Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»
Мақсаты:
Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметіментаныстыру. Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру, тазалыққа, жинақылыққа баулу.
Көрнекі құралдар:тұрмыстық техника ойыншықтары, суреттер, макет, дидактикалық ойындар, слайд.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын технологиясы, зерттеу технологиясы, сұрақ-жауап, қорытындылау, мадақтау.
Алдын-ала жұмыс: Дүкенге экскурсия.
Сөздік жұмыс: тұрмыстық техника
Билингвальды компонент: тоңазытқыш – холодильник, тұрмыстық техника – бытовая техника, электр бұйымдары – электротовары, шаңсорғыш – пылесос.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Балалар біз алдын ала экскурсияға қайда бардық ?
Дұрыс айтасыңдар.
Бізге сол дүкеннен сыйлық беріп жіберіпті.
Қараңдаршы балалар, бұл қандай сыйлық деп ойлайсыңдар?
Қызықты сәт:
Балалар дұрыс, бұл тұрмыстық техника дүкені.
Міне, бүгінгі оқу іс – әрекетіміз «қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбымыз:Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі.
Балалар, біз оқу іс – әрекетімізді бастамас бұрын, ойын ойнап кетейік. Ойынның аты: «Не зат,не үшін керек?» деп аталады.
Ойынның шарты: балалар шеңберде тұрып бірінші бала техника бұйымдарының атын атайды екінші бала қажеттілігін айтады.
Мысалы: үтік – киімдерді үтіктеу, тоңазытқыш – азық-түлікті сақтау.
Балалар шаттық шеңберге тұрып өлең шумақтарын айтады.
Тұрмыстық техника дүкеніне бардық.
Дүкен
Балалар шеңберге тұрып, динамикалық ойынды ойнады.
Бір бала үтік деп, екінші бала киімдерді үтіктеу деді. ойын осылай жалғаса береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Дұрыс айтасыңдар!
-Ал, енді, экранға назар аударайық.
Билингвальды компонент:
(Слайдтан газ плитасы – газовая плита, шаңсорғыш – пылесос, үтік – утюг, теледидар – телевизор, тоңазытқыш – холодильник көрсетеді)
-Газ плита не үшін қажет?
-Ол болмаған жағдайда адамдар тамақты қалай пісіреді?
Сұрақ –жауаптар.
Сөздік жұмыс: тұрмыстық техника
Осы заттар барлығын Тұрмыстық техника деп атаймыз.
Қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Сулы қолмен токты қосуға немесе ажыратуға болмайды;
Балаларға ересектерсіз электр токтарын ұстауға болмайды;
Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.
Осы тұрмыстық техниканың ішінде біз:
«Компьютерді» зерттейік.
-
Балалар сөздерді қайталайды.
Тамақ пісіру үшін.
-Газбен
-Балалардың жауабы.
Тәрбиешінің қауіпсіздік ережелерін мұқият тыңдап, ұғынады.
-Балалар мұқият тыңдайды
Зерттеу технологиясы:
компьютерді зерттеу. Компьютердің құрылғыларын және оның атқаратын қызметтерін таныстырады.
Негізгі құралдарына жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан жатады. Олардың әрқайсысының өздерінің атқаратын қызметі бар. Жүйелік блок компьютердің ең негізгі құралы, барлық жұмысты атқарады. Монитор компьютеріміздің экраны, яғни терезесі. Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылады.
Тышқан бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.