту. Шыдамдылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ақпаратты коммуникативті, зерттеу, майда саусақ моторикасы,интерактивті, ойын, жұмыс жасауды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар.

Пәнаралық байланыс: математика, көркем әдебиет, айналамен таныстыру

Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, ПВА желімі, желімге арналған қылқалам, түрлі-түсті қағаздар, түсті қатты қағаз, ақ қатты қағаз, ақ қағаз, қарындаш, сулы шүберек.

Дәйек сөздер: бұрыш, сопақша, төртбұрыш.

Көрнекілігі: түрлі шарлардан жасалған заттар, суреттер, дөңгелекті пайдаланып жасалған үлгілер, слайдтар


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық» шеңбері:

Шеңберіне «Шаттықтың»

Барлық бала жиналып,

Армандарға жетсек, - деп

Жақсы тілек тілейік.

Әрқашанда күлімдеп ,

Бақытты боп жүрейік .

Әңгімелесу:

Балабақшада мереке өткізу үшін қандай дайындықтар болады,

Топтарыңды немен безендіресіңдер?


Өлең жаттаймыз, би

билеп үйренеміз,



Әдемі суреттер, гүл,

шар ілеміз






Ұйымдастыру-іздестіру


Жұмбақ жасыру:

Ішіне жел толтырып

Тәрбиеші:

Шардың түсі қандай екен?

Шардың ішінде не бар?

Шар ауыр ма, жеңіл ме?

Шар қандай пішінге ұқсайды?

( Баяу музыка қойылады)

Ертегі: «Мысық қалай алданды?»

Кішкентай тышқанның

туған күніне достар үрлеген шар сыйлайды.

Достарының сыйлығына қуанған тышқан шарын далаға ойнауға алып шығады. Әдемі шарын қолына ұстап далада әндетіп жүріп өзін аңдып тұрған мысықты байқамай қалады. Мысық тышқанның ойынға әбден кіріскенін күтіп жапырақтардың арасында жасырынып жата береді. Бір уақытта тышқанның ойынынан әбден мезі болған мысық тышқанға тап береді. Мысықтан қатты қорқып әрі сасып қалған тышқан шарын алдына ұстай қояды. Бұрын шарды көрмеген мысық тышқанды шардың ішінде екен деп шарды бас салады. Шар «пах»,- етіп жарылады.

Мысық алды – артына қарамай зыта жөнеледі. Сөйтіп, тышқан әдемі шарының арқасында мысықтан аман қалады.

Тәрбиеші :

Қалай ойлайсыңдар, мысық неден қорықты?

Тышқан мысықты қалай алдады?

Мысықтың қорқу себебін тәжірибе арқылы көрсету: (Бірінші; шардың ар жағында тұрған тышқанның үлкен болып көрінуі, екінші; жарылған шардың қатты дыбысы)

Тәрбиеші ортаға бір баланы шақырып қолына үрленген шарды ұстатып, шардың ар жағынан балаларға қарауды ұсынады.

Сергіту сәті: (Өкпе жаттығуы)

Ал, қанеки, балалар,

Бәрің маған қараңдар.

Қолдарыңды көтеріп,

Шарды қолға алыңдар.

Терең-терең тыныстап,

Үрле шарды дұрыстап.

( Ауызға ауа толтырып, екі қолмен шар ұстап тұрғандай үрлейді.

Әр үрлеген сайын екі қолды екі жаққа жайлап жайып созады . Шар үлкен болған кезде «Пах» етіп жарылады. Балалардың қалауы бойынша 2-3 рет қайталауға болады.

Енді, балалар шардан не жасауға болады? Жарылған шардың өзін де пайдалануға болады. Суреттерге қараңдар:

Сурет №1 Сурет №2

Ал, шарсыз мереке өтпейді. Одан әртүрлі көркемдік заттар жасауға болады:

Сурет №4 Сурет №5

Шармен тіпті сурет те салуға болады



Сурет №6 Сурет №7

Жұмыс барысы:

Тәрбиеші:

Шар қандай пішінге ұқсайды?


Сурет №8


Қазір біз сендермен бірге «Әуедегі шарларды» қиып қағазға жапсырамыз. Қай нұсқаны таңдаймыз?


Сурет №9 Сурет №10 сурет№11

Таңдаған нұсқаны жасау технологиясымен таныстыру:

Ауада сызып көрсету;

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;

Төртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек жасау;

Тік төртбұрыштың бұрыштарын қиып сопақша жасау;

Дайын дөңгелек пен сопақшаны ақ параққа жапсыру;

Қарындашпен шарлардың байланға жіптерін сызу.

Шар


Қызыл, көк әртүрлі болады.

Ауа бар

Шар жеңіл

Допқа,дөңгелекке ұқсайды.























Шардың жарылған даусынан қорықты.

Алдына шарды қойып өзі ар жағынан қарады.

Ортаға екі бала шығады. Бірі мысық, екінші бала тышқан болады.

Тышқан шардың ар жағынан мысыққа қарайды. Осы кезде мысық шарды жарып, қаша жөнеледі.

Сергіту кезінде балалар

Ауызға ауаны толтырып

Кері шығарады. Қолдарын шар секілді үлкейтеді.

Пах» етіп жарылғанда қолдарын шапаттайды.























Суреттерге қарап өздеріне ұнаған жұмыс түрін таңдайды.



Шар сопақшаға ұқсайды.


























Шарды ауада саусақпен сызып көрсетеді.




Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды: Балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.

Ойын: «Үлкен шар»

Мақсаты: Шеңбер бойымен жүгіріп келе жатып, тура жүгіріп кетуге үйрету.

Шарты: Балаларды үш топқа бөлу. Екі топтың балалары қосылып үлкен шеңбер жасайды. Үшінші топтың балалары кішкентай шеңбер құрып, үлкен шеңбердің ішінде тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша екі шеңбер бойындағылар екі жаққа айнала жүреді. Тәрбиешінің «Тоқта!» деген белгісі бойынша үлкен шеңбердегі балалар тоқтап, қолдарын жоғары көтереді. Ал, үшінші топтың балалары «1, 2, 3» деген кезде шеңберден шығып үлгерулері керек. Үлгере алмаған балалар ойыннан шығады. (Келесіде балалар орындарын ауыстырады)

Балалардан ұйымдастырылған іс-әрекеттен алған әсерлірімен бөлісу.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Күтілетін нәтиже:


Түрлі-түсті шарлармен топтарды безендіруге болатынын;

Түрлі-түсті қағаздан шарды қиып жапсыруды үйренеді, түстер мен геометриялық пішіндер туралы ұғымдары қалыптасады,эстетикалық талғамдары дамиды

Шарларсыз мерекелердің өтпейтіндігіне көз жеткізді,жарылған шардан әртүрлі көркемдік заттар жасауға болатынын білді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: ?уедегі шарлар

Автор: Жусупова Света

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162579


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства