Б ілім беру аймағы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту.
Мақсаты: Балаларға Отан, тәуелсіз Қазақстанымыз туралы жалпы мағлұмат беру. Отанымызды, туған жерімізді сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау, қортындылау.
Көрнекілік құралдар: Рәміздер бейнеленген слайттар.
Тәрбиеші, балалармен амандасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіріп, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
(Балалар әнұран орындайды)
Тосын сәт:
Ата :- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ел, жер аралап жүрген адаммын. Міне, сіздің елге де келіп қалдым.
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
- Қазақстан.
- Қазақстан қандай мемелекет?
- Тәуелсіз.
- Қазақстан Республикасның елбасы кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев.
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Астана.
- Ал, сендер тұратын қала қалай аталады?
- Петропавл.
- Тәуелсіз мемелекет болғандықтан оның рәміздері де бар шығар?
- Иә, ту,елтаңба,әнұран.
Тәрбиеші, дұрыс айтасыңдар, балалар, еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз, мағыналы ән-ұранымыз, айбыңды елтаңбамыз.
Ендеше, ата балалардың қасына отырып, еліміз туралы тыңдаңыз. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Туды аламыз
Көкке қолды созамыз
Туымыз желбіреп,
Қолымызды соғамыз
Туымызды қоямыз
Отырамыз, тұрамыз
Отырамыз, тұрамыз
Орнымызға отырып,
Сабаққа көңіл бұрамыз
(Рәміздерге тоқталу)
(Балалар рәміздер жайлы әңгімелеп береді).
Ата, біздің балалар, Қазақстан, отан туралы тақпақтарын айтып берсін ал сіз тыңдаңыз.
Арайлым: Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол , жас қаланы.
Отанның шетң де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Алибек: Туған жер – алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз.
Бақытты ұлы Отан.
Ата: Жарайсыңдар, өз туған жерін, елін сүйетіндерін көрініп тұр.
Отан туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер, өте тамаша! Келгенім жақсы болды, баршаңызды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сауболыңдар!
Балалар, бүгінгі Қазақстан тәуелсіздік күніне арналған сабағымыз аяқтамас бұрын Қазақстанға қандай тілектерін айтар едіңдер?
Отанымыз тыныш болсын!
Астана әдемі болсын!
Бейбітшілік болсын!
Рахмет, тілектерін қабыл болсын!
«Снежинка» бөбекжай – бақшасы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты ашық сабақ үлгісі.
Дайындаған: қазақ тобының тәрбиешісі: И.О.Ысқақова
Петропавл қ 2014 жыл