Мотивациялық - қозғаушы | Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті. Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей,бәріміз. Сәлем дейік,үлкенге Сәлеметсіңдер ме апайлар! | Тәрбиеленушілер іс-әрекетпен тәрбиеші жетекшілігімен шаттық шеңберін құрады. |
Ұйымдастырушы - ізденуші | Топқа мысық келеді, ол қарны ашқанын айтады. -Балалар мысықтың қарны ашыпты, мысыққа көмек береміз ба? -Мен сендерге нан және томпақ нан жасауды үйретем, оны аспазымыз пісірген соң, досымыз мысықпен бөлісіп жейміз ба? Содан соң балаларды аспаздық орталығына ертіп апарады: Онда әр балағабір түйір қамыр әзірленген содан таба нан мен томпақ нанды жасауды тәрбиеші тәрбиеші балаларға көрсетіп үйретеді. Балалар жұмысын аяқтаған соң тәрбиеші оны аспазға пісіріп әкелу үшін береді. Балаларды ашық алаңға шығарып, мысыққа қандай нан жасағандарын суретке қарап айтуын ұйымдастырады. Нанның дәмі қандай екенін әңгімелетеді. Сол сәтте аспаз пісірген нандарды әкеледі, балалар одан дәм татады, мысыққа да береді. Орысшасы: Нан –хлеб Ал, енді, балалар ортаға келіп, мысықты ойнап, жаттығу жасайық Шеңбер бойлап тұрғызады, денені жан-жақты дамытушы жаттығуларды жасатады. Тізбекпен, тізені жоғары, жоғары көтеріп, шеңбер бойлап, сылдырмақтарды сылдырлатып жүру, арқан байлап жүру, ирек жолмен жүру әдістерін қайталатады. | Балалар мысыққа қарайды, оның өтінішіне көмек береміз деп келіседі. Тәрбиешінің көрсеткен үлгісімен нандарды жасайды. Қолдарына берген нан жайлы карточкалы суреттерді тамашалап мысыққа көрсетіп әңгімелейді. Ашық алаңда мысықпен бірге жаттығуларды орындайды. |
Рефлексивті – түзетушілік | Балалардың мысыққа қамқорлық жасау және онымен ойнау ұнады ма деп сұрақ қою арқылы немен айналысқандарын айтқызады. Жауаптарын, іс-әрекеттерін бағалап, мақтайды. | Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарына бұлжытпай жауап береді. |