Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "??стар бізді? досымыз" мектепалды даярлы? тобы »
17.04.
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: 1. Балаларға құстар туралы түсінік беру.
2. Құстарға қамқор болуға, аялауға бейімдеу.
3. Құстар туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, , ойыншық жұмыртқа, құстың ұясы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бізге апайлар қонаққа келіпті. Біз апайлармен сәлемдесіп алайық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіз бе, апайлар
Өткен сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ.
Балалар жыл мезгілдеріне тоқталайық. – Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда 4 мезгіл бар.
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
- Қар еріді. Ағаштар бүршік жара бастады. Күн жылынды. Жылы жақтан құстар келді.
- Өте жақсы, балалар.
Олай болса біз бүгін құстармен танысамыз.
Cонымен біз құстарды жақсы көреміз. Оларды күтіп баптаймыз, қамқор боламыз.
Яғни, бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы:--
«ҚҰСТАР БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ»
Тәрбиеші:- балалар жер жүзінде құстардың 8мың түрі бар екен,біздің елімізде 5жүздей түрі кездеседі екен.Құстар 2 түрге бөлінеді
- үй құстары және дала құстары.
- Дала құстарымен үй құстарының айырмашылығы неде?
- Үй құстарына қандай құстар жатады?
- Тауық, әтеш, қаз, үйрек.
Тәрбиеші:- Өте жақсы балалар. Үй құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?
- Үйде өсіреміз. Жұмыртқа береді. Етін жейміз. Мамықтарынан жастық жасаймыз.
- Тәрбиеші:- Жақсы. Енді дала құстарына қандай құстар жатады.?
- Қарлығаш, торғай, қарға, көгершін, көкек
Тәрбиеші:- Ал енді балалар дала құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?
- Олар ағаш басына ұя салады. Ағаштарды құрттардан тазалайды. Айналаны әсем әнге бөлейді.
- Өте жақсы, балалар.
Дала құстарыда екіге бөлінеді,қыстайтын және қыстамайтын құстар.
Қыстайтын құстарға қарға,шымшық,кептер,торғай кіреді.
Cергіту саті...........
Торғай,торғай,торғайсын
Таяу келіп қонғайсын
Жем шашайын теріп ал
Сонда аязға тоңбайсын.
Балалар біз күзде жылы жаққа ұшып кеткен құстар көктемде туған жеріне қайта келеді. Міне сол құстарға сіздермен бірге құстарға қамқор болуымыз керек.Ол үшін ағаш басына ұя салайық,көмектесейік. Бізге риза болсын. Балалар құстар жұмыртқа тастап кеткен ашып көрейік сұрақтарына жауап берейік.