Просмотр содержимого документа
«"Табиғат-ортақ үйіміз"»
Ересек «Гүлдәурен» тобының оқу қызметінің
конспектісі
Өткізген күні: 15.05.2018ж.
Тәрбиеші: Аймухамбетова С.А.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Кіріктілген бөлім «Таным», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Табиғат- ортақ үйіміз»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: балаларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: ойлау, сөйлеу, танымдық , шығармашылық дағдыларын дамыту. Логикалық есептерді
3.Оқыту: балалардың қоршаған орта туралы білімдерін бекіту. 10 көлемінде тура және кері санауды, «аз» , «көп» , «оң», «сол» , «аласа», «биік» ұғымдарды бекіту.
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын және денсаулық сақтау технологиялары.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,үйлестірме материал
Көптілділік: табиғат-природа-nature
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Қонақтармен үш тілде амандасу.
Балаларды табиғат аясына саяхатқа шақыру.
-Балалар, саяхатқа немен баруға болады?
-Ал біз бүгін сендермен саяхатқа сиқырлы кілеммен барамыз. Масқара , менің сиқырлы кілемімді тышқандар тесіп қойды. Енді не істесек екен? Ааа, таптым, менде жамайтың пішінер бар. Қане, кім маған көмектеседі?
Әр түрлі пішіндермен балалар кілемді жамайды.
-Рахмет сендерге! Енді көздерімізді жұмамыз, мені мұқият тыңдаймыз.
-Тамаша, жарайсыңдар! Ал кім маған айтады , бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Ал көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Жақсы, тамаша! Балалар, күн жылынғасын көбісі ата аналармен бірге орманға барасыңдар, табиғат аясына шыққанда біраз нәрселерді істеуге болмайды. Соны біз қазір сендермен ойын арқылы анықтаймыз. Ойын «Не істеуге болмайды?» деп аталады.
Д/о «Не істеуге болмайды?»
Мақсаты: балалардың жаман істер жайында білімдерін бекіту.
Барысы: берілген суреттерден табиғат аясында не істеуге болмайтынын белгілеу (суды ластауға, ағаштардың бұтақтарын сындыруға болмайды және т.б.)
-Табиғаттың құрайтын тіршіліктің бірі-құстар. Құстар- біздің досымыз. Ал құстар қандай түрлерге бөлінеді?
-Жыл құстарына қандай құстар жатады?
-Ал қыстайтын қандай құстар?
-Балалар, қарандаршы мынау ағашта қандай құстар отыр?
-Ал мынау ағашта ше?
-Оң жақтағы ағашта неше құс отыр?
-Ал сол жақтағы ағашта ше?
-Торғай нешеу?(санмен белгілеу)
-Тоқылдақ нешеу? (санмен көрсету)
-Қарға нешеу? (санмен көрсету)
-Көкек ше? (санмен көрсету)
-Қай жақтағы ағашта құстар көп?
-Қай жақтағы ағашта құстар аз?
-Қай жақтағы ағаш аласа?
-Қай жақтағы ағаш биік?
-Тамаша! Ал,балалар, кім құстар туралы тақпақ біледі?
-Адамдар құстарға қандай қамқор жасай алады?
-Балалар, осы құстардың ішінен «орман емшісі» қандай құс болып саналады?
-Тоқылдақ ағаштарды нелерден құтқарады?
-Ал сендер қандай жәндіктерді білесіңдер?
-Жарайсыңдар! Олай болса, қазір біз сендермен «Сиқырлы дорба» ойнын ойнаймыз.
«Сиқырлы дорба» ойыны.
Мақсаты: балалардың сөздік қорларын дамыту.
Барысы: балалар кезек-мезек дорбаның ішінен бір –бір жәндіктен алып, оны сипаттайды. Қалған балалар қандай жәндік екенін табу керек.
Сергіту сәті: «Өрмекші»???
-Балалар, қарандаршы бұл не?
-Нелердің іздері?
-Дұрыс айтасыңдар, жабайы аңдардың іздері. Олай болса, қазір мен олар туралы жұмбақ жасырамын, сосын біз білеміз қандай жануарлардың ізі екен.
Балаларға жабайы аңдар туралы жұмбақ жасыру:
1.Айлакер бір қу,
Жүрген жері айқай шу.
2.Ит сияқты пішіні,
Төрт түліктің жауы.
3.Қыста ақ, жазда сұры,
Өзі қорқақ.
4. Ағаштан ағашқа секіреді,
Жаңғақты жақсы көреді.
-Ал неге олар жабайы аңдар деп аталады?
-Балалар, жануарлар бізге бір тапсырма дайындап қойыпты екен. Орындаймыз ба оны?
Логикалық тапсырмаларды орындау:
1)1 қоянда 1 құйрық,2құлағы,2 қолы, 2 аяғы бар. Ал 3 қоянда барлығы неше құйрық, неше құлағы, неше қолы, неше аяғы бар?
2)Бір алма ағашында 7 алмұрт, ал екінші алма ағашында 3 алмұрт өсіп тұр. Екі алма ағашында барлығы неше алма өсіп тұр?
3)Орманда 3 қонжық ойнап жүрді, оған 5 қонжық қосылды, кішкене дегесін 4 қонжық үйіне кетіп қалды. Барлығы неше қонжық қалды?
4)«Буынұйқас жаттығуы»:
ЯН –ЯН- ЯН- ұзын құлақ қоян.
Ю- Ю- Ю -аңқау аю.
ҚЫР- ҚЫР- ҚЫР- көкжал қасқыр.
КІ –КІ- КІ- қу түлкі.
ТАН- ТАН- ТАН- бұл мықты арыстан.
5)Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң –қорын тек,
Барша тірлік қурайды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл су. Шынымен де сусыз өмір жоқ. Су- өмірдің нәрі. Су- табиғаттың байлығы.
Балалардың назарларына ластаған өзең жағасын көрсету.
-Балалар, қарандаршы бұл суретте не көріп отырсыңдар?
-Олар дұрыс істеді ме?
-Ал кім маған айтады, суды ,яғни өзеңдерді ластауға болады ма?
-Неге?
-Олай болса, қазір біз сендермен сол ластаған суды тазартамыз.
Сумен тәжірибе.
Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Суды мақталық диск арқылы тазарту.
-Балалар, кім су туралы мақал-мәтел біледі?
Су туралы мақал-мәтел:
1.Су-тіршіліктің көзі.
2. Судың да сұрауы бар.
3. Сусыз өмір жоқ.
4. Су бар жерде ырыс бар: ұстап алып балық жейсің, ақ бидай егіп, наның жейсің.
-Балалар, біз айттық - сусыз өмір жоқ, ал күннің көзі бізге не береді?
-Ал ауа не үшін қажет?
-Ал ауа таза болу үшін не істеу керек?
-Тамаша, жарайсыңдар! Балалар, біздің балабақшаға оралатын кезіміз де келіп қалды.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін біз сендермен қайда саяхат жасадық?
-Сендерге ұнады ма?
-Ал табиғатымыз гүлдену үшін не істеу керек?
-Олай болса, балалар,қазір сендер табиғатқа арнап, өздерінің тілектерін білдіруге болады (шығармашылық жұмыс)
-Балалар, енді бүгіннен бастап сендер Табиғат-Анамыздың «Жас табиғат қорғаушысы» деп саналасыңдар және осындай белгілермен марапатталасыңдар.