|   Мотивациялық   қозғаушы                                                  Ұйымдастыру-    Іздестіру                                                                                                                                                                                                                                                                    Рефлексивті-  түзетүшілік   |               Жылулық шеңбері:  -Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.       Бақыт деген осы шаттық шеңбері    Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері    Бақыт деген көрмей қалса сағынып,    Мен іздейтін адал жүрек сендегі.     -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен сәлемдесейік  -Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші  -Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)   -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?   -Дұрыс айтасыңдар.  «Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?     «Р»  әріпінен,және кездесетін сөздерді  маган кім айтып береді?     -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?     -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын  мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер        «Мә-мә»деген әні бар      Секірер ор, жары бар      Селтеңдейді құлағы      Секіргіш бір жануар      Ол не екен балалар?     «Лақ»сөзін айтып көрейікші        -Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?     «Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы     -«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?     -Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.  -Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс  екен?  -«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?     -Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі     Тіл ұстарту жаттығулары:  1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала,     Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу.  2.Ра-ра келді ара     Ла-ла араның усті ала.  -дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.  - Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал,  бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.  -  1. Тапсырма  «Дыбыстық талдау»  Лақ, тал  ( үтел-үстінде)  2.Тапсырма.     (Жаңылтпаш жаттау)  -Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)   «-Ләйлік  лайға лайланды, Лайланған  ләйлік, лайда отырып   жайланды.»  (Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)     Жарайсыңдар.  -Балалар, «Л»-дыбысын, кәні ауада жазып көрейік.     Дәптерімізді ашайық  Әдемі етіп жазайық.     Дәптермен жұмыс:  Қарындашты дұрыс ұстап,  жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.     Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады     Сергіту сәті:     Жалт-жұлт етіп лақ,     Жағалайсың бұлақ,     Секірем деп бірақ,      Қала көрме құлап.  (2рет)     Қортындылау  -Балалар біз бүгінгі  оқу іс-әрекетінде  қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?  -Л дауысты ма  әлде дауыссыз ба?Неге?     «Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны  Балалар, қолдарындағы көк,қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.     -Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық      Біз ақылды баламыз,   Айтқан тілді аламыз.   Бүгін келген қонаққа  Сау болыңыздар деп айтамыз.      |       Шеңберге тұрып,тілектер айтады.                    Саламатсыздарма  апайлар!           -«Р»дыбысы        -«Р»дыбысы  Дауыссыз дыбыс  -Р дыбысын көк текшемен белгілейміз     Радио, ара, зымыран,т.б.     -Дыбысты естейміз,айтамыз.  -Әріпті көреміз, жазамыз.                       -лақ     -лақ,        -Л-дыбысы.                 -Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.           -Л-дыбысы дауыссыз     -Көк түсті текшемен                    Балалар бірнеше рет қайталайды                 -балалар сөздерді қайталайды           -текшемен белгілейді.  Дыбыстық талдау жасап     -Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады.  сыбырлап, орташа, қатты айтады        -Л әріпін ауада жазады.                                                                 -Л әрпімен  - Дауыссыз.  -Өйткені кедергімен айтылады.        ,                          Келген қонақтармен қоштасады   |