Ұйымдастыру шылық ізденіс | Қолөнермен және омыртқа, жіліншік, қайнар, қошқар мүйіз, тарақ, балта, гүл өрнектерін көрсетіп таныстыру: Бұл өрнектер неге ұқсайды? Педагог балаларға алдарына қойылған тұрмыстық заттарды көрсетіп , олардың атын, неден жасалынғанын анықтап әңгімелеседі. Қолөнер – бай өнер. Қазақ халқының қолөнері – халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Қолөнер түрлері өте көп. Мысалы, кесте тігу, өру, тоқу, ұлттық киімдерді әшекейлеу, киізден жасалатын заттар. Қолөнердің ішінде ең негізгі орын алатыны – ою – өрнек. Ою – өрнексіз бір бұйым жасалмайды. Ою – өрнекті көбінесе киіз үйдің ішкі жасауларынан көруге болады. Сергіту сәті: Ең көп тараған «қошқар мүйіз» өрнегі, бұл оюмен көбінесе киізден, былғарыдан жасалған бұйымдар әшекейленеді, «жіліншік», «тарақ», «балта» өрнектерімен – алаша, басқұр, кесеқап, «гүл» өрнегімен – үй жасаулары: сүлгі, түскиіз, қоржын, қайнар өрнегі салқын түсті бояулармен боялып, бұйым жиектері әшекейленген. Педагог балаларға әліппе – дәптерінде көрсетілген өрнектерді өз қалауларымен үлгі бойынша ақ параққа салып, сәйкес түске бояуды ұсынады. | Қолөнермен және омыртқа, жіліншік, қайнар, қошқар мүйіз, тарақ, балта, гүл өрнектерімен танысады. Құстардың қанатына, гүлге, малдың мүйізіне ұқсайды. Әрбір ою – өрнекте халықтың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және сұлулық туралы түсінді «Қамажай» (инт.тақтамен) «қошқар мүйіз», «жіліншік», «тарақ», «балта», «гүл» өрнектерін салқын түсті бояулармен бояйды. |