Мотивациялық-қозғаушылық | -Балалар, адам, өсімдік, жануарлар тіршілік ету үшін не керек? -Біз бүгін судың тіршілік үшін қандай маңызы бар екенін білетін боламыз. Глобусты көрсету. -Глобусты суды қандай түспен белгілейді? -Глобуста қандай түс көп? Осы арқылы не айтуға болады? | -Тіршілік үшін ең алдымен су, жарық, ауа керек. -Глобуста су көк түспен белгіленеді. -Глобуста көк түс көп. Бұл табиғатта құрлыққа қарағанда судың көп екенін көрсетеді. |
| «Су кімдерге немесе нелерге қажет?» дидактикалық ойын ұйымдастыру. «Жылға және көл» сергіту жаттығуы. Билингвальды компонент. жылға – ручей, көл – озеро, тұщы – пресный, мөлдір – прозрачный, еріткіш – растворитель -Өзен-көлдің, теңіздің суын адамдар қалай пайдаланады? (Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады). -Адамдар ежелден-ақ су қоймалары бар жерге қоныстаған. Сендер тұратын жерде қандай өзен, көлдер бар? -Ал су туралы қандай мақалдар, өлеңдер білесіңдер? -Жер бетіндегі су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұшы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз? -Судың қасиеттерін еске түсірейік. №1 тәжірибе. «Бу – бұл су». Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады. Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады. №2 тәжірибе. «Су – сұйық». Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құяды. Су қандай? №3 тәжірибе. Мөлдір ыдыстағы суға 2-3 түйір тасты салады. Тас көріне ме? №4 тәжірибе. Суды иіскеп көріңдер. Иісі бар ма? №5. Суды ішіп көріңдер. Дәмі бар ма? №6. Суға қант салып көрейік.Қант қайда? №7. Қатты суықта су неге айналады? Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. | Үстел үстінде әртүрлі заттардлың суреттері бейнеленген карточкалардың ішінен суды қажет ететін заттардың суретін таңдап алады. Балалар «жылға» дегенде топ ішінде тарап кетеді, «көл» дегенде қол ұстасып шеңбер құрады. -Суда ыстық күндері шомылады, кемелер жүзеді, балық аулайды, тұщы суды адам тамақө пайдалануға пайдаланады, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды т.б. Балалар өздері тұратын жерде қандай өзен-көлдер, су қоймалары бар екенін айтады. Балалар өздері білетін мақал өлеңдерін айтады. -Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз. Су мөлдір Судың дәмі жоқ Судың иісі жоқ. Судың пішіні жоқ. Су – еріткіш. Балалар педагог көрсеткен әйнектегі су тамшыларын ұстап көреді.будың су екеніне көздері жетеді. -Су сұйық, сондықтан ағады. -Су – мөлдір. -Судың иісі жоқ. -Судың дәмі жоқ. -Су – еріткіш. -Су мұз болып қатады. Тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | -Балалар, суды не үшін қорғауымыз керек? Жер бетінен су жоғалып кетсе, не болар еді? Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз? | Су – тіршілік көзі. Біріншіден, суды үнемі қолдану керек. Кранды дұрыстап жабу керек. Суды ластауға болмайды. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды. |