Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік к?ні» »
Оқу – іс әрекет түрі: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік күні»
Сабақтың мақсаты: Балаларды 1991 жылы 16 желтоқсанда-Қазақстан республикасының тарихына жазылған естен кетпес күн екенін түсіндіру.Желтоқсан оқиғасын әңгімелеу. Көрнекілік:Н.Ә.Назарбаевтің және батыр аға-апалардың суреттері. Тәрбие жұмысының барысы: балалардың сезімін ояту.
Сәлем саған Жер-ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.
Сабақтың барысы: Балалар біз қандай елде өмір сүріп,жасап жатырмыз? Қандай ірі қалаларды білесіңдер?
Бізбің қаламыздың аты қалай аталады?
Біздің президентіміз кім?
Балалардың жауаптары: -Қазақстанда өмір сүреміз.
-Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Жамбыл т/б.
-Біздің қаламыздың аты Ақтау деп аталады.
-Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осы кереметтей жеріміз үшін аталарымызбен ағаларымыз, апаларымыз өздерін құбан етіп күресіп өткен екен.
Тәуелсіздік үшін-күрес
Қазақ халқы үшін 1456 жылы басталды.Осы жылы қазақ мемлекеті құрылған. -1916 жылы ұлт азаттық қозғалыс болды.
-1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болды.
-1991жылы 16желтоқсанда-Қазақстан Республикасының егемендік алған күні болып есептеледі.
-1992 жылдың 4-маусымында Тәуелсіздік еліміздің көк байрағы мен Елтаңбасы жарияланған күні.
Желтоқсан оқиғасындағы басты, еліміз үшін күрескен азаматтар: Ләззат Асанова, Сәбира, Қайрат, Ербол атты т/б жастар болды. Сергіту сәті:
Көтерілер шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Өлең оқу:
-Тәуелсіздік бізге-оңай келмеді,
Жұртым менің-не қиындық көрмеді.
Жылап тұрып-Аналарын бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
(Өлеңнің мазмұнын түсіндіру)
Балалардың тақпақтарын айтқызу.
Тәуелсіздік жолында Отан үшін от кешкен Талай-талай тер тамған... Өліммен де беттсекен Билігім өз қолымда, Омырауын оқ тескен Еркіндігім-Елтаңбам. Менің атым майдангер
Қорытынды: Сұрақтарға дұрыс жауап бере білген балаларды мақтап-марапаттау.