1 | Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары. Тыныштық сәті: Орманға ойша саяхат. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің топтың есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір топқа қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, топтың алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңыздар? | 5 мин |
2 | Білімдерін тексеру (астын сызу) Білім бағалау өлшемі | Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау,тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын,жағдаяттарды талдау,топтық жұмыс. Топқа бөлу көктем мезгіліндегі құстардың түрлері бойынша. Топ басшысы тағайындалады. Бағалау парағына бағалар қою. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Сөз жұмбақ шешу арқылы білімдерін тексеру. | 10мин |
3 | Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі (астын сызу) Түсіндірілетін сұрақтар тізімі | Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, презентация,рефератифтік. Табиғаттағы көктемгі құбылыстар Көктемнің басталуы мен аяқталуы. Астраномдар күн мен түннің ұзақтығы бірдей болатын көктемгі күн мен түннің теңесу сәті – 21-22 мартты көктемнің басталуы деп, ал жыл ішіндегі ең ұзақ күн – 21-22июньді – аяқталуы деп есептейді. Натуралистер үшін көктем ұзақтар ұшып келген сәттен (орташа есеппен 19 марттан) және үшкір жапырақты үйеңкі сәл жүре бастаған кезден (25марттан) басталады. Бұл маусымды шартты түрде үш кезеңге бөледі: ерте көктем – егістіктердегі қар кеткенге дейін (сәуірдің ортасына дейін),орта көктем – мойыл гүлдей бастағанға дейін (мамырдың ортасына дейін) және кеш көктем – алма ағашы мен сирень гүлдеп біткенге дейін (маусымның басына дейін). Өлі табиғаттағы құбылыстар. Наурыздың екінші жартысында күн айтарлықтай ұзарып,түн қысқарады;тал түсте күн барған сайын көкжиектен жоғары көтеріліп,оның сәулелері жерге тік түсе бастайды және оны күннен – күнге күштірек қыздырады. Қар жұмсақ болып,ери бастайды,алаңқайларда жер ала кеуімдене түседі. Наурыздың екінші жартысында алғашқы түйдек бұлттар пайда болады. Олар төменгі жағы біртегіс келетін қардай,күмбез тәрізді масса түріндегі өте әдемі бұлттар. Бұлттар әдетте таңертең немесе жерге жанаса жатқан ауаның қызуы салдарынан тал түсте пайда болады;өрлемелі ауа ағыстары әлсірейтін кешке қарай олар жойылып,ери бастайды. Сәуірдің алғашқы жартысында жерден қар кетеді;олардың еруінен түзілген жылғалар су қоймаларына құйылады. Сәуірдің ортасында әдетте сең жүре бастайды. Осының аз-ақ алдында жағада жіңішке су жолағы – жиек су пайда болады. Су мен күннің әсерінен мұзда сызат түзіліп,ол жарылады да,сең жүреді.Мұз кесектері өзара соқтығысып,бірін-бірі ығыстыра жағаға және көпірлердің діңгектеріне соғылып,өзенді бойлай төмен қарай жүйткиді.Мұз кесектері жағалауға қарағанда өзеннің ортасында тезірек қозғалады.Жол – жөнекей олар ериді. Өзен мұз жамылғысынан арылып,жағасынан шығып,жайылады.Су таси бастайды.Әдетте мамырдың басында алғашқы нөсер басталады. Осы кезде және одан кешірек ауа райы үсік түсуімен ұштасып,кенет суытады. Одан өсімдіктер, әсіресе жеміс-жидектер өте зардап шегеді.Ағаштардың көктемгі жандануы. Жер ала кеуімдене бастаған кезден көп кешікпей ағаштар да жанданады: оларда сөл жүре бастайды.Егер ағаш қабығын жуан инемен тесетін болсақ,бұл құбылыс айқын байқалады;жарақаттан мөлдір тәтті сұйықтық ағап шығады; ауада ол тотығып,қызғылттау реңге ие болады.Сөл алу ағаштарға көп зиян келтіреді. Сөл жүруі – күрделі физиологиялық процесс. Өсімдіктің тамыры жіби бастаған топырақтан суды қарқынды сіңіре бастайды,бұл су өсімдіктердегі қоректік заттардың қысқы қорын ерітеді және ерітінді түрінде діңді және бұтақтарды бойлап бүршіктерге барады. Бүршіктердің ісінуі және шешек атуы.Сөл жүре бастауынан он шақты күн өткен соң қорғаныш қабыршақтарының астыңғы жағында бастапқы өркен болатын бүршіктердің ісінуі байқалады. Желмен тозаңданатын ағаштар мен бұталар жапырақ жамылудан бұрын немесе олар шыға бастаған кезде гүлдейді.Сәуірдің екінші жартысында қандыағаш пен орман жаңғақ,ал насекомдар арқылы тозаңданатын өсімдіктерден – қызыл тал алғашқы болып гүлдей бастайды.Қызыл талдың бүршіктері қалпақша түріндегі қоңырқай қабыршақтармен қапталған. Оларды түсірген соң бүршіктер түкшелерден тұратын мамық шариктер секілді болып көрінеді,түкшелер гүлдерді температураның күрт ауытқуынан, жауын-шашыннан қорғайды. Сәуірде ағаштардың көпшілігі әлі де сидиып тұрады,бірақ ісінген бүршіктердің жамылғы қабыршықтары ашылып,одан жапырақтардың ұштары көріне бастайды. Жапырақтардың шығуы. Ағаштардың бір тобының жас жапырақтарын сыртқы жағынан жұпар иісті жабысқақ зат келесі тобын – үлпілдек зат қаптайды да,оларды суықтан қорғайды. Ағаштардың ақшыл жасыл бейнесі бұл кезде нәзік әрі мөлдір келеді. Сәуірдің соңында мойыл мен қайың бүршік атады; мамырдың алғашқы жартысында үйеңкі,сары қараған,алма және алмұрт ағашы, ал одан соң емен және жөке ағашы бүршік атады. Мамырдың екінші жартысындағы кеш көктемде көктемнің нағыз гүлдеген кезі басталады. Мойыл, онымен бір мезгілде қара қарақат, сәл кейінірек –орман қой бүлдіргені мен жеміс ағаштары,сирень, шетен және шөптесін өсімдіктердің көпшілігі гүлдей бастайды. Мамырдың соңғы күндерінде көк теректің, талдың жемістері пісіп жетіледі.Алма ағашы мен сирень гүлдерінің желектері төгіледі – көктем аяқталып, жаз басталады. Балаларды көктемде табиғатпен таныстыру. Сәбилер тобы: бағдарламалық мазмұны – көктемгі құбылыстар туралы түсініктерін толықтыру (қар ериді, жерде шөп, жылғалардан су ағады). Сәбилердің екінші тобы тәрбиешінің жәрдемімен пияз отырғызуды, ірі тұқымдарды себуді, жүйектерді суаруды, өсімдіктерге ұқыптылықпен қарауды үйренуі тиіс. Өлі табиғаттағы құбылыстарды бақылау: 1. Серуен кезінде тәрбиеші көктемнің алғашқы белгілеріне балалардың назарын аударады. 2. Келесі серуен кезінде тәрбиеші балаларға қардың қалай еритінін және балалар қардан тұрғызған құрылыстардың қалай бұзылатынын көруді ұсынады. 3. Құммен ойнайтын ойындарға көп уақыт бөлінеді.Балаларға шелектегі құмды күрекшемен қалай іліп алуды, одан төбешікті қалай жасау керектігін көрсетеді. Өсімдіктерді бақылау. 1. Сәбилер тобындағы балаларды клумбаға ертіп келіп,өскіндерін,жасыл жапырақшаларын көрсетіп,бұл жерде гүл өседі сындырып таптамау керектігін айту. 2. Бұтақты бақылату абайлап иіп,ағаштарды жапырақтардың шыға бастағанына назар аударту.Бақбақ гүлімен таныстыруға болады. 3. Паркке экскурсия жасау кезінде тәрбиеші балаларды ағаштардың бірнеше түрлерімен таныстырады. 4. Шығып келе жатқан көк шөпті көрсетіп,ол қазір өсіп тұрған жерлерді табуды ұсынады. Бақылау: 1. Құстар: серуен кезінде балаларды құстардың үнін тыңдай білуге үйрету керек. Жиі кездесетін таныс түрлерін торғайлардан бастау. 2.Қоңыз: Қаңқыз, солдатик қоңызы. Естияр тобы:бағдарламалық мазмұны – Табиғаттағы көктемге тән құбылыстар туралы нақты түсініктерін толықтыру. Арасындағы байланысты анықтау көзделген мысалы:күн қыздыра бастады жылы болды. Өлі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру. Жер учаскесін аралап,балалар қар көп жатушы еді,қайда кеткен?балалар тәжірибелеріне сүйеніп мынадай байланысты анықтай алады күн қыздырғандықтан қар еріп кетті. Тірі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру.1.Жаңа жыл құстарының келуіне назар аудару. 2.Учаскеде құстарға үйшіктерді іліп,балалармен бірге қараторғайдың қашан ұшып келетінін,үйшікке қалай отыратынын бақылау керек.3.Құстардың үнін тыңдап,ұшуын қадағалау қажет. Еңбек дағдыларын тәрбиелеу.Жүйектерге пиязшық отырғызуды және шалғам мен бұршақтың ірі тұқымдарын себуді үйретеді. Шұңқырлар алдын ала қазылады.Тәрбиеші олармен бірге жүйектерге су құяды. Ересек тобы:бағдарламалық мазмұны –1. Көктемгі құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту және қорытындылау. 2. Табиғатты сүю және оған ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеу. 3. Құбылыстардың басталуымен олардың арасындағы байланыстардың реттілігін анықтау. 4. «Көктем» ұғымын қалыптастыру бағыттау. 5. Күрекпен тырманы пайдалана білуді,тұқым себуді дұрыс жүргізуді үйрету. Өлі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру. 1. Күн ұзақ уақыт сәуле шашып,ұзара түскеніне назар аударту. 2. Балалар жылғалардың сылдырын тыңдап,олардың басталған жерін іздейді. 3. Балаларға учаскені аралап шығып,онда қандай өзгеріс болғанын қарауды ұсынады. Тірі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру.1. Құстарды бақылау арқылы балалар олардың ұшып келу мерзімін белгілейді. 2. Тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар өте тез өзгеріп отыратын ұғындыру. 3. Ағаштарда,бұталарда болатын өзгерістерге,насекомдар,құстарды бақылату. Еңбек дағдыларын тәрбиелеу. Балалар бақшасының қызметкерлері бақшада жер қазғанда балалар оларға шамалары келгенше жүйектерді даярлауға көмектеседі. Мектепке даярлық тобы:бағдарламалық мазмұны – 1. Өлі және тірі табиғаттағы көктемгі құбылыстарға жүйелі бақылау жүргізу. 2. Табиғат календарында кейбір құбылыстарды белгілеу. 3. Балаларды бақтарда,парктерде өсімдіктер өсіру және оларды күту жөніндегі еңбегімен таныстырады.4 .Гүлдерді көшіріп отырғызуға қатысады. Өлі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру. 1. Серуенге шыққанда ауа райын анықтайды. 2. Қандай ойыншықтар алып шығу керектігін шешеді. Тірі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру.Зақымданған бұтақтарды олардың көзінше қиып тастау. Өсімдіктер өсірумен таныстыру. Балаларды өсімдіктер өсірумен таныстыру үшін ағаштар отырғызылатын жерге экскурсия өткізіледі. Ағаш отырғызу кезінде олар ағаштың діңін ұстап тұра алады,шұңқырға топырақ салып отырғызылған өсімдіктерге су құяды.Ағаштарды күту көрсетіледі. Еңбек дағдыларын тәрбиелеу.Бақша мен гүлзарлардағы отау, қопсыту және суару жұмыстары белгілі бір балаларға тапсырылады. Табиғат календары. Кезекшілер табиғат календарына ауа райын белгілейді.Балалар бақыланатын құбылыстарды табиғат календарына сурет етіп салады. | 15мин |
4 | Оқушылардың өздік жұмысы | Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, топпен жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау, плакатқа суреттеу, интернет желісін пайдалана отырып жоба жасау, кітаппен жұмыс,бағдарламамен жұмыс. 1.Көктем мезгіліндегі өлі табиғаттағы құбылыстарға сипаттама беру(наурыз,сәуір,мамыр),плакатқа суреттеу, интернет желісін пайдалана отырып жоба жасау. 2. Көктем мезгіліндегі тірі табиғаттағы құбылыстарға сипаттама беру (наурыз,сәуір,мамыр),плакатқа суреттеу, интернет желісін пайдалана отырып жоба жасау. 3. Көктем мезгіліндегі жануарлар тіршілігіне сипаттама беру (наурыз,сәуір,мамыр), плакатқа суреттеу, интернет желісін пайдалана отырып жоба жасау. Бағалау парағы. | Шағын топта жұмыс 10мин
Өзіндік жұмыс 20мин |