Ма?саты:Балаларды ту?ан ?лкесі ?аза?станны? к?рікті жерлерімен таныстыру,оны? таби?атына,?сем к?шелеріне, биік ?йлеріне,м?дени орындарына,ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру ма?саты к?зделеді.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Ту?ан ?лкем - ма?таныш" »
Мақсаты:Балаларды туған өлкесі Қазақстанның көрікті жерлерімен таныстыру,оның табиғатына,әсем көшелеріне, биік үйлеріне,мәдени орындарына,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсаты көзделеді.
Жылулық шеңбері: «Менің сүйікті Отаным!» Бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Балалар, біздер өзіміздің туған жерімізді құрметтейміз. Туған жерге арнап
ән айтып,би билейміз .Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
Тәрбиеші:Балалар біз қай республикада тұрамыз?
Балалар:Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші:Біздің призедентіміз кім?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1991 жылы Республикамыздың тұңғыш Президнеті болып сайланды.
Тәрбиеші:ҚР рәміздерін кім айтып береді?
Балалар:Туы,Елтаңба,Әнұраны бар.
Балалар,Отан –деген біздің туған жеріміз,ата-анамыз,отбасымыз,ана тіліміз.
Ендеше, балалар өзіміздің туған жерімізге саяхат жасайық.(Туған жер қалаларын тамашалау)
Тәрбиеші: Отан,туған жер туралы қандай тақпақтар білесідер?
Хор:Асқарлы қарлы шың
Аялаған ән құсым,
Туған жер,армысың!
Әмина:
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігім болып тербетіп,
Отаным –Қазақстан.
Ару:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы.
Ардақты ата мекенім,
Отаным-Қазақстан!
Аяулым: Ана тілін ақтаңдар,
Ана тілін сақтаңдар.
Ана тілімен безеніп
Ата берсін ақтаңдар!
Шерхан:Отан-жерім,
Отан-суым,
Отан-қуат, нәр береді.
Нұрай:Отан-ұран,
Отан-туым
Отан-мәңгі гүлденеді!
Өркен:Алаулап гүл туады,
Туған жер құлпырады.
Бейбітшілік болса
Би: «Қуыршақ»
Нұрданат:
Отан-деген атамекен
Отан-деген туған жер.
Отан-ана
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел!
Әли:Отанды-
Жас,кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда біріміз де
Туып, өмір сүреміз!
Бекзат:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлтың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ән. «Солдат болам мен ертең»
Исабек:Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз
Халқымызға пана болған данамыз.
Әрқашанда мақтан етіп жүреміз,
Жазық маңдай кең пейілді данамыз.
Бағдат:Тәуелсіздік таңын сүйем,
Күн шуағын төккен күн
Елім менің,жерім менің
Баққа қолы жеткен күн!
Хор:Саған мың алғыс!
Туған жер-тірегім.
Сенде өстім түледім
Бір сен деп үнемі
Соғады жүрегім!
Тәрбиеші:Балалар,бүгін біздер туған жер туралы айттық.Ендеше бәріміз
«Біз бақытты балалар» әнін шырқап,ашық ұйымдастырылңан тәрбие сағатымызды аяқтайық:
Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы
«Балбөбек» шағын орталығындағы «Айналайын» ІІ сәбилер тобында «Туған жер-алтын бесігім» атты ертеңгіліке
М Ә Л І М Е Т.
Мақсаты:Балаларды туған өлкесі Қазақстанның көрікті жерлерімен таныстыру,оның табиғатына,әсем көшелеріне, биік үйлеріне,мәдени орындарына,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында
«Балбөбек»шағын орталығында ІІ сәбилер тобынның бүлдіршіндер арасында «Туған жер-алтын бесігім» атты ертеңгілік өтті.
Зал гүлмен,шарлармен безендіріліп, Президент, Рәміздер,Қазақстандағы әдемі қалалар ,Бәйтерек суреттері тақтаға ілініп,көрме ұйымдастырылды.
Ертеңгілікке ұстаздар,ата-аналар қатысты. Балалар музыка әуенімен залға қолдарына жалаушалар, шарлар ұстап саппен кірді.
«Туған жер-алтын бесігім» атты ертңгілік Әнұранды орындаумен ашылды. Келген қонақтарды, балаларды «Балбөбек»шағын орталығының ортаңғы топ тәрбиешісі Алтын Шорухияқызы келе жатқан16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтап,бүлдіршіндерге осы Қазақстанның болашағы сіздерсіздер деп сөзін аяқтады.
Балалар Президент,Отан,туған жер турал тақпақтарын,