Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы/Тема: «Менің үйім» «Бірлік күні»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. Басқа ұлт өкілдерімен тату, достық қарым-қатынаста болуға дағдыларындыру.
3.Оқыту – обучающая: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Дайын үйдің сыртқы пішінін штрихтармен безендіруге үйрету. Балаларға қарындашпен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, үлкен үйдің макеті, түрлі-түсті геометриялық пішіндер, бала саны бойынша дайын үйдің пішіні салынған қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ұлт-нация, достық-дружба, ынтымақ-единство, менің үйім – мой дом, үлкен үй – большой дом.
Жиналайық, келіңіз! (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Балалар, 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.
Просмотр содержимого документа
«Сурет салу "Өз үйім" далаппен (ашық оқу қызметі)»
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы/Тема: «Менің үйім» «Бірлік күні»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту. Басқа ұлт өкілдерімен тату, достық қарым-қатынаста болуға дағдыларындыру.
3.Оқыту – обучающая: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Дайын үйдің сыртқы пішінін штрихтармен безендіруге үйрету. Балаларға қарындашпен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, үлкен үйдің макеті, түрлі-түсті геометриялық пішіндер, бала саны бойынша дайын үйдің пішіні салынған қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: ұлт-нация, достық-дружба, ынтымақ-единство, менің үйім – мой дом, үлкен үй – большой дом.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сәт: Балалар , қараңдаршы бүгін бізде ерекше күн,өйткені бүгін бірлік күні.Қане бәріміз шеңберге тұрайық.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Тату болсын еліміз,
Бүтін болсын жеріміз.
Бір шаңырақ астына,
Жиналайық, келіңіз! (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Балалар, 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні . Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.