kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбиешілерге арнал?ан саба? жоспары "?й жануарлары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаба?ша?а арнал?ан саба? жоспары та?ырыбы "?й жануарлары".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбиешілерге арнал?ан саба? жоспары "?й жануарлары"»









































































«Үй жануарлары»

Сабақтың мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері.

Көрнекілік: үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі,жылқы, ит, мысық суреттері.

Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:                  Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңіл күйлерін көтеріп, Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарыннан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу.

Егер саған ұнаса былай жаса «му-му-му»

Егер саған ұнаса былай жаса «му-му-му»

Егер саған ұнаса басқаларға сен көрсет

Егер саған ұнаса былай жаса «му-му-му»

Негізгі бөлім:

Балалар  адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз?

-         Үй

Үй қандай бөліктерден тұрады?

-         Төбесі, есік, терезе , үйдың қабырғасыннан тұрады.

Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-         Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды.

Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық

-         1, 2, 3, 4, 5, 6

Балалар мен сендерге әр терезеде үй жануарлары жасырылған дыбыс бойынша табыңыздар.

 

Дыбысын тапқан жануарлар суреті тақтаға ілеміз. Үй жануарларының пайдасы адамдарға өте көп

Қой: Төрт түлік малдың бірі оның атасы – Шопан ата. Қой аша тұяқты, сүт қоректі жануар. Жылына бір рет төл береді. Шөппен  қоректенеді. Момын адамдарға ет, сүт, жүн береді .

                  

Сиыр:Үй жануарларының ішіндегі ірі аша тұяқты жануар. Атасы- зеңгі баба

Сиыр сүт  қоректі жануар, шөппен қоректенеді, жылына бір рет төл береді.адамдарға ет, сүт  береді сиыр сүтіннен: Айран, сүт, ірімшік, кұрт, май, қатық жасайды.

                  

Түйе: Үй жануарларының ішіндегі ең ірісі сүт қоректі жануар. Атасы- Ойсыл қара. Түйе шөппен қоректенеді, екі жылда бір рет төл береді. Адамдарға жүн, ет, сүт береді. Сүтіннен : ең пайдалы дәрілік қуаты бар шұбат жасайды. Ерте кезде адамда көшіп, қону үшін көлік ретінде пайдаланған.

Жылқы: Үй жануарларының ішіндегі тостаған тұяқты , ірі сүт қоректі жануар, шөппен қоректенеді. Атасы- Қамбар ата. Жылқы жылына бір рет төл береді. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтіннен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз  жасайды          

Балалар сендер маған үй жануарларының аталары туралы тақпақты айтып беріңдерші.

Жылқы атасы- Қамбар ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба.

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкінің иесі- Сексек ата.

Жарайсыңдар балалар кәне кім үй жануарлары туралы мақал жаттап айтып берелік.

Мал өсірсең қой өсір,

Пайдас оның көл- көсір.

 

Дидактикалық ойын: «үй жануарларының төлін тап» ойыны

Мақсаты: Үй жануарларының төлдерін табуға үйрету. Үй жануарларының қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

Барысы: партада үй жануарларының суреті жатады, балалар әр үй жануарларының төлін тауып жаныны апарып жабыстырады.

Сергіту сәті:

Видеомен  

Қорытынды: Балаларға  салған суреттерінің қандай үй жануары екенін айтқызып,  үй жануарлары немен қоректенетінін сұрап, мақтау- мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау.



























 


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Т?рбиешілерге арнал?ан саба? жоспары "?й жануарлары"

Автор: Аубакирова Кенжегул

Дата: 15.05.2016

Номер свидетельства: 326820


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства