-Балалар,біз б?ріміз бір ?йді? балаларындай тату,доспыз,?ане бір –бірімізге деген досты?ымызды ны?айту ?шін б?ріміз бірге жылулы? ше?беріне т?рып,айтайы?шы.
Достарды біз ?олдаймыз
?иын ша?та ?ор?аймыз.
?ыста суы? бол?анда
Аязда да то?баймыз.
-?те жа?сы балалар!
Алдыменен тобымыз?а келген ?она?тармен амандасайы?.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Бізге ?ар ?найды" »
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Бізге қар ұнайды».
Күні: 03.12.2014 ж.
Тобы: Ортаңғы (аралас) тобы
Мақсаты: балалардың шығармашылық ынтасын ояту,табиғатқа деген қамқорлық,сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру,ізеттілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу,зерттеу құралдырамен жұмыс жасау машықтарын жетілдіру.Қыс мезгілі,оның ерекшеліктері туралы түсініктерін жалғастыру,қардың қасиеттерімен таныстыру,табиғат туралы түсінік беру.Балалардың тілін,ойлау,сөйлеу,қабілеттерін дамыту.
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: Қыс мезгілінің табиғатына бақылау жасау.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:
Қысқы табиғат суреттері,шырша,ұлпа қарлар, (қағаз қиындысы немесе жылтыр фольга)табиғатқа салынған плакат,
-Балалар,біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату,доспыз,қане бір –бірімізге деген достығымызды нығайту үшін бәріміз бірге жылулық шеңберіне тұрып,айтайықшы.
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз.
Қыста суық болғанда
Аязда да тоңбаймыз.
-Өте жақсы балалар!
Алдыменен тобымызға келген қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерме апайлар!
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын мен сіздерге өлең оқып беремін.Өлеңді мұқият таңдап отырыңыздар.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балалар далада ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар?
Бұл қай кезде болады?
Балалар: -Қыс.
Тәрбиеші: -Иә,балалар ,бұл қыс мезгілінде болады.Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: -Қыс
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар,қазір жылдың қыс мезгілі.
Балалар қыс мезгілінде қандай мейрамдарды білесіңіздер?
Балалар:- Жаңа жыл, Тәуелсіздік мейрамы.
Тәрбиеші:-Жаңа жылда бізге кім келеді?
Балалар:-Аяз –ата.
Тәрбиеші:-Дұрыс.Балалар, біздерге Аяз ата тапсырмалар беріп жіберген орындаймыз ба?
Балалар:-Иә,орындаймыз
1 тапсырма «Ойлан тап»
Жұмбақ шешу:
Түсі аппақ болады
Ұстасаң қолың тонады. (Қар)
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана )
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)
Сергіту сәті: «Қар лақтыру» ойыны
Балаларға қағаз беріледі. Оны умаждап қысып,қар жасап,ойнауды ұсынады.
ІІ тапсырма
Шыршаның суретін бояу.
ІІІ тапсырма
Тәрбиеші: –Балалар қыс туралы өлең-шумақтар білесіңдерме? Қане, кім айтады.
Аррахман,Нұртілек,Орынгүл,Айдос,Азамат,Мансур қыс туралы тақпақтарын айтады.
Тәрбиеші:-Өте жақсы,тамаша
Тыныс алу және тіл дамыту жаттығуы; Ұлпа қарларды алақандарына салып,үрлетеді. Қорытынды:
«Жақсы -жаман» әдісі арқылы қорытынды жүргізеді.
Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін аяқтайды.
Балалардың іс-әрекеті: Жақсы қасиет болса, қолдарын шапалақтайды,жаман қасиет болса,тыныш отырады,дәлелдейді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қыс мезгілі,оның ерекшеліктері туралы түсініктерін,қардың қасиеттерін;
Нені игерді:Қардың табиғаттағы орны туралы;
Нені біледі:Алған мәліметтерді тәжірибеде қолдануды біледі.