Су тіршілік к?зі та?ырыбында балаба?ша б?лдіршіндеріне арнал?ан ашы? т?рбие са?аты. Ма?саты балалар?а суды? ?асиеті мен пайдасын айтып, т?жірибе негізінде білімдерін ке?ейту.
Тәрбиеші: - Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс-ақ
Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
Біздің қмір сүруіміз үшін не қажет?
Ауа. Дұрыс. Сосын су керек. Ауа мен су болмаса, біз тіршілік ете алмаймыз. Судың пайдасы туралы айту.
Қызықты сәт: - Балалар бұл не дыбыс? (жаңбырдың дыбысы)
Мұқият тыңдаңдаршы. Дұрыс-ақ.
Бұл тамшылап жауып тұрған жаңбырдың дыбысы. Әлі де қояр емес. Жаңбыр қатты жауып тұр. Клара апайға телефон соғайын, жаңбырдың астына шелек қойсын. Ал, біз көңіл-күйімізді көтеріп ән айтайық.
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Жаңбырда басылды. Жаңбырдан соң не болады?
Балалардың жауабы. Өте жақсы. Демек, тамшыдан су жиналады.Қызықты сәт: Кірқожалақ келеді. Үсті-басы кір.
Кірқожалақ: Мен далада ойнап жүр едім, жаңбыр жауып кетті. Жүгіріп келе
жатып құлап қалдым. Үстім лас, балшық. Үйге қалай барамын?
Анашым маған ұрысады.
Тәрбиеші: Әрине, ұрысады. Алдымен үстіңді тазалау керек . Ол үшін не
істеу керек? Балалардың жауабы. Балалар Кірқожалаққа су құйып,
оны жуындырады. Кірқожалақ тап-таза болады. Айнаға қарап
мәз болады.
Сергіту сәті: Сылдырайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу,
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы
Су дегенің – осы.
1-тәжірибе: Су тазалық үшін қажет екен. Қазір мына екі табаққа мен су