kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбиешіге арналған режимдік процесстер жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар т. б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиешіге арналған режимдік процесстер жинағы»

Астана қаласы Гуманитарлық колледжі

РЕЖИМДІК ПРОЦЕСТЕР

ЖИНАҒЫ

  • Таңғы жаттығулар

1
1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет)
2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту
(3 - 4 рет)
3. «Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір».
4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.
6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып
шығару (3 - 4 рет).
№ 2
1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет).
2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет).
3. «Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық».
4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет).
5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру.
6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет).
7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру.
8. Саппен жүріп өту.
«Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!»
№3
1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.
2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет).
3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз.
4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).
5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет).
6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз.
7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).


4
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру).
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру.
5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет)
6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет)
7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз.
8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет)
9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру.
10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.
№ 5
1. Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Шеңбер жасап тұру.
3. Тік тұрып, қолды алға жоғары, жаңға созу, төмен түсіру. (3 - 4 рет)
4. Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында тұрып жайлап айналу, қону.(3 - 4 рет)
5. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау.
6. Балапандар жем шұқыды, саусақтарымен еденді соғу. (3 - 4 рет)
7. Дем алып, дем шығарып, жәй жүріспен кету.
№ 6
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру.
2. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау, құсша ұшу.
3. Шеңбер құрып тұру, тәрбиешінің көмегімен.
4. Басымен оңға, солға иілу.
5. Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру.
6. Бүйірді таянып, оңға, солға иілу.
7. Психогимнастикалар.
№ 7
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер.» - бір бағытта топтасып жүру.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру.
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Қалыпты жағдай – тік тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды артымызда ұстап.
Тәрбиеші: «Біздің қолымыз қайда?», балалар қолды алға қарай созады «Міне біздің қолымыз!»
5. Қалыпты жағдай - аяқты алшақ, қолды белге. «Тик - так» - сағаттың тіліндей оңға, солға иілу.
6. Қалыпты жағдай – аяқты алшақ қою, қол төменде, екі қолды жоғары көтеру «Күнге қол созамыз».
7. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру.
8. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.
№ 8
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Б. қ. – аяқты алшақ қойып, қолды төменде,
1 - қолды алға созамыз.
2 - қолды жоғары көтереміз.
3 - бірінші қалыпқа келеміз. (3 - 4 рет)
3. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды белге қойып,
«Сағаттың тілі»
1 - оңға иілеміз
2 - солға иілеміз
Бірнеше рет қайталаймыз.(5 - 6 рет)
4. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға, солға иілу. (4 - 5 рет)
5. «Қарлығаш» болып ұшамыз
6. «Қоян» сияқты секіреміз.
7. Жай жүру, дем алу.
№ 9
Психогимнастика.
Мақсаты: Балалардың психо - эмоционалдық көңіл – күйлерін тудыру жаттығуды пайдалана.
1. «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз».
2. «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз.
«Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз.
3. «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз,
«Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз.
4. «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз.
«Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз.
5. «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау.
«Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз.
№ 10
1. «Сықырғыш» - Бiрiнен сон бiрі сапқа тұрып бағытты өзгертiп жүру. «Шапалақ» - Бытырап жүгiру.
2. Сапта аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.
З. Тұзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды артқа - алға тербеп, жан - жақтан көтеру, оған қарап, ақырындап орнына түсiру. (6 - 7 рет қайталау)
4. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Оңға бұрылып, қолды артқа созу, оған қарап, бұрынғы қалыпқа қайта келу. Соны сол қолмен қайталау.
(2 - З рет қайталау)
5. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолды алдыға созып, шынтақты бүгеді,
«насос» ұстағандай түру. Машинаның дөңгелегiн ауаға толтырғандай алға, төменге еңкею, өз қалпына келу.(5 - б рет қайталау)
6. Аркаға жатып, дене бойымен қолды созу. Аяқты кеудеге тартып, тiзеден қолмен шапалақтау, өз қалпына қайта келу.(5 - б рет қайталау )
7. Түзу тұрып, қолды белге қою. Бiр орында тұрып, секіру. (4 - 5 рет қайталау)
8. Сапта тұрып бiрiнен соң бағытты өзгертiп жүру.





  • Шаттық шеңберлері

№ 1

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

№ 2

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз.

№ 3

Сәлеметсіз бе, апай?

Сәлеметсіз бе, ағай?

Есенсіз бе, әжей?

Амансыз ба, атай?

№ 4

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық.

№ 5

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз

№ 6

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін.

№ 7

Баршаға сыйла махаббат,

Қуансын бар адамзат.

Сан есеге көбейіп махаббатың,

Тиеді саған шапағат.

№ 8

Қайырлы таң, Аспан Ата!

Қайырлы таң, Жер Ана!

Амансыз ба?

Есенсіз бе?

№ 9

Достық іс пен қасты да,

Жеңеріме сенемін.

Ақыл, сана, біліммен,

Өнеріме сенемін.

№ 10

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

































  • Сергіту сәттері

1

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

2

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

3

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

4

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

5

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

6

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

7

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

8

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

9

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

10

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)







  • Ұйқыдан ояну жаттығулары

1

Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет)

Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз ( 3- 4 рет)

Өзімізді уқалау. Күзде күн суыды , молдас құрып отырып алақанымызды уқалап жылытамыз, жылы алақанымызбен бетімізді жуамыз ( 3-4рет)

2

Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Арнай жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.

Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып башпайларымызды бүгу, босату 4-5 р

Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып өзімізге қарай тарту (4-5 рет)

Орындыққа отырып екі аяғымызды жерге қойып башпайымызды жоғары көтеру, өкшеміз еденде ( 4-5 рет)

3

Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар. ( 2 минут)

Кел балалар тұрайық,

Қолымызды жоғары созайық.

Еңкейеміз еденге, арқамызды тік ұстап,

Бір демалып алайық.

Салқын сумен қолымызды бетімізді жуамыз

4

Демалу жаттығулары

5

Жіпке байланған көбелектерді үрлеу ( 4-5 рет)

6

Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол аяғымызды ауыстырып қайталаймыз( 3- 4 рет)

Ішімізде жатып басымызды аяғымызды жоғары көтеру ( 2- 4 рет)

7

Белсенді нүктелерге массаж жасау. Тымау ауруларын алдын алу.

«Ауырма» (Нүктелі массаж)
- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейік
Алақанды маңдайға,
Саусақтарды айырлап,
Құлақтарды уқала сондайда.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Ия, ия, ия.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Қорықпаймыз, ауырмаймыз.
Массажды балалар өз бетімен орындайды.

8

Майтабанның алдын алу. ( 2 минут)

Анайы жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру.

9

Қайырлы күн, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)

Қайырлы күн, құлақтарым!(құлақтарын сипау)

Қайырлы күн, беттеріміз! (беттерін сипау)

Қайырлы күн, қолдарымыз! (қолдарын сипау)

Қайырлы күн, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)

10

«Денсаулық» жолымен жүру. 
Әдемі ирек жолдармен, 
Жалаң аяқ жүреміз. 
Табаңға біз нүктелі, 
Массаж жасау білеміз.







  • Санамақтар

1

Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Бас бармағым байлығым.
Оаным кең айдыным.
Балаң үйрек бесігім.
Отбасым, кең есігім.
Ортан терек ошағым.
Таусылмасын денсаулық.
Шылдыр шүмек шуақты.
Айналама кең шашты.
Кішкен бөбек секілді.
Ағайыны әр ұлттың.

2

Бір аю келіп өкіріп.
Екі қоян секіріпір.
Үш ит келді үргілеп
Төрт қасқырға секіріп
Бес қозы қашып құтылып
Қасқыр қалды тұтылып

3

Бір дегенім бесігім.
Тербеткен ана бесігін.
Екі дегенім елім бұл.
Елбасындай сенімді ұл.
Үш дегенімм ұлтым.
Сақтаған әдет-ғұрпын.
Төрт дегенім көк туым.
Қалықтай бер көкте нұр.
Бес дегенім берекем.
Таусылмасын мерекем.

4

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау – ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

5

Қуыр- қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

6

Сен тұр – қойына бар!

Сен тұр –қозыңа бар!

Сен тұр –жылқыңа бар!

Сен тұр –сиырыңа бар!

Сен тұр –түйеңе бар !

...Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап,

Үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар ...

Мына жерде қатық бар ...

Мына жерде қытық бар...

Қытық , қытық!

7

Нешеуміз

Бір үйде нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - әкем,

Балалы үйрек – анам,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкене бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бемеуміз.

8

Жеті ұл

Сәл демалып, тыным ал.

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Жұма деген – Бесінші ұл,

Алтыншы ұл – Сенбі

Жетіншісі – Жексенбі.

9

Бір дегенім – баспақ

Бұзауды жүр бастап.

Екі дегенім ешкі

Ешкі қойдан есті.

Үш дегенім – үйрек

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім – тайлақ

Тайлақты қой байлап.

Бес дегенім – бие

Құлынына ие

Алты дегенім – атан

Мініп жүрген атан

Жеті дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

Сегіз дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір.

Тоғыз дегенім – тоқты

Тоқты жемді соқты.

Он дегенім осы

Төрт түліктің досы.


10

Бір дегенім - бірлік,

Бірліксіз болмас тірлік.

Екі дегенім - жаман,

Елім болсын аман!

Үш дегенім - білім

Ойға тоқы күнім.

Төрт дегенім - халық

Ауға түссін балық.

Бес дегенім - қол

Қолмен ұрды ол.

Алты дегенім - сәкі

Сәкіде тұр бәкі.

Жеті дегенім - өгіз

Өгізден туды егіз.

Сегіз дегенім - шай

Шайдай көрінді ай.

Тоғыз дегенім - үй

Үйде шырқалды күй.

Он дегенім - төсек

Ешкімге айтпа, өсек.



  • Жаңылтпаштар

1

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ, олақпын ба,

Оя алмадым оюларды?

2

Асан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан.


Басқарақ асқабақ әкелді.

3

Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

4

доп теп

дөптеп

5

сұр інген сүрінген бе

сүрінген сұр інген бе

6

бұлаң бұлаң еткен бұл аң

бұлаң десем екен қылаң

7

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

8

Тоқпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатка тақпақ

Жатта тақ-тақ

9

Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

10

Кермеде тұр қырық

кір қыстырғыш,

Қырық кір қыстырғышқа

Қырық қыз келіп,

кір қыстырды.












  • Мақал- мәтелдер

1

Әзілің жарасса;

Атаңмен ойна.

2

Ауру қалса да,

Әдет қалмайды.

3

Балаға байқап сөйлесең,

Ақылыңа көнер,

Байқамай шайқап сөйлесең,

Көрсетер бір «өнер».

4

Өлімнен ұят күшті.

5

Алдыңғы көш қайдан жүрсе,

Соңғы көш сонан жүрер.

6

Жолдастының жолы кең.

7

Ынтымақты үйдің бағы бар,

ынтымақ кетті, бақ кетті.

8

Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.

9

Жолдасың жаман болса,

Алыс жүріп түн қатпа.

Қатының жаман болса,

Кісі алдында тіл қатпа.

10

Жолдасы көптің – олжасы көп.











  • Ережелі ойындар

Дидактикалық ойындар:

1.«Кем және артық»

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.

Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.

Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.

Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:

а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;

б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;

в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.

Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.

2.«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

3.«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.

4.«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі

бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау

қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары:

үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны:

қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке

есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

5.«Зейінді бол»

Мақсаты:

Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете

білу.

Көрнекілік: Геометриялық

пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.

Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш

таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.




  • Қимылды ойындар:

1.«Боран»

Бұл үлкен кең залда болады. Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс).

Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін, Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек. Боран соғып балаларды бір айналып өтеді. Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді. Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады.

К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде.

2. «Ұйқыдағы аю»

Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.

Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі. Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.

К\Құраладар:Аю бетпердесі.

3.«Алақан соқпақ»

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгілейді. Оған сүлгі (орамал)беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды. Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды. Акты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады. Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.

4.«Санамақ»

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.

5.«Орын тап.»

Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.





  • Шығармашылық ойындар

Сюжеттік-рольдік ойындар:

1.«Отбасы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, отбасы мүшелерін білу, олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін кеңейту.

Керекті құралдар: Қуыршақтар, түрлі киімдер, ойыншықтар, заттар, жиһаздар, электр құралдары т.с.с

2.«Шаштараз»

Мақсаты: Шаштараз мамандығы жайлы білімдерін кеңейту, Әйелдер залы, ерлер залы. Олардың айырмашылығын білу. Шшатарды қию, сәндеу.

Керекті құралдар: Тарақтар, шаш кептіргіш, қайшылар, алжапқыш, қысқыштар т.с.с.

3.«Тігінші. Ателье»

Мақсаты: Балаларды ателье қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру, мамандықтардың түрлері туралы білімдерін молайту, жан-жақты дамыту. Маталар түрлерін біліп, оларды дұрыс таңдауға үйрету.

Керекті құралдар: маталар қиындылары, ине, жіптер, өлшеуіш, түймелер, тігін машинасы, қуыршақтар, қайшылар, киімдер.

4.«Аспазшы»

Мақсаты: Аспаз мамандығы жайлы білім беру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қызықтыру.

Керекті құралдар: Ыдыстар, алжапқыш, басқа киетін қалпақ, пышақтар, тақтайшалар, азық-түліктер.

5.«Сатушы»

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің көмегімен сатущы қызметі туралы сюжеттік ойынға қатыстыру, қызықтыру, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге , сыпайы, әрі тиянақты болуға тәрбиелеу. Ақшаны дұрыс санауға үйрету.

Керекті құралдар: Алжапқыш, қалпақ, өлшеуіш, ақша, касса, сатуға арналған ұннан жасалған өнімдер.


2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тәрбиешіге арналған режимдік процесстер жинағы

Автор: Сатенова Анара

Дата: 17.04.2018

Номер свидетельства: 466555


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства